О неотложных мерах по улучшению радиационной обстановки в Республике Казахстан

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 31 декабря 1992 года N 1103

      В целях улучшения радиационной обстановки в республике, снижения социальной напряженности, вызванной радиологическим загрязнением отдельных территорий, Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. У.С. - постановлением КМ РК от 30 марта 1995 г. N 363.
      2. Государственному комитету по экономике, Министерству финансов Республики Казахстан ежегодно при разработке планов прогноза и бюджетов предусматривать ассигнования на целевое финансирование природоохранных работ по радиоэкологии.
      3. Агентству по атомной энергии совместно с Министерством экологии и биоресурсов Республики Казахстан и Проблемным комитетом "Радиация, экология, здоровье" международного антиядерного движения "Невада - Семипалатинск" обеспечить:
      с 1993 по 1994 год разработку технико-экономического обоснования проектирования и составление проектно-сметной документации первой очереди системы утилизации и захоронения радиоактивных отходов с учетом имеющихся в республике загрязненных территорий;
      c 1994 по 1996 год силами организаций, входящих в Казахскую государственную корпорацию предприятий атомной энергетики и промышленности, строительство и ввод в эксплуатацию первой очереди системы.
      4. Главам областных администраций оказать содействие Министерству геологии и охраны недр Республики Казахстан в проведении геолого-изыскательских работ для инженерно-геологической оценки участков возможного заложения объектов строительства утилизации и захоронения радиоактивных отходов.
      5. Министерству науки и новых технологий, Агентству по атомной энергии совместно с Академией наук Республики Казахстан, Проблемным комитетом международного антиядерного движения "Невада-Семипалатинск" осуществлять научно-исследовательское и опытно-конструкторское обеспечение нормативно-методической базы проблем радиоэкологии, а также технологий и утилизации хранения и захоронения радиоактивных отходов.

            Премьер-министр
          Республики Казахстан

Қазақстан Республикасында радиациялық ахуалды жақсарту жөнiндегi шұғыл шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 31 желтоқсан N 1103. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.03.30. N 363 қаулысымен.

      Республикадағы радиациялық ахуалды жақсарту, жекелеген аумақтарында радиациялық ластанудан туындаған әлеуметтiк шиеленiстi бәсеңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасындағы радиациялық және санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту жөнiндегi шаралар бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қаржы министрлiгi жыл сайын болжамдау жоспарлары мен бюджеттердi талдап жасаған кезде радиоэкология жөнiндегi табиғат қорғау жұмыстарын нысаналы қаржыландыруға қаражат бөлiнуiн көздейтiн болсын.
      3. Атом энергиясы жөнiндегi агенттiк Қазақстан Республикасының Экобиоресурсминiмен және Ядроға қарсы "Семей - Невада" халықаралық қозғалысының "Радиация, экология, денсаулық" проблемалық комитетiмен бiрлесiп:
      республикадағы ластанған аумақтарды ескере отырып 1993 жылдан бастап 1994 жылға дейiн радиоактивтi қалдықтарды кәдеге жарату мен көму жүйесiн жобалаудың техникалық-экономикалық негiздемесiн әзiрлеудi және оның бiрiншi кезегiнiң жобалау-сметалық құжаттамасын жасауды;
      1994 жылдан бастап 1996 жылға дейiн Қазақ мемлекеттiк атом энергетикасы мен өнеркәсiбi кәсiпорындары корпорациясына кiретiн ұйымдардың күштерiмен жүйенiң бiрiншi кезегiн салып, iске қосуды қамтамасыз етсiн.
      4. Облыс әкiмдерi Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiне радиоактивтi қалдықтарды кәдеге жарату және көму объектiлерiнiң салынуы мүмкiн учаскелерге инженерлiк-геологиялық баға беру үшiн геологиялық-iздестiру жұмыстарын жүргiзуге жәрдем көрсететiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология

министрлiгi, Атом энергиясы жөнiндегi агенттiк, Ғылым 
академиясымен, Ядроға қарсы "Семей - Невада" халықаралық
қозғалысының проблемалық комитетiмен бiрлесiп радиоэкология
проблемаларының нормативтiк-әдiстемелiк базасын, сондай-ақ
радиоактивтi қалдықтарды сақтау мен көмудiң технологияларын және
кәдеге жарату iсiн ғылыми-зерттеу мен тәжiрибелiк-конструкторлық
қамтамасыз етудi жүзеге асырсын.
     
            Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                     1992 жылғы 31 желтоқсандағы
                                            N 1103 қаулысымен
                                              Бекiтiлген
            Қазақстан Республикасында радиациялық және 
             санитарлық-гигиеналық ахуалды жақсарту жөнiндегi
                           Шаралар
                        (Кесте)