Мемлекеттiк, қоғамдық және шет ел ұйымдарының қызметiн
үйлестiру және Каспий теңiзi атырабындағы биоресурстарды сақтау
мен пайдалануға бағытталған шаралардың орындалуын бақылау, ықтимал
экологиялық апатты болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Каспий теңiзi проблемалары
жөнiндегi Ұлттық Кеңесi құрылсын.
2. Ұлттық Кеңес бiр ай мерзiм iшiнде Каспий теңiзi
проблемалары жөнiндегi Қазақстан Республикасының Ұлттық Кеңесi
туралы ереженiң жобасын әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
3. Каспий теңiзi проблемалары жөнiндегi ғылыми зерттеулердi
үйлестiру және оларға талдау жасау үшiн Қазақстан Республикасының
Ғылыми және жаңа технология министрлiгi жанынан Атырау және Ақтау
қалаларында филиалдары бар Ғылыми-талдау орталығы ("Каспий"
ҒТО) құрылсын.
Қазақстан Республикасының Ғылыми және жаңа технология
министрлiгi екi апталық мерзiмде Каспий теңiзi проблемалары
жөнiндегi Ғылыми-талдау орталығы және оның филиалдары туралы
ереженi әзiрлеп, ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық
жұмысқа арналып, республикалық бюджетте көзделген қаржы есебiнен
қажеттi қаражат бөлiнуiн көздейтiн болсын.
(4-тармақ)
<*>
.
Ескерту. 4-тармақ күшiн жойды - ҚРМК-нiң 1994 ж. 22 желтоқсан
N 1436 қаулысымен.
5. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң 1993 жылғы
8 сәуiрдегi N 131 өкiмiнiң 1-тармағы күшiн жойған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 23 тамыздағы
N 725 қаулысына
Қосымша
Қазақстан Республикасының Каспий теңiзi
проблемалары жөнiндегi Ұлттық Кеңесiнiң
Құрамы
Әбiлсейiтов Ғ.А. - Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң
орынбасары, Ғылым және жаңа технология
министрi (Кеңес төрағасы)
Бижанов Н.К. - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы Төрағасының
орынбасары (Кеңес төрағасының орынбасары)
Қыпшақбаев Н.К. - Қазақстан Республикасы Су ресурстары
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Төрағасы
(Кеңес төрағасының орынбасары)
Сұлташев Н.О. - Қазақстан Республикасының Президентi мен
Министрлер Кабинетi Аппараты ТМД iстерi
жөнiндегi бөлiмiнiң сарапшысы (Кеңестiң
хатшысы)
Кеңес мүшелерi:
Бекбосынов Н.Ө. - Қазақстан Республикасы Энергетика және отын
ресурстары министрiнiң бiрiншi орынбасары
Дүйсенов С.Т. - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi
жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас
басқарма бастығы
Дүйсенбаев Б.Ж. - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
министрлiгi Экономикалық қатынастар
басқармасының бастығы
Жәркенов М.Е. - Қазақстан Республикасы Экология және
биоресурстар министрiнiң бiрiншi орынбасары
Қасымов Ә.Х. - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi Бас
штабының бастығы - Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрiнiң бiрiншi орынбасары
Коваленко П.Д. - Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң
Республикалық өзен және теңiз флоты
бiрлестiгi бастығының бiрiншi орынбасары
Қыпшақбаев А.И. - Қазақстан Республикасы Ғылым және жаңа
технология министрiнiң орынбасары
Мәденов М.Д. - "Қазсушаржоба институты" жалгерлiк кәсiпорнының
директоры
Мұқитанов К. - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым
академиясы География институтының директоры
Озолинг Э.И. - Қазақстан Республикасы Сәулет және құрылыс
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Төрағасының
орынбасары
Пiрiмбетов С.Д. - Қазақстан Республикасының Президентi мен
Министрлер Кабинетi Аппараты ТМД iстерi
жөнiндегi бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары
Салықов К.С. - Қазақстан Республикасы Су ресурстары
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Арал
өңiрi проблемалары бөлiмiнiң бастығы
Сәрсекенов Т.Б. - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
министрлiгi жанындағы Балық шаруашылығы
жөнiндегi комитетiнiң Төрағасы
Сыдықов Ж.С. - академик, Қазақстан Республикасы Ұлттық
академиясы Төралқасының мүшесi, Жер туралы
ғылым бөлiмiнiң жетекшiсi (келiсуi бойынша)