Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң Қазақтың Абай
атындағы мемлекеттiк педагогика университетiн 1992 жылғы
қыркүйектен Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне
бөлiнген бюджет қаржысының шегiнде Абай атындағы Алматы
мемлекеттiк университетi етiп құру туралы Қазақстан
Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен
және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi