Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақ мемлекеттiк "Қазавтокөлiк" автокөлiк концернi мен
Ресей Федерациясындағы Павловск автобус зауытының Алматы
қаласында N 2 Алматы автожөндеу бiрлестiгi негiзiнде жылдық
бағдарламасы ПАЗ 3205 модельдi орта класты 1000 автобус шығаратын
бiрлескен кәсiпорын құру туралы инициативасы мақұлдансын.
2. "Қазавтокөлiктехника" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгiне
автомобиль жасауға қатысты ғылыми, тәжiрибелiк-конструкторлық
және жобалау жұмыстарын жүргiзу жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар
министрлiгi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi,
Қазақ мемлекеттiк "Қазавтокөлiк" автокөлiк концернi осы аталған
жұмыстарды жүргiзу үшiн "Қазавтокөлiктехника" ғылыми-өндiрiстiк
бiрлестiгiне қаржы бөлудi көздесiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi, Қаржы министрлiгi мен республикалық "Қазконтракт"
контрактылық корпорациясы 1993 жылы Қазақ мемлекеттiк
"Қазавтокөлiк" автокөлiк концернiне автомобиль жасауды дамыту
үшiн қажеттi ақша қаражаты мен материалдық ресурстар бөлудi
көздейтiн болсын.
4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қарағанды
қаласында орта класты автобустар шығаратын бiрлескен кәсiпорын
құру туралы" 1992 жылғы 20 қазандағы N 884 қаулысының күшi
жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi