Об организации учета и отчетности по экспорту и импорту продукции и товаров в Республике Казахстан

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 23 сентября 1993 года N 935. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 9 февраля 2005 г. N 124 (P050124)

      В целях осуществления государственного контроля за вывозом с территории Республики Казахстан и ввозом на ее территорию лицензируемой продукции и товаров, обеспечения полноты учета государственной отчетности по внешнеэкономической деятельности и валютным операциям в республике Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Поручить Госкомстату Республики Казахстан установить и ввести начиная с 1 сентября 1993 г.:
      срочную месячную государственную отчетность по форме N 1 - ресурсы (товары народного потребления), которую обязаны представлять в местные органы государственной статистики все предприятия и организации (включая сельскохозяйственные, сбытовые, оптово-сбытовые, оптово-розничные, розничные, холодильники, организации потребительской кооперации), независимо от форм собственности и ведомственной принадлежности, осуществляющие производство (заготовку), ввоз в республику любых видов товаров и сырья;
      квартальную государственную отчетность по формам N 1 - вывоз и N 1 - ввоз - для объединений, предприятий и организаций, производящих, вывозящих, а также ввозящих в республику основные виды продукции производственно-технического назначения, сырье и материалы.
      Отчетность составляется по видам продукции производственно-технического назначения, включенным в межправительственные соглашения об экономическом и научно-техническом сотрудничестве Республики Казахстан с государствами СНГ.
      2. Министерству финансов и Госкомстату Республики Казахстан организовать первичный учет и разработку грузовых таможенных деклараций по экспортно-импортным операциям.
      3. Госкомстату совместно с Национальным банком Республики Казахстан организовать и обеспечить сбор отчетности о поступлении и расходовании в республике валютных средств по установленной форме государственной отчетности N 1 - валюта "Отчет о движении валютных средств" с определением источников поступления валюты и направлений ее использования. Указанная форма государственной отчетности подлежит обязательному представлению в областные управления Национального банка Республики Казахстан и областные (городские) управления по статистике и анализу банковскими учреждениями всех форм собственности (включая коммерческие и частные), находящимися на территории Республики Казахстан и получившими право ведения валютных операций, а также всеми предприятиями, организациями, учреждениями, независимо от форм собственности и ведомственной принадлежности (в том числе Министерством обороны, Комитетом национальной безопасности и Министерством внутренних дел Республики Казахстан - в сводном виде), осуществляющими внешнеэкономическую деятельность.
      4. Установить, что все внешнеэкономические объединения, ассоциации, концерны, предприятия и другие организации, независимо от форм собственности и подчиненности, осуществляющие внешнеэкономическую деятельность, ежемесячно представляют статистическому органу по месту своего нахождения срочную государственную отчетность по форме N 1 - ВЭС "Отчет об экспорте (импорте) товаров".
      5. Установить, что внешнеэкономические объединения, ассоциации, концерны, предприятия и другие организации, независимо от форм собственности и подчиненности, находящиеся на территории Республики Казахстан, осуществляющие внешнеэкономическую деятельность и имеющие валютные счета за пределами Казахстана, обязаны один раз в квартал декларировать наличие и движение валютных средств на таких счетах по форме N 1 - валюта.
      6. Министерству обороны, Комитету национальной безопасности и Министерству внутренних дел Республики Казахстан по согласованию с Госкомстатом республики установить ведомственную статистическую отчетность по ввозу и вывозу продукции производственно-технического назначения и товаров народного потребления подведомственными предприятиями и организациями, итоги которой ежеквартально (начиная с III квартала 1993 г.) должны представляться в сводном виде и по установленной номенклатуре Госкомстату Республики Казахстан в разрезе областей, городов Алматы и Ленинска.
      7. Министерству финансов Республики Казахстан, Комитету государственного финансового контроля при Кабинете Министров Республики Казахстан обеспечить проверку полноты и достоверности представляемой предприятиями и организациями государственной отчетности по внешнеэкономической деятельности.
      8. Госкомстату Республики Казахстан:
      обеспечить получение и разработку анализа статистических данных по внешнеэкономической деятельности и представление ее в соответствующие инстанции;
      установить постоянный контроль за обеспечением полноты и достоверности первичного учета и отчетности по внешнеэкономической деятельности.
      9. Министерству финансов Республики Казахстан:
      увеличить на 10 единиц штатную численность и соответственно смету расходов центрального аппарата Госкомстата Республики Казахстан на 1993 год в целях создания в его составе управления статистики и анализа внешнеэкономических связей;
      при определении объемов финансирования из республиканского бюджета на 1993 и последующие годы по регламенту статистических работ предусматривать финансовые потребности статистических органов республики для организации и ведения дополнительного учета и статистики по ввозу и вывозу продукции и товаров, таможенной статистики, а также услуг, предоставляемых за валюту.
      10. Госкомстату Республики Казахстан по итогам каждого полугодия проводить анализ состояния учета и отчетности, а также полноты и достоверности данных по внешнеэкономической деятельности и представлять обобщенную информацию в Кабинет Министров Республики Казахстан.

   Премьер-министр
 Республики Казахстан

Қазақстан Республикасында өнiмдердiң және тауарлардың экспорты мен импорты бойынша есепке алуды және есеп берудi ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 23 қыркүйек 1993 ж. N 935. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Лицензияланған өнiмдер мен тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге және оның аумағына әкелуге мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру, республикадағы сыртқы экономикалық қызмет пен валюталық операциялар бойынша мемлекеттiк есеп берудiң есепке алыну толықтығын қамтамасыз ету мақсатында Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Мемстаткомына 1993 жылғы 1 қыркүйектен бастап мыналарды белгiлеп, енгiзу тапсырылсын: 
      N 1 нысан бойынша айлық жедел мемлекеттiк есеп беру - ресурстар (халық тұтынатын тауарлар) - мұны меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кез келген тауарлар мен шикiзат түрлерiн өндiрудi (дайындауды), республикаға әкелудi жүзеге асыратын барлық кәсiпорындар мен ұйымдар (ауыл шаруашылығы, өткiзушi, көтерме-өткiзушi, көтерме бөлшек сауда, бөлшек сауда, тоңазытқыштар, тұтыну кооперациясы ұйымдарын қоса) табыс етуге мiндеттi; 
      N 1-әкету және N 1 әкелу нысандары бойынша тоқсандық мемлекеттiк есеп беру өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiмдердiң негiзгi түрлерiн, шикiзат пен материалдарды өндiретiн, әкететiн, сондай-ақ республикаға әкелетiн бiрлестiктер, кәсiпорындар мен ұйымдар үшiн. 
      Есеп берулер Қазақстан Республикасының ТМД мемлекеттерiмен экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы туралы үкiметаралық келiсiмге енгiзiлген өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiм түрлерi бойынша түзiледi. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Мемстаткомы экспорт-импорт операциялары бойынша жүкке кеден декларациясын бастапқы есептеу мен әзiрлеудi ұйымдастыратын болсын. 
      3. Қазақстан Республикасының Мемстаткомы Ұлттық банкпен бiрлесiп валюта түсiмiнiң көздерi мен оны пайдаланудың бағыттарын айқындай отырып, мемлекеттiк есеп берудiң N 1-валюта "Валюталық қаражаттың қозғалысы туралы есеп беру" атты белгiленген нысаны бойынша республикадағы валюталық қаражаттың түсiмi мен жұмсалуы туралы есеп берудiң жиналуын ұйымдастырсын және қамтамасыз етсiн. Мемлекеттiк есеп берудiң аталған нысаны Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және валюталық операциялар жүргiзу құқын иеленген меншiктiң барлық нысандарындағы банк мекемелерiнiң (коммерциялық пен жекелерiн қоса), сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыратын барлық кәсiпорындардың, ұйымдардың, мекемелердiң, меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, (соның iшiнде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Iшкi iстер министрлiгi - жиынтық түрiнде), Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң облыстық (қалалық) басқармалары мен статистика және талдау жөнiндегi облыстық (қалалық) басқармаларға мiндеттi табыс етуiне жатады. 
      4. Сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыратын барлық сыртқы экономикалық бiрлестiктер, ассоциациялар, концерндер, кәсiпорындар және басқа ұйымдар, меншiк нысандары мен бағыныстылығына қарамастан, өздерi орналасқан жер бойынша статистикалық органға N 1 - СЭБ "Тауар экспорты (импорты) туралы есеп беру" атты нысан бойынша ай сайын жедел мемлекеттiк есеп берулер табыс етедi деп белгiленсiн. 
      5. Сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыратын және Қазақстаннан тыс жерлерде валюталық шоты бар Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан сыртқы экономикалық бiрлестiктер, ассоциациялар, концерндер, кәсiпорындар және басқа ұйымдар, меншiк нысандары мен бағыныстылығына қарамастан, осындай шоттардағы валюталық қаражаттың мөлшерi мен қозғалысына N 1 валюта нысаны бойынша тоқсанына бiр рет декларациялауға мiндеттi. 
      6. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Iшкi iстер министрлiгi республиканың Мемстаткомымен келiсе отырып, өндiрістiк-техникалық мақсаттағы өнiмдер мен халық тұтынатын тауарларды ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар мен ұйымдардың әкелуi мен әкетуi жөнiндегi ведомстволық статистикалық есеп берудi белгiлесiн, олардың қорытындысы жиынтық түрiнде және белгiленген номенклатура бойынша Қазақстан Республикасының Мемстаткомына облыстардың және Ленинск қалаларының ауқымында тоқсан сайын (1993 жылғы III тоқсаннан бастап) табыс етiлуге тиiс. 
      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi кәсiпорындар мен ұйымдар табыс еткен сыртқы экономикалық қызмет жөнiндегi мемлекеттiк есеп берулердiң толықтығы мен дұрыстығын тексерудi қамтамасыз етсiн. 
      8. Қазақстан Республикасының Мемстаткомы: 
      сыртқы экономикалық қызмет жөнiндегi статистикалық мәлiмет талдауларының алынуы мен әзiрленуiн және оның тиiстi сатыға табыс етiлуiн қамтамасыз ететiн болсын; 
      сыртқы экономикалық қызмет жөнiндегi бастапқы есептеу мен есеп берудiң толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етуге тұрақты бақылау белгiлесiн. 
      9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi: 
      Қазақстан Республикасы Мемстаткомының құрамында сыртқы экономикалық қызмет статистикасы және талдау басқармасын құру мақсатында 1993 жылы орталық аппараттың штат санын 10 адамға және тиiсiнше шығыс сметасын ұлғайтсын; 
      1993 жылы және одан кейiнгi жылдары статистикалық жұмыстардың регламентi бойынша республикалық бюджеттен қаржыландырудың көлемiн айқындаған кезде республика статистика органдарының өнiмдер мен тауарларды әкелу мен әкету, кеден статистикасы, сондай-ақ валюта үшiн көрсетiлетiн қызметтер жөнiндегi қосымша есептеулер мен статистика ұйымдастыруға және жүргiзуге арналған қаржы мұқтажын ескеретiн болсын. 
      10. Қазақстан Республикасының Мемстаткомы әрбiр жарты жылдың қорытындысы бойынша есептеу мен есеп берудiң жай-күйiне, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызмет жөнiндегi мәлiметтердiң толықтығы мен дұрыстығына талдау жүргiзсiн және талдап қорытылған ақпаратты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етсiн.

       Қазақстан Республикасының 
      Премьер-министрi