Қазақ КСР Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
"Егемендi Қазақстан", "Казахстанская правда" - газеттерi,
"Ара-Шмель", "Парасат" журналдары редакцияларының осы
басылымдарға құрылтайшы болу жөнiндегi ұсынысы қабылдансын.
Қазақ ССР Президентiнiң 1991 жылғы 31-тамыздағы "Қазақ
ССР-нiң Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiн құру
туралы" жарлығына сәйкес осы министрлiкке "Егемендi Қазақстан",
"Казахстанская правда" газеттерiнiң, "Ара-Шмель", "Парасат"
журналдарының қызметiн үйлестiру жүктелсiн.
Қазақ КСР
Премьер-министрi