Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 658 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі "Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 54-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
2. Жоспардың орындалуына жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ мүдделі ұйымдар (келісу бойынша):
2) жылына екі рет, 2025 жылғы 10 шілдеден және 2026 жылғы 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат беріп тұрсын.
3. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі 2025 жылғы 30 шілдеден және 2026 жылғы 15 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың іске асырылу қорытындылары бойынша жиынтық ақпарат беріп тұрсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
I. Жұмысшы мамандықтарының жылын дайындау мен ұйымдастырудың 10 қадамы
|
---|
1.
|
1-қадам. "Жұмысшы мамандықтарының жылын жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын іске асыру
Концепт: 2025 жылдың "Жұмысшы мамандықтарының жылы" деп жариялануы
|
Іс-шаралар жоспарын іске асыру
|
2025 жылдың ішінде
|
ОМ, Еңбекмині,
ҰЭМ,
Қаржымині
|
талап етілмейді
|
2.
|
2-қадам. Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі комиссияны құру
Концепт: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, Комиссияның құрамы мен өкілеттіктері айқындалады
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі
|
2025 жылғы
қаңтар
|
ОМ, Еңбекмині,
ҰЭМ, Қаржымині
|
талап етілмейді
|
3.
|
3-қадам. Жұмысшы мамандықтары жылының логотипі мен брендбугін бекіту, слогандарын әзірлеу
Концепт: Комиссия бекіткен Жұмысшы мамандықтары жылының логотипі мен брендбугі Жұмысшы мамандықтарының жылы шеңберінде өткізілетін барлық іс-шараларда қолданылатын болады. Жарқын әрі шабыттандыратын слогандар жасау жұмысшы мамандықтарының беделін арттырады, қоғамның назарын аудартады және жастарды жұмысшы мамандықтарын таңдауға ынталандырады
|
логотип/ брендбук/ слогандар
|
2024
жылғы желтоқсан
|
ОМ, МАМ,
Еңбекмині
|
бюджеттен тыс қаражат есебінен
|
4.
|
4-қадам. Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарындағы іс-шаралар мен акцияларды ақпараттық сүйемелдеу
Концепт: Жұмысшы мамандықтарының жылын жазыпкөрсету жөніндегі коммуникациялық стратегия мен медиа-жоспар жұмысшы мамандықтарының имиджін ілгерілетудің бірыңғай құралына айналады
|
медиа-жоспар
|
тоқсан сайын,
2025 жылы
|
МАМ, ОМ, ҒЖБМ, Еңбекмині,
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
талап етілмейді
|
5.
|
5-қадам. Әлеуметтік желілерде Жұмысшы мамандықтарының жылын ілгерілету бойынша ресми аккаунттар құру
Концепт: Жұмысшы мамандықтары жылының ресми аккаунттарында құжаттар, жоспарлар, оқиғалар күнтізбесі, брендбуктер, сондай-ақ іс-шаралар туралы ақпарат орналастырылады
|
ресми аккаунттар (Telegram, Facebook
TikTok, Instagram)
|
2024 жылғы желтоқсан
|
ОМ, МАМ, Еңбекмині, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
талап етілмейді
|
6.
|
6-қадам. Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізудің өңірлік жоспарларын әзірлеу және бекіту
Концепт: өңірлік жоспарларда жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру, жастарды жұмысшы мамандықтарын таңдауға ынталандыру, кадрлар даярлау сапасын арттыру, жұмыс берушілермен өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі іс-шаралар және жұмысшы мамандықтарын танымал ету жөніндегі имидждік іс-шаралар көзделетін болады
|
өңірлік
жоспарларды бекіту
|
2024 жылғы желтоқсан
|
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
талап етілмейді
|
7.
|
7-қадам. Жұмысшы мамандықтарының дамуы туралы баяндаманы дайындау
Концепт: аталған баяндамада жүргізілген жұмыстардың қорытындылары, проблемалар мен оларды шешу жолдары, жұмысшы мамандықтарын дамытудың алдағы перспективалары көрсетілетін болады
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2026 жылғы наурыз
|
ОМ, Еңбекмині, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
талап етілмейді
|
8.
|
8-қадам. "Адал еңбек – Адал табыс" жұмысшы мамандықтары жылының салтанатты ашылуы
Концепт: Жұмысшы мамандықтары жылының Үкімет Аппараты, орталық мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар, ірі жұмыс берушілер, "Атамекен" ҰКП және кәсіподақтар бірлестіктері өкілдерінің қатысуымен салтанатты ашылуы.
Рәсімнің кең аудитория үшін әлеуметтік желілерде және YouTube платформасында тікелей трансляциясы
|
Жұмысшы мамандықтары жылының салтанатты ашылуы
|
2025 жылғы қаңтар
|
ОМ, Еңбекмині, ҒЖБМ, МАМ, ЦДИАӨМ, ЭТРМ, ТСМ, СРИМ, ТЖМ, ЭМ, КМ, ӨҚМ, ДСМ, АШМ,
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері,
"Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша),
Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы,
республикалық кәсіподақтар бірлестігі (келісу бойынша)
|
көзделген қаражат шеңберінде, бюджеттен тыс қаражат есебінен
|
9.
|
9-қадам. Жұмысшы мамандықтарының өкілдеріне, әртүрлі салада еңбек етіп жүрген адамдарға құрмет көрсете отырып, Жұмысшы мамандықтарының жылы аясында кәсіби мерекелерді өткізу (жеке кесте бойынша)
Концепт: Қазақстан Республикасында кәсіби мерекелерді атап өтудің жаңа форматын іске асыру қоғамда жұмысшы мамандықтарының маңыздылығы туралы орнықты пікір қалыптастырады
|
ОМ-ге ақпарат
|
2025 жылдың ішінде
|
Еңбекмині, ЦДИАӨМ, ЭТРМ, ТСМ, СРИМ, ТЖМ, МАМ, ЭМ, КМ, ӨҚМ, ҒЖБМ, ДСМ, АШМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері,
"Атамекен"
ҰКП (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
10.
|
10-қадам. "Еңбек жолы" республикалық конкурсының жеңімпаздары мен түрлі саладағы мамандарды марапаттай отырып, Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысын шығару
Концепт: "Еңбек жолы" республикалық конкурсы еңбек адамдары туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында өңірлік және республикалық деңгейлерде 3 номинация бойынша өткізіледі:
- "Үздік еңбек әулеті";
- "Үздік тәлімгер";
- "Үздік жас жұмыскер".
"Еңбек жолы" республикалық конкурсының қорытындысы бойынша салтанатты марапаттау рәсімі Жұмысшы мамандықтары жылының қорытындысын шығару шеңберінде өтеді
|
Жұмысшы мамандықтары жылының салтанатты жабылуы
|
2025 жылғы желтоқсан
|
Еңбекмині, ОМ, ҒЖБМ, ЦДИАӨМ, ЭТРМ, ТСМ, СРИМ, ТЖМ, МАМ, ЭМ, КМ, ӨҚМ, ДСМ, АШМ,
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен"
ҰКП (келісу бойынша),
"Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша),
республикалық кәсіподақтар бірлестігі (келісу бойынша), республикалық жұмыс берушілер бірлестігі (келісу бойынша)
|
РБ-де көзделген қаражат шеңберінде
|
II. Кәсіптік бағдар беру жұмысын дамытудың 10 қадамы
|
---|
11.
|
1-қадам. Жұмысшы мамандықтары бойынша қажеттіліктерді ескере отырып, барлық өңірлерде "Жаңа кәсіптер атласы" жобасын әзірлеу және іске асыру
Концепт: Жаңа кәсіптер атласында оқушыларға мамандықтарды дұрыс таңдап алуына, еңбек нарығындағы жаңа талаптар туралы білуге және экономиканың нақты секторларындағы мансап перспективаларын бағалауға мүмкіндік беретін ағымдағы және болашақ жұмысшы мамандықтарының тізбесі айқындалады. Жаңа кәсіптер атласы мектептер мен колледждердегі кәсіптік бағдар берушілер үшін кәсіптік бағдар беру жұмысының құралына айналады
|
жаңа кәсіптер атластары
|
2025 жылдың ішінде
|
ҒЖБМ, Еңбекмині, ОМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП және оның өңірлік палаталары (келісу бойынша)
|
ЖБ қаражаты есебінен
|
12.
|
2-адам. Мектептердегі кәсіптік бағдар беруші институтының рөлін күшейту
Концепт: Мектептердің кәсіптік бағдар беру қызметінің KPI енгізу. Педагог-кәсіптік бағдар берушілердің жаңа функцияларын қалыптастыру, біліктілікті арттыру курстарын өткізу, әдістемелік материалдарды дайындау, кәсіптік бағдарлау жұмысы бойынша диагностикалық құралдар пакетін және ұсынымдарды әзірлеу.
Бейімділік пен қызығушылықты анықтау мақсатында оқушыларға диагностика жүргізу, оларды жүйелі түрде тестілеу. KPI арқылы есептілік және жұмыс нәтижелерін талдау жүйесін белгілеу.
Жиналған деректер мен кері байланыс негізінде әдістер мен іс-шараларды үнемі түзету. Тәжірибені өңір немесе ел деңгейінде тарату
|
жоғары сынып оқушыларын диагностикамен қамту
|
2025 жылғы қыркүйек,
2025 жылғы желтоқсан
|
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ОМ
|
ЖБ қаражаты есебінен
|
13.
|
3-қадам. Жыл сайын 100 мың білім алушыны қамти отырып, "Мансап компасы" платформасында кәсіптік бағдар беру жұмысын ұйымдастыру
Концепт: платформа оқушыларға мамандықтар мен өзекті бос орындар туралы ақпаратқа қолжетімділікті ұсынатын болады, кәсіби диагностика жүргізуге, мансаптық консультациялар алуға және жұмыс берушілермен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді, бұл мамандықты неғұрлым тиімді таңдауға және бітірушілерді жұмысқа орналастыруға ықпал етеді
|
ОМ-ге ақпарат
|
2025 жылдың ішінде
|
Еңбекмині, ОМ,
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
талап етілмейді
|
14.
|
4-қадам. Мектептерде 1000 бейіндік сынып құру
Концепт: еліміздің 1000 мектебінде университеттермен, жұмыс берушілермен және колледждермен бірлесіп экономика салаларын ескере отырып, бағыт бойынша бейінді сыныптар ашылады. Осы мақсатта білім беру ұйымдары мен кәсіпорындар арасында ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалады, кәсіпорындар мен оқу орындарының базасында тұрақты іс-шаралар өткізе отырып, міндетті кәсіптік бағдарлау көзделеді
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2025 жылғы қыркүйек – желтоқсан
|
ОМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
ЖБ қаражаты есебінен
|
15.
|
5-қадам. Кемінде 500 мың оқушыны қамти отырып, мектеп оқушылары үшін жергілікті кәсіпорындарға экскурсиялар өткізу практикасын енгізу
Концепт: мектептердің ақпараттық ресурстарында баруға болатын жергілікті кәсіпорындардың тізбесі және экскурсиялар жасауға орындарды броньдау мүмкіндігімен "ашық есіктер" күндерінің күнтізбесі қалыптастырылады. Экскурсиялар оқушылардың нақты жұмыс жағдайларымен және заманауи нарықта сұранысқа ие мамандықтармен танысуына мүмкіндік береді.
|
ОМ-ге ақпарат
|
жыл бойы "ашық есіктердің" бекітілген күнтізбесіне сәйкес
|
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ОМ, ӨҚМ, ЭМ, АШМ,
МАМ, ТСМ, ЭТРМ, СРИМ, ТЖМ, ЦДИАӨМ, ДСМ,
"Атамекен" ҰКП және оның өңірлік палаталары (келісу бойынша), республикалық
кәсіподақтар бірлестігі (келісу бойынша), республикалық
жұмыс берушілер бірлестігі (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
16.
|
6-қадам. Колледж оқушыларының қатысуымен "One School One Skill" (бір мектеп – бір дағды) жобасын іске асыру
Концепт: жоба білім берудің алғашқы кезеңдерінде практикаға бағдарланған оқытуды қамтамасыз ету үшін мектептердің колледждермен ынтымақтастығын дамытуға бағытталатын болады.
Әрбір мектеп колледжбен бірлесіп оқу жылы бойы оқушыда дамитын бір негізгі дағдыны таңдайды (мысалы, ақпараттық технологиялар, дизайн, агротехнологиялар және т.б.). Мектептер мен колледждер өңірлік еңбек нарығы мен даму перспективаларын ескере отырып, оқушылардың кәсіби өсуіне ықпал ететін өзара тиімді әріптестік құрады
|
ОМ-ге жобаның іске асырылуы туралы ақпарат
|
2025 жылғы наурыз –желтоқсан
|
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ОМ,
"Атамекен" ҰКП және оның өңірлік палаталары (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
17.
|
7-қадам. 100 мың мектеп оқушысын қамти отырып, еліміздің барлық өңірлерінде "Дублер күні" жалпы республикалық жобасын ұйымдастыру
Концепт: "Shadow Day – Дублер күніне" ұқсас мектеп оқушылары мен студенттер үшін кәсіпорындар базасында бір жұмыс күнін ұйымдастыру. Бұл күні мектеп оқушылары кәсіпорындардың үздік жұмыскерлеріне ассистент болады, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтардың ерекшеліктерін іс жүзінде көреді.
|
ОМ-ге ақпарат
|
2025 жылғы қазан
|
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ОМ, Еңбекмині,
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
18.
|
8-қадам. 2000 мектеп оқушысының колледждер базасында алғашқы жұмысшы мамандығы дағдыларын меңгеруі
Концепт: 10-11 сынып оқушылары мектепте білім алумен қатар колледждер базасында практикалық дағдыларға ие болады және бір жұмысшы біліктілігін меңгереді. Оқудың қорытындысы бойынша жоғары сынып оқушылары барынша қысқа мерзімде еңбек нарығына шығу мүмкіндігін алады.
|
Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметіне ақпарат
|
2025 жылғы қыркүйек
|
ОМ,
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
ЖБ қаражаты есебінен
|
19.
|
9-қадам. 50 мың мектеп оқушысын қамти отырып, "Jas Skills", "Junior Skills" кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу
Концепт: жұмысшы мамандықтары бойынша дағдылар мен машықтарды анықтау мақсатында мектеп оқушыларын кәсіптік бағдарлау үшін жаңа мүмкіндіктер жасау
|
республикалық және өңірлік
чемпионаттар
(кесте бойынша)
|
2025 жылдың ішінде
|
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
|
ЖБ қаражаты есебінен
|
20.
|
10-қадам. Орталық Азия елдеріне арналған ІСЗ халықаралық форумы
Концепт: International Career and College Counseling (IC3) қозғалысы мектеп пен колледждерде мансаптық консультация беруді енгізу жүйесі болып табылады. Мансап және колледжге түсу мәселелері бойынша консультация беру жастарға өмірдегі мақсат пен бағытты айқындау үшін өздеріне қажетті қолдауды алуға мүмкіндік береді.
Қозғалыс кадрлық ресурстарды мансап және колледжге түсу мәселелері бойынша консультация беруге үйрету арқылы орта мектептердің әлеуетін арттырады
|
форум
|
2025 жылғы сәуір
|
ОМ, БИЛ (келісу бойынша),
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
бюджеттен тыс қаражат есебінен
|
Ш. Жұмысшы кадрларды даярлау жүйесін жетілдірудің және ТжКБ тартымдылығын арттырудың 10 қадамы
|
---|
21.
|
1-қадам. Техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау жөніндегі жол картасын әзірлеу және бекіту
Концепт: ТжКБ жүйесін трансформациялау мақсатында кадрларды даярлаудың білім беру мазмұнынан бастап бітірушілерді жұмысқа орналастыруға дейінгі тәсілдері қайта қаралады
|
жол картасы
|
2024 жылғы желтоқсан
|
ОМ, ҒЖБМ, Еңбекмині, Қаржымині, ҰЭМ, МАМ, ТСМ, Қорғанысмині, АШМ, СРИМ, ЭМ, СИМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері,
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша),
республикалық
кәсіподақтар бірлестігі (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
22.
|
2-қадам. ТжКБ жүйесінде заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу
Концепт: академиялық ұтқырлық, онлайн-оқыту, сараланған қаржыландыру, білім беру бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін бағалау, колледждерді лигалар бойынша саралау бөлігінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарау
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар
|
2025 жылғы наурыз
|
ОМ, Қаржымині, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
талап етілмейді
|
23.
|
3-қадам. Кәсіби стандарттар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және өзектілендіру
Концепт: кәсіби стандарттарды әзірлеу және өзектілендіру, олардың негізінде сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеу
|
100 кәсіби стандарт,
2000 ББ
|
2025 жылдың ішінде
бекітілген кестеге сәйкес
|
Еңбекмині, ОМ, ЦДИАӨМ, ЭТРМ, ТСМ, СРИМ, ТЖМ, Қаржымині, ЭМ, КМ, ӨҚМ, ҒЖБМ, ДСМ, АШМ,
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша),
республикалық
кәсіподақтар бірлестігі (келісу бойынша),
республикалық
жұмыс берушілер бірлестігі (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
24.
|
4-қадам. ТжКБ-ны интернационалдандыру: бірлескен бағдарламаларды одан әрі іске асыра отырып, шетелдік колледждермен халықаралық әріптестікті дамыту
Концепт: шетелдік колледждерді білім беру бағдарламаларын, оларды оқыту әдістемесін және бітірушілердің білім сапасын бағалау жүйесін әзірлеуге тарту, оқытушылар мен студенттердің тәжірибесімен алмасу
|
10 шетелдік колледжбен келісімдер (меморандумдар) жасасу
|
2025 жылдың ішінде
|
ОМ, СІМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
талап етілмейді
|
25.
|
5-қадам. Жетекші технологиялық көшбасшы колледждерді қалыптастыру
Концепт: рейтинг қорытындылары бойынша көшбасшы колледждерді айқындау (жыл сайын 10 бірлік), олардың базасында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін білім беру бағдарламаларын енгізу
|
10 көшбасшы- колледж
|
2025 жылғы желтоқсан
|
ОМ
|
талап етілмейді
|
26.
|
6-қадам. Жергілікті бюджет, жұмыс берушілер мен инвесторлар есебінен ТжКБ ұйымдары мен жатақханалардың материалдық-техникалық базасын жаңарту және нығайту
Концепт: жергілікті атқарушы органдардың, бизнес өкілдерінің колледждерді жарақтандыруға, жөндеу жүргізуге, сондай-ақ МТБ-ны нығайтуға қаржы қаражатын бөлуі. Мұқтаж студенттерді жатақханалардағы орындармен қамтамасыз ету: Алматы қ. – 2349 орын, Астана қ. – 1143 орын, Ақмола облысы – 200 орын, СҚО – 500 орын, Алматы облысы – 711 орын, Жамбыл облысы – 250 орын, Атырау облысы – 150 орын, БҚО – 35 орын, Қостанай облысы – 53 орын, Түркістан облысы – 320 орын
|
колледждердің МТБ жаңарту және нығайту, 5855 төсек- орынды пайдалануға беру
|
2025 жылдың ішінде
|
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ОМ,
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), республикалық
кәсіподақтар бірлестігі (келісу бойынша),
республикалық
жұмыс берушілер бірлестігі (келісу бойынша)
|
ЖБ қаражаты есебінен, бюджеттен тыс қаражат
|
27.
|
7-қадам. Астана қаласында "WorldSkills" чемпионаттарын өткізу бойынша құзыреттер орталығын құру
Концепт: құзыреттер орталығының базасында жыл бойы халықаралық чемпионаттарға, республикалық чемпионаттарға дайындай отырып, оқу-жаттығу лагерлері, педагогтерге арналған салалық курстар және халыққа арналған қысқа мерзімді курстар өткізілетін болады
|
құзыреттер орталығы
|
2025 жылғы желтоқсан
|
Астана қаласының әкімдігі, ОМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
|
бюджеттен тыс қаражат есебінен
|
28.
|
8-қадам. ТжКБ үздік 1000 бітірушісін елдің жетекші компанияларына жұмысқа орналастыру
Концепт: ТжКБ үздік 1000 бітірушісін елдің жетекші компанияларына жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу
|
ОМ-ге ақпарат
|
2025 жылғы желтоқсан
|
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ОМ, Еңбекмині,
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
29.
|
9-қадам. 500 мың мектеп оқушысы мен ТжКБ студенттеріне мансап орталықтары арқылы "Электрондық еңбек биржасы" бірыңғай цифрлық платформасын пайдалана отырып, жұмыс іздеу және жұмысқа орналасу дағдыларына үйретуді ұйымдастыру
Концепт: мектеп оқушылары мен ТжКБ ұйымдарының студенттерін ақпараттық жүйелер арқылы жұмыс іздеуге үйрету, өз түйіндемелерін жолдау, онлайн-режимде әңгімелесуден өту, еңбек шарттарын жасасуды үйрену мүмкіндігі
|
ОМ-ге ақпарат
|
2025 жылдың ішінде
|
Еңбекмині, ОМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), республикалық
кәсіподақтар бірлестігі (келісу бойынша),
республикалық
жұмыс берушілер бірлестігі (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
30.
|
10-қадам. Өңірлерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша ТжКБ жүйесінде "Серпін" бағдарламасын қайта жаңғырту
Концепт: батыс және оңтүстік облыстар мектептерінің бітірушілерін еліміздің жұмыс күші тапшы солтүстік өңірлердің ТжКБ ұйымдарында оқыту, кейіннен оларды жұмысқа орналастыру
|
ОМ-ге ақпарат
|
2025 жылғы қыркүйек
|
Ақмола,
Павлодар, Қостанай,
Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарының әкімдіктері, ОМ, ҒЖБМ, Еңбекмині, ЖАО
|
ЖБ қаражаты есебінен
|
IV. Жұмыс берушілердің жұмысшы кадрларды даярлауға және қолдауға қатысуын кеңейтудің 10 қадамы
|
---|
31.
|
1-қадам. 2025 жылы Жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу жөніндегі салалық жоспарларды әзірлеу және бекіту
Концепт: салалық жоспарларда жаңа кәсіпорындар құру, жаңа жұмыс орындарын ашу (тұрақты және уақытша), оның ішінде іске асырылып жатқан жобалар шеңберінде ашу, жұмыскерлердің біліктілігі мен жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту және лайықты еңбекақыны қамтамасыз ету және т.б. бойынша кешенді шараларды көздеу
|
салалық жоспарлар, Комиссия отырысында есептерді тыңдау
|
2025 жылғы қаңтар
|
Еңбекмині, ӨҚМ, ЭМ, КМ, АШМ, ЭТРМ, СРИМ, ЦДИАӨМ, ТСМ, ТЖМ, МАМ, СИМ, ОМ, ДСМ,
республикалық
кәсіподақтар бірлестігі (келісу бойынша), республикалық жұмыс берушілер бірлестігі
(келісу бойынша),
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша), "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" АҚ (келісу бойынша), "Электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компания (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) "KEGOC" АҚ (келісу бойынша), "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ (келісу бойынша), "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ (келісу бойынша), "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, (келісу бойынша), "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering) ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Тау-кен Самұрық" ҰТК" АҚ (келісу бойынша), "Kazakh Tourism" ҰК" АҚ (келісу бойынша), "Eurasian Resources Group S.a.r.l." компаниясы (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
32.
|
2-қадам. Кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) өтінімдері бойынша кадрлар даярлауды 15 мың орынға арттыру
Концепт: жұмыс берушілерді кәсіпорындардың өтінімдері бойынша жұмысшы кадрларды даярлауға колледж бітірушілерін жұмысқа орналастыру міндеттемесімен тарту
|
ОМ-ге ақпарат
|
2025 жылдың ішінде
|
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері,
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
|
ЖБ қаражаты есебінен
|
33.
|
3-қадам. Кәсіби біліктілікті тану орталықтарын ашу:
экономиканың басым салалары бойынша кәсіби біліктілікті танудың 3 орталығы ("Атамекен" ҰКП-мен және ірі жұмыс берушілермен бірлесіп);
халықаралық стандарттар бойынша кәсіби біліктілікті танудың 2 орталығы (шетелдік әріптестер мен ірі компанияларды тарта отырып)
Концепт: аталған орталықтардың ашылуы колледждің бітірушісі, сондай-ақ кәсіпорындардың жұмыскері біліктілігінің халықаралық талаптарға сәйкестігін айқындауға және олардың әлемдік еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді
|
5 орталық
|
2025 жылы
|
Еңбекмині, ОМ, ДСМ, ӨҚМ, ЭМ, КМ, АШМ, ЭТРМ, СРИМ, ЦДИАӨМ, ТЖМ, МАМ, ТСМ,
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), салалық қауымдастықтар (одақтар)
(келісу бойынша)
|
бюджеттен тыс қаражат есебінен
|
34.
|
4-қадам. Нақты сектор кәсіпорындарының цифрлық картасын енгізуді аяқтау
Концепт:
еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғау параметрлерін цифрландыру;
еңбек тәуекелдері картасының скорингтік моделі негізінде тәуекелді кәсіпорындарды мониторингтеу; кәсіптік тәуекел деңгейіне байланысты жұмыс орындарын саралау;
кәсіпорында еңбек заңнамасын бұзушылықтарды мониторингтеу
|
ОМ-ге жобаның енгізілуі туралы ақпарат
|
2025 жылдың ішінде
|
Еңбекмині, ЦДИАӨМ
|
талап етілмейді
|
35.
|
5-қадам. ТжКБ оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің еліміздің және шетелдің кәсіпорындары базасында тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру
Концепт: жетекші кәсіпорындардағы тағылымдамалар педагогтерге заманауи технологиялармен, инновациялармен және жұмыс әдістерімен танысуға мүмкіндік береді, бұл оларды білім беру процесіне интеграциялауға көмектеседі
|
сертификат
|
2025 жылдың ішінде
(кесте бойынша)
|
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша), "Колледждер альянсы және ERG" (келісу бойынша)
|
ЖБ қаражаты есебінен
|
36.
|
6-қадам. ТжКБ ұйымдарына өндірістен 200 шеберді (педагогтерді) тарту
Концепт: кәсіпорындардың тәжірибелі жұмыскерлерін "мамандыққа жанама кіру" арқылы ТжКБ ұйымдарына тарту
|
ОМ-ге ақпарат
|
2025 жылдың ішінде
|
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ОМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
|
ЖБ қаражаты есебінен
|
37.
|
7-қадам. Жұмыс берушілермен, салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп кадрлар даярлау мәселелері бойынша өңірлік және республикалық форсайт-сессиялар өткізу
Концепт: салалық мемлекеттік органдар, ірі кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен салалық стратегиялық сессиялар өткізу, олардың қорытындысы бойынша кадрлар даярлау сапасын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленетін болады
|
форсайт-сессиялар
|
2025 жылғы наурыз –
қазан
кесте бойынша
|
ОМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері,
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
38.
|
8-қадам. Дуальды оқытумен ұлғайту және ірі компаниялардың колледждерге қамқорлығы арқылы студенттердің кәсіби дайындығының сапасын арттыру
Концепт: дуальды оқыту үшін оқу өндірістік алаңдарын қалыптастырған жұмыс берушілердің тізілімін енгізу ("Атамекен" ҰКП цифрлық платформасында).
Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша дуальды оқыту және кәсіпорындардың колледждерге қамқорлығы шеңберінде колледждер мен кәсіпорындар арасында шарттар, меморандумдар жасай отырып, ынтымақтастықты кеңейту. Ірі компаниялар колледждерге әдістемелік және материалдық қолдау көрсетіп, жабдықтар, оқу материалдарын ұсына алады және білім беру бағдарламаларын жаңартуға көмектесе алады.
|
600 меморандум,
130 мың шарт, жұмыс берушілердің тізілімі
|
2025 жылдың ішінде
|
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ОМ, Еңбекмині,
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
39.
|
9-қадам. Жұмысшы біліктіліктері бойынша (4-санат) жұмыс істейтін шетелдік жұмыс күшін жергілікті білікті кадрлармен ауыстыру
Концепт: 250 шетелдік жұмысшыны (4-санат) ауыстыру, сондай-ақ жұмыс берушілердің шетелдік жұмыс күшін үй шаруашылығына басшылар, мамандар, жұмысшылар, маусымдық жұмысшылар және еңбек мигранттары ретінде тартуы үшін квоталарды 4,6 мың бірлікке дейін қысқарту есебінен қазақстандықтар үшін жұмыс орындарын ұлғайту
|
жұмыс берушілермен меморандумдарға қол қою
|
2025 жылы
|
Еңбекмині,
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
талап етілмейді
|
40.
|
10-қадам. Кәсіпорындарда және ұйымдарда, оның ішінде "Жастар практикасы" жобасы шеңберінде тәлімгерлік институтын дамыту (кемінде 35 мың тәлімгер)
Концепт: тәжірибелі мамандардың жас мамандарға тәлімгер болуына арналған "Тәлімгер" жобасын іске қосу
|
ОМ-ге ақпарат
|
2025 жылы
|
Еңбекмині, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
|
жұмыс берушілердің қаражаты есебінен
|
V. Жұмысшы мамандықтарының имиджін ілгерілетудің 10 қадамы
|
---|
41.
|
1-қадам. Жұмысшы мамандықтарының жас көшбасшыларының қатысуымен өтетін форум
Концепт: форум тәжірибе алмасу, мансаптық мүмкіндіктер мен заманауи кәсіби үрдістерді талқылау мақсатында жас жұмысшыларды және "Үздік 100 студент" конкурсы мен "WorldSkills" халықаралық чемпионатының жеңімпаздарын біріктіреді. Қатысушылар өз жетістіктерін көрсетіп, панельдік пікірталастар мен шеберлік сыныптарына қатыса алады, сондай-ақ одан әрі кәсіби өсу үшін іскерлік байланыстар орната алады
|
республикалық форум
|
2025 жылғы маусым
|
ОМ, МАМ, Еңбекмині, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері,
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша),
"Самұрық-Қазына" АҚ
(келісу бойынша)
|
бюджеттен тыс қаражат есебінен
|
42.
|
2-қадам. Түркітілдес елдердің өкілдерімен Жұмысшы мамандықтарының жылына арналған кәсіби шеберлік чемпионатын өткізу (Ақтау қаласында)
Концепт: түркітілдес елдердің өкілдері арасындағы "TurkicSkills" бірінші кәсіби шеберлік чемпионаты
|
чемпионат
|
2025 жылғы қазан
|
ОМ, Еңбекмині, ЦДИАӨМ, ЭТРМ, ТСМ, СРИМ, МАМ,
ЭМ, КМ,
ӨҚМ, ҒЖБМ, ДСМ, АШМ, СІМ,
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша),
республикалық кәсіподақтар бірлестігі (келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" АҚ (келісу бойынша)
|
бюджеттен тыс қаражат есебінен
|
43.
|
3-қадам. ТжКБ ұйымдары студенттерінің және кәсіпорындардың жас мамандарының кәсіби шеберлік чемпионаттарын өткізу
Концепт: құзыреттер бойынша конкурстар және "WorldSkills", "AgroSkills", "Medical Soft Skills", "Dosti skills", "AstauFest", "Аграрлық көшбасшы" кәсіби шеберлік чемпионаттары, "MamandyqFest" фестивалі және т.б.
|
өңірлік
(кесте бойынша)
және республикалық
чемпионаттар
|
2025 жылдың ішінде
кесте бойынша
|
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
ЖБ қаражаты есебінен
|
44.
|
4-қадам. Ардагерлер, әулеттер, үздік шеберлер және жас жұмысшылар туралы сериалдар жасау және оларды трансляциялау
Концепт: сериалдар жұмысшылардың шынайы өмірін, олардың жетістіктерін және ардагерлердің, еңбек әулеттері өкілдерінің, әртүрлі салалардағы үздік шеберлер мен жас жұмысшылардың табысқа жету тарихын көрсетеді
|
сериалдар
|
2025 жылдың ішінде
|
МАМ, ОМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
ЖБде көзделген қаражат шеңберінде
|
45.
|
5-қадам. "Жұмысшының бір күні" тақырыбында БАҚ-та мақалалар шығару
Концепт: жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге, олардың қоғам үшін маңыздылығын көрсетуге және жастарды еңбек мансабын таңдауға шабыттандыруға бағытталған мақалалардың интернет-БАҚ-та жалпы елдік шығарылымын ұйымдастыру
|
БАҚ-тағы мақалалар
|
2025 жылдың ішінде
|
МАМ, Еңбекмині, ОМ, ҒЖБМ, облыстардың,
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері,
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
46.
|
6-қадам. Қоғамда еңбек адамының оң имиджін қалыптастыруға бағытталған теле-, радиохабарларын шығару, бейнесюжеттерді прокаттау, мақалалар циклін ұйымдастыру, әлеуметтік роликтер жасау
Концепт: телеарналарда және әлеуметтік желілерде трансляциялаумен жұмысшы мамандықтарының жаңашылдығы мен заманауилығын, сондай-ақ жұмысшы мамандықтары өкілдерінің жетістіктері мен өмірін көрсететін сериалдар мен қысқаметражды фильмдерді шығару және ілгерілету
|
республикалық және өңірлік БАҚ-тағы әлеуметтік роликтер мен мақалалар, сұхбаттар
|
2025 жылдың ішінде
|
МАМ, ОМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, Қазақстанның кәсіподақтар федерациясы (келісу бойынша)
|
ЖБ-де, РБ-де көзделген қаражат есебінен
|
47.
|
7-қадам. "#Жұмысшы мамандықтарының жылы" хэштегімен экономиканың түрлі салаларындағы жұмысшылардың жетістіктері туралы танымал блогерлермен подкаст
Концепт: танымал блогерлердің қатысуымен экономиканың түрлі салаларындағы жұмысшы мамандықтары өкілдерінің жетістіктері туралы әңгімелейтін подкасттар сериясы. "TikTok", "Instagram", "Facebook" форматында және басқа да әлеуметтік желілерде жұмысшы мамандықтарын танымал ететін, артықшылықтары мен мүмкіндіктерін көрсететін посттар, онлайн-челлендждер мен роликтер дайындау.
Әр шығарылым өз саласында жетістікке жеткен белгілі бір адамның тарихына арналған
|
Youtube, TikTok, Instagram және басқа арналардағы подкасттар
|
2025 жылдың ішінде
|
МАМ, ОМ,
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
талап етілмейді
|
48.
|
8-қадам. Қоғамдық орындарда жұмысшы бейнесін визуализациялау арқылы "Еңбек адамының" моделін танымал ету
Концепт: фотоконкурстың қорытындысы бойынша көркем инсталляциялар, цифрлық экрандар, фотокөрмелер мен галереялар, ғимараттардың қасбеттерінде жұмысшылардың көркем бейнелері - муралдар жасалады
|
фотоконкурс, муралдар
|
2025 жылғы қаңтар –
мамыр
|
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері,
республикалық кәсіподақтар бірлестігі
(келісу бойынша)
республикалық жұмыс берушілер бірлестігі (келісу бойынша)
|
ЖБ қаражаты есебінен
|
49.
|
9-қадам. Блогерлер мен мобилографтар арасында "Еңбек адамы" үздік бейнесі үшін конкурс өткізу
Концепт: әлеуметтік желілерде қысқа бейнематериалдарды (Reels) тарату арқылы жұмысшының оң бейнесін жасау және ілгерілету
|
конкурс
|
2025 жылдың ішінде
|
МАМ, ОМ,
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
талап етілмейді
|
50.
|
10-қадам. Колледждер базасында кәсіпорындар, орта бизнес өкілдерінің қатысуымен ашық есік күндерін және бос орындар жәрмеңкесін өткізу
Концепт: компаниялардың презентациясы, блиц-әңгімелесулер (бастапқы танысу үшін жұмыс іздеушілердің жұмыс берушілермен қысқа сұхбаттары), шеберлік сыныптары мен демонстрациялар (кәсіпорындар қызметі саласындағы жұмыс процестері мен инновацияларды көрсету), HR-мамандардың консультациялары, панельдік пікірталастар мен дөңгелек үстелдер (еңбек нарығының заманауи үрдістері мен сұранысқа ие дағдыларды талқылау)
|
100 мың адамды қамту
|
2025 жылдың ішінде
|
Еңбекмині, ОМ, ӨҚМ, КМ, ЭМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
"Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша), "Самұрық-Қазына" АҚ
(келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
VI. Жұмысшы кадрлардың құқықтарын қорғау тетіктерін күшейтудің 10 қадамы
|
---|
51.
|
1-қадам. Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамаға еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғауды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту, өндірістік жарақаттанудың алдын алу тетіктерін жетілдіру және т.б. бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарау
Концепт: жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауды күшейту
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
аралық ақпарат
2025 жылғы маусым,
2025 жылғы желтоқсан
|
Еңбекмині,
республикалық кәсіподақтар бірлестігі
(келісу бойынша),
республикалық жұмыс берушілер бірлестігі (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
52.
|
2-қадам. Лайықты еңбек қағидаттарын ілгерілету бойынша Халықаралық еңбек ұйымымен іс-қимыл жоспарын қабылдау
Концепт: лайықты еңбектің – қауіпсіз, әлеуметтік жағынан қорғалған, әділ еңбекақы төленетін еңбектің негізін қалайтын қағидаттарды ілгерілету
|
іс-қимыл жоспары
|
2025 жылғы шілде
|
Еңбекмині, СІМ, республикалық кәсіподақтар бірлестігі
(келісу бойынша),
республикалық жұмыс берушілер бірлестігі (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
53.
|
3-қадам. Қазақстан Республикасының "Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төменгі жалақыны белгілеу туралы" Халықаралық еңбек ұйымының конвенциясын (№ 131) ратификациялауы бойынша жұмыс жүргізу
Концепт: ұлттық заңнамаға халықаралық стандарттарды енгізу
|
Заң жобасы
|
2025 жылдың ішінде
|
Еңбекмині, СІМ,
республикалық кәсіподақтар бірлестігі
(келісу бойынша),
республикалық жұмыс берушілер бірлестігі (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
54.
|
4-қадам. Жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша кәсіподақтар бірлестіктерімен және жұмыс берушілер бірлестіктерімен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру
Концепт: жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау бойынша кәсіподақтардың рөлін күшейту
|
семинарлар/ дөңгелек үстелдер
|
2025 жылдың ішінде
|
Еңбекмині,
республикалық кәсіподақтар бірлестігі
(келісу бойынша), республикалық жұмыс берушілер бірлестігі (келісу бойынша)
|
бюджеттен тыс қаражат есебінен
|
55.
|
5-қадам. Штат кестесін енгізу, еңбек және ұжымдық шарттар жасасу рәсімін электрондық форматқа көшіру бөлігінде еңбек қатынастарын декларациялау тетіктерін енгізу
Концепт: еңбек қатынастарын декларациялау тетіктерін енгізу арқылы еңбек қатынастарының ашықтық деңгейін арттыру
|
ақпараттық жүйе
|
2025 жылдың ішінде
|
Еңбекмині, ЦДИАӨМ,
"PARYZ" ұлттық конфедерациясы
(келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
56.
|
6-қадам. Жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша әлеуметтік алаңдарды қалыптастыру
Концепт: жұмыскерлердің заң көмегін алу мүмкіндігі
|
ОМ-ге ақпарат
|
2025 жылдың ішінде
|
Еңбекмині,
республикалық кәсіподақтар бірлестігі
(келісу бойынша),
республикалық жұмыс берушілер бірлестігі (келісу бойынша),
"PARYZ" ұлттық конфедерациясы (келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
57.
|
7-қадам. жұмыскерлердің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің оң тәжірибесін тарату
Концепт: жоба өз қызметкерлерінің әл-ауқатын жақсарту жөніндегі бастамаларды іске асыратын компаниялардың оң тәжірибесін таратуға бағытталған. Жобаның мақсаты компаниялар мен қоғамның, жұмыскерлердің орнықты дамуы үшін маңыздылығын көрсете отырып, бизнесті осындай практикаларды енгізуге шабыттандыру
|
семинарлар мен конференциялар
|
2025 жылдың ішінде
|
Еңбекмині,
"Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
58.
|
8-қадам. Жұмыс орындарының кәсіптік тәуекелдерін бағалау негізінде кәсіпорындарда еңбекті қорғауды басқару жүйесін енгізуКонцепт: жұмыскерлерді жұмыс орындарындағы кәсіби тәуекелдерден қорғау
|
ОМ-ге ақпарат
|
2025 жылдың ішінде
|
Еңбекмині,
"Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
59.
|
9-қадам. Еңбек қауіпсіздігі мен оны қорғаудың 10 стандартын өзектілендіру
Концепт: жұмыскерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау
|
ОМ-ге ақпарат
|
2025 жылдың ішінде
|
Еңбекмині, КМ, ЭМ, ӨҚМ, АШМ, ЭТРМ, ТЖМ, ТСМ
|
талап етілмейді
|
60.
|
10-қадам. Электрондық еңбек биржасы базасында өндірістік практика функционалын іске асыру
Концепт: студенттерге арналған өндірістік практика процесін автоматтандыру
|
өндірістік практикаға жіберу процесін ұйымдастыру
|
тұрақты негізде
|
Еңбекмині, ОМ, ҒЖБМ, "Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
VII. Жастардың әлеуметтік белсенділігін арттырудың 10 қадамы
|
---|
61.
|
1-қадам. "Қазақстан Республикасы колледждерінің үздік 100 студенті" жобасы ТжКБ ұйымдарының студенттері арасындағы конкурс
Концепт: жоба ТжКБ ұйымдарының студенттері арасында өтетін конкурсты білдіреді, оның мақсаты Қазақстан колледждерінің үздік 100 студентін анықтау және көтермелеу. Конкурс өңірлік және республикалық деңгейлерде өткізіледі және талантты жастарды қолдауға, кәсіби дағдыларды дамытуға және тұлғалық өсуге ынталандыруға бағытталған. Финалистер еліміздің ірі кәсіпорындарында тағылымдамадан өту мүмкіндігін алады
|
100 жеңімпаз студент
|
2025 жылғы қаңтар –
сәуір
|
ОМ, МАМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
ЖБ-де көзделген қаражат есебінен, бюджеттен тыс қаражат есебінен
|
62.
|
2-қадам. 10 мың адамды қамти отырып, Jastar X бірыңғай брендімен сараптама алаңдарын өткізу
Концепт: жұмысшы мамандықтарының, ғылыми-сараптамалық қоғамдастықтың және жастар ұйымдарының өкілдерін спикерлер ретінде шақыру арқылы мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сараптамалық қоғамдастық пен жастар арасындағы байланысты нығайту
|
республикалық слет
|
2025 жылғы ақпан –
қараша
|
МАМ, ОМ, ҒЖБМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, "Жастар" ҒЗО (келісу бойынша),
"Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)
|
бюджеттен тыс қаражат есебінен
|
63.
|
3-қадам. 5000 студентті қамти отырып, "Бизнес-стартап" орталықтары арқылы колледж студенттерінде кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру
Концепт: колледждерде стартаптар мен инновацияларды қолдау үшін "Бизнес-стартап" студенттік орталықтарын кеңейту, онда студенттер консультациялар алып, тренингтерге қатыса алады, кәсіби қазылар алқасының алдында қорғау және стартапты дамыту үшін кәсіпкерлерден арнайы гранттар алу мүмкіндігімен өз стартап жобаларын әзірлей алады
|
ОМ-ге ақпарат
|
2025 жылдың ішінде
|
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, ОМ,
Атамекен" ҰКП және оның өңірлік палаталары
(келісу бойынша)
|
талап етілмейді
|
64.
|
4-қадам. 1000 студентті қамти отырып, "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында ТжКБ ұйымдары студенттерінің республикалық слетін өткізу
Концепт: іс-шара талантты студенттерді тәжірибе алмасу, кәсіби дағдыларды дамыту және тренингтерге, шеберлік сыныптары мен командалық іс-шараларға қатысу үшін біріктіреді. Слет білім беру мен кәсіптердегі заманауи үрдістерді талқылау, сондай-ақ жас мамандардың тұлғалық және кәсіби өсуін ынталандыру алаңына айналады
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
|
2025 жылғы шілде
|
ОМ, МАМ, ТСМ,
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері, Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша),
Қазақстанның кәсіподақтар
федерациясы (келісу бойынша)
|
бюджеттен тыс қаражат есебінен
|
65.
|
5-қадам. Жас жұмысшылардың, студенттердің, колледж бітірушілерінің, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың қатысуымен "Innovation" республикалық хакатонын өткізу
Концепт: ІТ қоғамдастығын құру және нығайту үшін стартаптар мен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау. Қатысушылар тәжірибе алмасып, жобаны дамыту үшін әлеуетті серіктестер таба алады, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың кәсіби қоғамдастыққа әлеуметтік интеграциялануы жүзеге асады
|
республикалық хакатон
|
2025 жылғы
мамыр
|
Павлодар облысының әкімдігі,
ОМ, ЦДИАӨМ,
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері,
республикалық кәсіподақтар бірлестігі
(келісу бойынша)
|
ЖБ қаражаты есебінен
|
66.
|
6-қадам. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар (бұдан әрі – ЕБҚ) және денсаулығының мүмкіндіктері шектеулі (бұдан әрі – ДМШ) білім алушы және жұмыс істейтін жастарға арналған Аbylimpics бағыты бойынша кәсіби шеберліктің республикалық чемпионатын өткізу
Концепт: өңірлік кезеңде өз салаларында кәсіби дағдылардың жоғары деңгейін көрсеткен ЕББҚ және ДМШ білім алушы және жұмысшы жастар қатарынан Аbylimpics республикалық чемпионатын өткізу. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталады
|
Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметіне ақпарат
|
2025 жылдың ішінде
|
ОМ, МАМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері,
"Абилимпикс Қазақстан"
(келісу бойынша),
Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), республикалық кәсіподақтар бірлестігі
(келісу бойынша)
|
бюджеттен тыс қаражат есебінен
|
67.
|
7-қадам. 30 мың жасты маусымдық жұмыспен қамтуды ұйымдастыра отырып, жастар еңбек жасақтарының қызметін трансформациялау және жандандыру
Концепт: жастардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, олардың дағдыларын дамыту және әлеуметтік жауапкершілігін арттыру үшін жастар еңбек жасақтарына қатысу. Өңірлерде инфрақұрылымды дамытуға және тұрмыс сапасын жақсартуға үлес қосу
|
ОМ-ге ақпарат
|
2025 жылғы мамыр –қазан
|
МАМ, Еңбекмині,
ОМ, ЭТРМ, АШМ, ҒЖБМ, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері,
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша),
ҮЕҰ (келісу бойынша)
|
ЖБ қаражаты есебінен
|
68.
|
8-қадам. 20000 студентті қамти отырып, ТжКБ студенттері мен кәсіпорындардың ұжымдары арасында "Чемпиондар" және "Еңбек кубогы" спартакиадаларын өткізу
Концепт: іс-шаралар дене шынықтыруды дамытуға, жастар арасында командалық рухты және салауатты өмір салтын нығайтуға бағытталған. Спартакиадалар бірнеше сала бойынша жарыстарды қамтитын болады, ол таланттарды анықтауға және қатысушылар арасында белсенді қарым-қатынас пен тәжірибе алмасуға жағдай жасауға мүмкіндік береді
|
спартакиада
|
2025 жылғы мамыр
|
ОМ, ТСМ, МАМ, ҒЖБМ, Еңбекмині, ТЖМ, ІІМ, АШМ, Қорғанысмині,
облыстардың,
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері,
республикалық кәсіподақтар бірлестігі
(келісу бойынша)
|
ЖБ қаражаты есебінен
|
69.
|
9-қадам. Кемінде 100 мың адамды қамти отырып, республика музейлерінде "Ер дәулеті – еңбек", "Еңбекпен ел көгерген" тақырыптық экскурсиялары мен көрмелерін ұйымдастыру
Концепт: тақырыптық көрмелер мен экскурсияларда еңбек ардагерлерінің, еңбек әулеттерінің жетістіктері мен табыстары көрсетіледі
|
Қазақстан РеспубликасыныңҮкіметіне ақпарат
|
2025 жылдың ішінде
|
МАМ, ОМ,
облыстардың,
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері
|
ЖБ қаражаты есебінен
|
70.
|
10-қадам. ТжКБ ұйымдары студенттерінің, жұмысшы мамандықтары өкілдерінің қатысуымен "Алтайдан Оралға дейін" велошеруін өткізу
Концепт: марафон кезінде маршруттың негізгі нүктелерінде веложарысқа қатысушылардың еңбек ұжымдарымен, мектеп оқушыларымен және колледж студенттерімен жұмысшы мамандықтарын танымал ету жөніндегі кездесулері ұйымдастырылады
|
велошеру (тұжырымдамаға сәйкес)
|
2025 жылғы мамыр
|
ТСМ, ОМ,
МАМ, ІІМ,
облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері,
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)
|
ЖБ қаражаты есебінен
|
"Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Еңбекмині – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
ЭТРМ – Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі