Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат
министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiтап
палатасын Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк кiтап
палатасы деп атау туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк кiтап
палатасына:
кiтапты халықаралық стандартпен нөмiрлеу жөнiндегi;
сериялы басылым жөнiндегi функциялар жүктелсiн.
3. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат
министрлiгi:
3 ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк
кiтап палатасының жарғысын бекiтетiн болсын;
1993 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттiк кiтап
палатасының материалдық-техникалық базасын нығайту және Ұлттық
мемлекеттiк кiтап палатасының кiтап қоймалары мен әкiмшiлiк
корпусының жаңа үйлерiн салу жөнiндегi шаралар туралы келiсiлген
ұсыныстарын әзiрлейтiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi