Республикадағы радиациялық ахуалды жақсарту, жекелеген
аумақтарында радиациялық ластанудан туындаған әлеуметтiк
шиеленiстi бәсеңдету мақсатында Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасындағы радиациялық және
санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту жөнiндегi шаралар
бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi, Қаржы министрлiгi жыл сайын болжамдау жоспарлары мен
бюджеттердi талдап жасаған кезде радиоэкология жөнiндегi табиғат
қорғау жұмыстарын нысаналы қаржыландыруға қаражат бөлiнуiн
көздейтiн болсын.
3. Атом энергиясы жөнiндегi агенттiк Қазақстан
Республикасының Экобиоресурсминiмен және Ядроға қарсы
"Семей - Невада" халықаралық қозғалысының "Радиация, экология,
денсаулық" проблемалық комитетiмен бiрлесiп:
республикадағы ластанған аумақтарды ескере отырып 1993
жылдан бастап 1994 жылға дейiн радиоактивтi қалдықтарды кәдеге
жарату мен көму жүйесiн жобалаудың техникалық-экономикалық
негiздемесiн әзiрлеудi және оның бiрiншi кезегiнiң
жобалау-сметалық құжаттамасын жасауды;
1994 жылдан бастап 1996 жылға дейiн Қазақ мемлекеттiк
атом энергетикасы мен өнеркәсiбi кәсiпорындары корпорациясына
кiретiн ұйымдардың күштерiмен жүйенiң бiрiншi кезегiн салып,
iске қосуды қамтамасыз етсiн.
4. Облыс әкiмдерi Қазақстан Республикасының Геология және
жер қойнауын қорғау министрлiгiне радиоактивтi қалдықтарды кәдеге
жарату және көму объектiлерiнiң салынуы мүмкiн учаскелерге
инженерлiк-геологиялық баға беру үшiн геологиялық-iздестiру
жұмыстарын жүргiзуге жәрдем көрсететiн болсын.
5. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология
министрлiгi, Атом энергиясы жөнiндегi агенттiк, Ғылым
академиясымен, Ядроға қарсы "Семей - Невада" халықаралық
қозғалысының проблемалық комитетiмен бiрлесiп радиоэкология
проблемаларының нормативтiк-әдiстемелiк базасын, сондай-ақ
радиоактивтi қалдықтарды сақтау мен көмудiң технологияларын және
кәдеге жарату iсiн ғылыми-зерттеу мен тәжiрибелiк-конструкторлық
қамтамасыз етудi жүзеге асырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1992 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1103 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасында радиациялық және
санитарлық-гигиеналық ахуалды жақсарту жөнiндегi
Шаралар
(Кесте)