О создании Госудаpственной холдинговой компании "АЛАУГАЗ"

ПОСТАНОВЛЕНИЕ Кабинета Министpов Республики Казахстан от 2 сентябpя 1993 г. N 770. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 29 сентября 2005 г. N 964

      Во исполнение постановления Президента Республики Казахстан от 5 марта 1993 г. N 1138 K931138_  "О государственных холдинговых компаниях", Указа Президента Республики Казахстан от 23 июня 1993 г. N 1281 "О совершенствовании системы органов хозяйственного управления", в целях формирования рыночных отношений в газовом хозяйстве Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Создать Государственную холдинговую компанию "Алаугаз" (в дальнейшем компания "Алаугаз") на базе государственных предприятий, организаций и акционерных обществ, входящих в состав Казахского государственного концерна по газификации, а также акционерных обществ, государственный пакет акций которых ранее передан концерну.
      2. Определить, что компания "Алаугаз" является правопреемником имущественных прав и обязанностей реорганизуемого концерна "Казахгазификация", содержание исполнительного аппарата и руководства компании "Алаугаз" осуществляется за счет ее хозяйственной деятельности.
      3. Возложить на Государственную холдинговую компанию "Алаугаз":
      ответственность за бесперебойную работу систем обеспечения населения и народного хозяйства природным и сжиженным газом;
      контроль за режимом газопотребления и рациональным использованием газового топлива;
      координацию деятельности предприятий и организаций, занятых проектированием, строительством, эксплуатацией и техническим развитием объектов газового хозяйства.
      4. Государственному комитету Республики Казахстан по государственному имуществу совместно с Министерством энергетики и топливных ресурсов Республики Казахстан, концерном "Казахгазификация" в месячный срок принять пакет документов по созданию компании "Алаугаз" в составе объединений, предприятий и организаций согласно перечню, прилагаемому к настоящему постановлению, предусмотрев делегирование компании "Алаугаз" право владения, пользования и управления государственным имуществом предприятий и организаций, входящих в ее состав, а также право владения, пользования и управления государственным пакетом акций ранее созданных акционерных обществ, входящих в состав Компании.
      По мере акционирования входящих в состав компании "Алаугаз" государственных предприятий передать ей во владение, пользование и управление государственные пакеты акций за исключением пакетов акций, реализуемых Государственным комитетом Республики Казахстан по государственному имуществу в порядке, предусмотренном Национальной программой разгосударствления и приватизации в Республике Казахстан в 1993-1995 годы (II этап) U931135_  .
      5. Министерству экономики Республики Казахстан на период до перехода к отпуску газа по свободным ценам предусматривать компании "Алаугаз" выделение ежегодных государственных инвестиций на неотложные нужды газового хозяйства.
      6. Сохранить за компанией "Алаугаз" право осуществления централизованных расчетов с поставщиками и оптовыми покупателями газа, а также применения надбавок и скидок к действующим оптовым ценам промышленности, исходя из объемов и структуры газопотребления.
      7. (Пункт 7 утратил силу - постановлением Правительства РК от 1 июля 1999 г. N 909 P990909_  )
      8. Определить местонахождение компании "Алаугаз" в городе Алматы.
      9. Признать утратившим силу постановление Совета Министров Казахской ССР от 28 декабря 1990 г. N 538 "Об образовании Казахского государственного концерна по газификации (Казахгазификация)" (СП КазССР, 1990 г., N 5, ст. 33).

   Премьер-министр
 Республики Казахстан

                                              ПРИЛОЖЕНИЕ
                                к постановлению Кабинета Министров
                                       Республики Казахстан
                                   от 2 сентября 1993 г. N 770

                            П Е Р Е Ч Е Н Ь
               государственных предприятий, организаций
               и акционерных обществ, входящих в состав
            Государственной холдинговой компании "Алаугаз"

      Алматинское производственное объединение газового хозяйства (Алматыгаз), г. Алматы
      Акмолинское областное производственное объединение газового хозяйства (Акмолаоблгаз), г. Акмола
      Восточно-Казахстанское областное производственное объединение газового хозяйства (Усть-Каменогорскоблгаз), г. Усть-Каменогорск
      Жезказганское областное производственное объединение газового хозяйства (Жезказганоблгаз), г. Каражал
      Жамбылское областное производственное объединение газового хозяйства (Жамбылоблгаз), г. Жамбыл
      Карагандинское областное производственное объединение газового хозяйства (Карагандаоблгаз), г. Караганда
      Кокчетавское областное производственное объединение газового хозяйства (Кокчетавоблгаз), г. Кокчетав
      Кзыл-Ординское областное производственное объединение газового хозяйства (Кзылордаоблгаз), г. Кзыл-Орда
      Павлодарское областное производственное объединение газового хозяйства (Павлодароблгаз), г. Павлодар
      Северо-Казахстанское областное производственное объединение газового хозяйства (Петропавловскоблгаз), г. Петропавловск

     Семипалатинское областное производственное объединение газового хозяйства (Семипалатинскоблгаз), г. Семипалатинск

     Талдыкорганское областное производственное объединение газового хозяйства (Талдыкорганоблгаз), г. Талдыкорган

     Тургайское областное производственное объединение газового хозяйства (Аркалыкоблгаз), г. Аркалык

     Южно-Казахстанское областное производственное объединение газового хозяйства (Шымкентоблгаз), г. Шымкент

     Актюбинское строительно-монтажное управление (Актюбинскгазмонтаж), г. Актюбинск

     Атырауское строительно-монтажное управление (Атыраугазмонтаж), г. Атырау

     Акмолинское строительно-монтажное управление (Акмолагазмонтаж), г. Акмола

     Карагандинское строительно-монтажное управление (Карагандагазмонтаж), г. Караганда

     Кокчетавское строительно-монтажное управление (Кокчетавгазмонтаж), г. Кокчетав

     Кустанайское строительно-монтажное управление (Кустанайгазмонтаж), г. Кустанай

     Пахтааральское строительно-монтажное управление (Пахтааралгазмонтаж), г. Славянка

     Павлодарское строительно-монтажное управление (Павлодаргазмонтаж), г. Павлодар

     Петропавловское строительно-монтажное управление (Петропавловскгазмонтаж), г. Петропавловск

     Семипалатинское строительно-монтажное управление "Семипалатинскгазмонтаж), г. Семипалатинск

     Талдыкорганское строительно-монтажное управление (Талдыкоргангазмонтаж), г. Талдыкорган

     Шымкентское строительно-монтажное управление (Шымкентгазмонтаж), г. Шымкент

     Государственное производственное предприятие (Темиргазпром), г. Темиртау

     Республиканское производственное управление (Казорггаз), г. Алматы

     Республиканский учебный центр, г. Алматы

     Акционерное общество "Автотрансгаз" г. Акмола

     Акционерное общество "Газкомплект", г. Алматы

     Государственное предприятие "Жетысугаз"<*>


      Сноска. Перечень - с изменениями, внесенными постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 16 марта 1995 г. N 275.

"Алаугаз" мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 2 қыркүйек 1993 ж. N 770. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N 964 қаулысымен. 

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк холдинг компаниялары туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1138 қаулысын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдары жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1281  Жарлығын  орындау үшiн, газ шаруашылығында нарықтық қатынастарды қалыптастыру мақсатымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақ мемлекеттiк газдандыру концернiнiң құрамына енген мемлекеттiк кәсiпорындар, ұйымдар және акционерлiк қоғамдар, сондай-ақ акциялардың мемлекеттiк пакетi бұрын концернге берiлген акционерлiк қоғамдар негiзiнде "Алаугаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы (бұдан былай "Алаугаз" компаниясы) құрылсын. 
      2. "Алаугаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы қайта құрылатын "Қазақгаздандыру" концернiнiң мүлiктiк құқығы мен мiндеттерiнiң құқылы мұрагерi болып табылады, "Алаугаз" компаниясының атқарушы аппараты мен басшылығын ұстау оның шаруашылық қызметiнiң есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн. 
      3. "Алаугаз" мемлекеттiк холдинг компаниясына: 
      халықты және халық шаруашылығын табиғи және сұйытылған газбен қамтамасыз ету жүйесiнiң кiдiрiссiз жұмыс iстеуi үшiн жауапкершiлiк; 
      газды тұтыну режимiн және газ ұтымды пайдаланылуын бақылау; 
      газ шаруашылығы объектiлерiн жобалаумен, салумен және пайдаланумен, техникалық дамытумен шұғылданатын кәсiпорындар мен ұйымдардың iс-әрекетiн үйлестiру жүктелсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен, "Қазақгаздандыру" концернiмен бiрлесiп, бiр айлық мерзiмде осы қаулыға қосылған тiзбеге сәйкес бiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың құрамында "Алаугаз" компаниясын құру жөнiндегi құжаттар пакетiн қабылдап, оның құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын, сондай-ақ бұрын құрылып, компания құрамына енгiзiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқығын "Алаугаз" компаниясына табыстауды көздейтiн болсын. 
      "Алаугаз" компаниясының құрамына кiрген кәсiпорындардың акционерлендiрiлуiне қарай Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi сататын акциялар пакетiнен басқа акциялардың мемлекеттiк пакеттерi оның иеленуiне, пайдалануы мен басқаруына берiлсiн. 
      5. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi газды еркiн бағамен босатуға дейiнгi кезеңге арнап, "Алаугаз" компаниясына газ шаруашылығының кезек күттiрмейтiн мұқтажына жыл сайын мемлекеттiк инвестиция бөлiнуiн көздейтiн болсын. 
      6. Газды берiп тұрушылармен және көтере сатып алушылармен орталықтандырып есеп айырысу, сондай-ақ газ тұтынудың көлемi мен құрылымына қарай өнеркәсiптiң қазiргi көтерме сауда бағасына үстемелер мен шегерiмдер қолдану құқығы "Алаугаз" компаниясына сақталсын.
     7. <*>
      Ескерту. 7-тармақ күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.07.01. N  909  қаулысымен.    
     8. "Алаугаз" компаниясының орналасатын жерi Алматы қаласы болып белгiленсiн.
     9. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң "Қазақ мемлекеттiк газдандыру концернiн құру (Қазақгаздандыру) туралы" 1990 жылғы 28 желтоқсандағы N 538 қаулысының (Қазақ ССР ҚЖ, 1990 ж., N 5, 33-бап) күшi жойылған деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы       
Министрлер Кабинетiнiң       
1993 жылғы 2 қыркүйектегi      
N 770 қаулысына           
Қосымша                

             "Алаугаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының
           құрамына кiретiн мемлекеттiк кәсiпорындардың,
                ұйымдар мен акционерлiк қоғамдардың
                             Тiзбесi

     Алматы газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Алматыгаз), Алматы қаласы
     Ақмола облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Ақмолаоблгаз), Ақмола қаласы
     Шығыс Қазақстан облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Өскеменоблгаз), Өскемен қаласы
     Жезқазған облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Жезқазғаноблгаз), Қаражал қаласы
     Жамбыл облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Жамбылоблгаз), Жамбыл қаласы
     Қарағанды облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Қарағандыоблгаз), Қарағанды қаласы
     Көкшетау облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Көкшетауоблгаз), Көкшетау қаласы
     Қызылорда облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Қызылордаоблгаз), Қызылорда қаласы
     Павлодар облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Павлодароблгаз), Павлодар қаласы
     Солтүстiк Қазақстан облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Петропавлоблгаз), Петропавл қаласы
     Семей облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Семейоблгаз), Семей қаласы
     Талдықорған облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Талдықорғаноблгаз), Талдықорған қаласы
     Торғай облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Арқалықоблгаз), Арқалық қаласы
     Оңтүстiк Қазақстан облыстық газ шаруашылығы өндiрiс бiрлестiгi (Шымкентоблгаз), Шымкент қаласы
     Ақтөбе құрылыс-монтаж басқармасы (Ақтөбегазмонтаж), Ақтөбе қаласы
     Атырау құрылыс-монтаж басқармасы (Атыраугазмонтаж), Атырау қаласы
     Ақмола құрылыс-монтаж басқармасы (Ақмолагазмонтаж), Ақмола қаласы
     Қарағанды құрылыс-монтаж басқармасы (Қарағандыгазмонтаж), Қарағанды қаласы
     Көкшетау құрылыс-монтаж басқармасы (Көкшетаугазмонтаж), Көкшетау қаласы
     Қостанай құрылыс-монтаж басқармасы (Қостанайгазмонтаж), Қостанай қаласы
     Мақтаарал құрылыс-монтаж басқармасы (Мақтааралгазмонтаж), Славянка қаласы
     Павлодар құрылыс-монтаж басқармасы (Павлодаргазмонтаж), Павлодар қаласы
     Петропавл құрылыс-монтаж басқармасы (Петропавлгазмонтаж), Петропавл қаласы
     Семей құрылыс-монтаж басқармасы (Семейгазмонтаж), Семей қаласы
     Талдықорған құрылыс-монтаж басқармасы (Талдықорғангазмонтаж), Талдықорған қаласы
     Шымкент құрылыс-монтаж басқармасы (Шымкентгазмонтаж), Шымкент қаласы
     Мемлекеттiк өндiрiс кәсiпорны (Темiргазпром), Темiртау қаласы
     "Автотрансгаз" акционерлiк қоғамы, Ақмола қаласы
     Республикалық өндiрiс басқармасы (Казорггаз),Алматы қаласы
     Республикалық оқу орталығы, Алматы қаласы
     "Газкомплект" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
     "Жетiсугаз" мемлекеттiк кәсiпорыны 
      Ескерту. Қосымшаға өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлген - ҚРМК-нiң 1995.03.16. N  275  қаулысымен.