О завершении строительства второй установки по переработке нефти ЛК-6У на Павлодарском нефтеперерабатывающем заводе

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 25 декабря 1992 г. N 1082

     На Павлодарском нефтеперерабатывающем заводе из-за отсутствия финансовых средств и разрыва экономических связей было заморожено строительство второй установки ЛК-6У, ввод которой позволит получать дополнительно до 2 миллионов светлых нефтепродуктов в год.
     Учитывая значительный объем выполненных строительно-монтажных работ и высокую степень комплектации оборудованием, в целях скорейшего завершения строительства и обеспечения гарантированных поставок нефти для загрузки новых мощностей Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
     1. Считать целесообразным завершение строительства комплекса по первичной переработке нефти ЛК-6У на Павлодарском нефтеперерабатывающем заводе.
     2. Согласиться с предложением глав Павлодарской, Северо-Казахстанской, Кокчетавской, Кустанайской и Джамбулской областных администраций о создании в установленном порядке на базе строящегося комплекса по переработке нефти ЛК-6У акционерного общества с привлечением нефтедобывающих объединений Тюменской области как учредителей и поставщиков нефти для загрузки новой мощности.
     3. Установить, что государственный пакет акций в учредительном документе акционерного общества должен составлять не менее 51 процента от уставного капитала.
     4. Гарантировать предприятиям - акционерам нефтедобывающего комплекса России равные права с предприятиями - акционерами Республики Казахстан в рамках действующего законодательства.
           Премьер-министр
        Республики Казахстан

Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы мұнай өңдейтiн екiншi ЛК-6У қондырғы құрылысын аяқтау туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 25 желтоқсан 1992 ж. N 1082

      Қаржы қаражатының жоқтығы және экономикалық байланыстардың үзiлуi салдарынан Павлодар мұнай өңдеу зауытында екiншi ЛК-6У қондырғының құрылысы доғарылған болатын. Оны iске қосу жылына қосымша 2 миллион тоннаға жуық таза мұнай өнiмдерiн алуға мүмкiндiк бередi.
      Едәуiр құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемi орындалғаны және жабдықтармен жинақталу дәрежесiнiң жоғары болуы ескерiлiп, құрылысты тезiрек аяқтау және жаңа қуаттардың неғұрлым толымды жұмыс iстеуi үшiн мұнайдың кепiлдi түрде берiлiп тұруын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Павлодар мұнай өңдеу зауытындағы бастапқы мұнай өңдейтiн ЛК-6У кешенi құрылысын аяқтау орынды болады деп саналсын.
      2. Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Көкшетау, Қостанай және Жамбыл облыстары әкiмдерiнiң Тюмень облысының мұнай өндiретiн бiрлестiктерiн құрылтайшылар және жаңа қуаттың неғұрлым толымды жұмыс iстеуi үшiн мұнай берiп тұрушылар ретiнде қатыстыра отырып, салынып жатқан мұнай өңдейтiн ЛК-6У кешенi негiзiнде белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғам құру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      3. Акционерлiк қоғамның құрылтайлық құжатындағы акциялардың мемлекеттiк пакетi жарғылық капиталдың кемiнде 51 процентi болуға тиiс деп белгiленсiн.
      4. Ресейдiң мұнай өндiретiн акционер кәсiпорындарына қолданылып жүрген заңдардың шегiнде Қазақстан Республикасының акционер кәсiпорындарымен бiрдей құқыққа кепiлдiк берiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi