Қазақстанның көрнектi композиторы, халық артисi, Қазақстан
Республикасы мемлекеттiк сыйлығының лауреаты Сыдық Мұқамеджановты мәңгi
есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
қаулы етедi:
Қазақстан Композиторлар Одағының:
Алматы қаласының бiр көшесiне оның есiмiн беру;
Алматы қаласындағы композитор тұрған Төлебаев көшесiндегi N 117
үйге мемориал тақта орнату;
Сыдық Мұқамеджановтың есiмiн Жезқазған облысындағы Шет ауданының
Ақсу-Аюлы селосындағы музыкалық мектепке беру;
Алматы музыкалық училищесiндегi студенттерге Сыдық Мұқамеджанов
атындағы стипендия тағайындау;
композитордың таңдамалы туындыларын шығару туралы Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Мәдениет министрлiгiмен, Баспасөз
және бұқаралық ақпарат министрлiгiмен, Жезқазған облысының және Алматы
қаласының әкiмдерiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi