О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2019 года № 497 "О мерах по реализации Указов Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 17 и от 1 июля 2019 года № 46 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 февраля 2025 года № 110

      Примечание ИЗПИ
Введение в действие см. п. 2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2019 года № 497 "О мерах по реализации Указов Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 17 и от 1 июля 2019 года № 46 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан" следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Министерстве торговли и интеграции Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в подпункт 1) пункта 13 вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в пункте 15:

      подпункт 70) изложить в следующей редакции:

      "70) разработка и утверждение перечня биржевых товаров, внесение в него изменения и (или) дополнения по согласованию с заинтересованными государственными органами;";

      дополнить подпунктами 70-1), 70-2), 70-3), 70-4) и 70-5) следующего содержания:

      "70-1) разработка и утверждение перечня социально значимых биржевых товаров, внесение в него изменения и (или) дополнения по согласованию с заинтересованными государственными органами;

      70-2) определение порядка включения товаров в перечень биржевых товаров;

      70-3) установление максимальных размеров вступительных взносов для членов товарной биржи, платежей за участие в биржевых торгах и комиссий брокеров;

      70-4) проведение анализа и мониторинга деятельности товарных бирж;

      70-5) разработка и утверждение правил проведения закупок товаров, работ и услуг на электронных торговых площадках;";

      в подпункт 73) вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в подпункт 78) вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      в подпункт 80) вносится изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;

      подпункты 81) и 82) изложить в следующей редакции:

      "81) разработка и утверждение нормативных правовых актов в сфере регулирования деятельности товарных бирж, клиринговых центров товарных бирж, брокеров, дилеров;

      82) разработка и утверждение квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, к деятельности товарных бирж, брокеров и клиринговых центров товарных бирж;";

      подпункт 84) исключить;

      дополнить подпунктом 84-1) следующего содержания:

      "84-1) разработка и утверждение правил формирования и использования резервного и гарантийного фондов;";

      подпункты 87-1) и 87-2) исключить.

      2. Настоящее постановление подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 1 июля 2025 года, за исключением абзаца восьмого пункта 1 настоящего постановления, который вводится в действие cо 2 марта 2025 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
О. Бектенов

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 28 ақпандағы № 110 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:

      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сыртқы сауда қызметін дамыту мен реттеу, ішкі сауданы дамыту мен реттеу, электрондық және биржа саудасын дамыту мен ілгерілету, шикізаттық емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту мен ілгерілету салаларындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;";

      15-тармақта:

      70) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "70) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша биржалық тауарлардың тізбесін әзірлеу және бекіту, оған өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізу;";

      мынадай мазмұндағы 70-1), 70-2), 70-3), 70-4) және 70-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "70-1) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша әлеуметтік маңызы бар биржалық тауарлардың тізбесін әзірлеу және бекіту, оған өзгеріс және (немесе) толықтыру енгізу;

      70-2) тауарларды биржалық тауарлар тізбесіне енгізу тәртібін айқындау;

      70-3) тауар биржасының мүшелері үшін кіру жарналарының, биржалық сауда-саттыққа қатысқаны үшін төлемдердің және брокерлер комиссияларының ең жоғары мөлшерін белгілеу;

      70-4) тауар биржаларының қызметіне талдау және мониторинг жүргізу;

      70-5) электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      73) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "73) тауар биржасында халықаралық биржадағы сауда-саттықты дамыту үшін жағдайлар жасау;";

      78) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "78) коммерциялық немесе Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тауар биржаларының қызметі және биржа саудасы мәселелері бойынша ақпаратты жариялау;";

      80) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "80) мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша биржа саудасы қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      81) және 82) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "81) тауар биржаларының, тауар биржаларының клирингтік орталықтарының, брокерлердің, дилерлердің қызметін реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;

      82) тауар биржаларының, брокерлердің және тауар биржалары клирингтік орталықтарының қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін әзірлеу және бекіту;";

      84) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 84-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "84-1) резервтік және кепілдік беру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын әзірлеу және бекіту;";

      87-1) және 87-2) тармақшалар алып тасталсын.

      2. Осы қаулы 2025 жылғы 2 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының тоғызыншы абзацын қоспағанда, 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов