О контроле за приобретением, ввозом, хранением и использованием множительно-копировальной техники цветного изображения

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 29 сентября 1993 года N 966

      В целях установления контроля за приобретением, ввозом, хранением и использованием множительно-копировальной техники цветного изображения, предотвращения фактов ее использования в ущерб интересам государства Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Министерству внутренних дел Республики Казахстан по согласованию с заинтересованными министерствами и ведомствами в двухмесячный срок разработать и утвердить инструкцию о порядке ввоза, приобретения, хранения и использования множительно-копировальной техники цветного изображения.
      2. Министерству юстиции, Министерству внутренних дел, Комитету национальной безопасности Республики Казахстан подготовить и внести на рассмотрение Кабинета Министров проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений и дополнений в Уголовный, Уголовно-процессуальный кодексы и Кодекс Казахской ССР об административных правонарушениях", предусматривающий установление административной и уголовной ответственности за нарушение правил разрешительной системы на объектах с множительно-копировальной техникой.
      3. Главному таможенному управлению Министерства финансов Республики Казахстан осуществлять контроль за соблюдением установленных правил ввоза копировальной техники цветного изображения.
      4. Внести в Положение о разрешительной системе в Республике Казахстан, утвержденное постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 15 января 1993 г. N 35 P930035_ "О дополнительных мерах по обеспечению безопасности должностных лиц органов государственной власти и управления" следующие изменения и дополнения:
      пункты 2, 8 и абзац первый пункта 12 после слова "боеприпасов" дополнить словами: "множительно-копировальной техники цветного изображения";
      пункт 4 после слова "оружие" дополнить словами: "множительно-копировальную технику цветного изображения";
      пункт 13 дополнить абзацем следующего содержания:
      " - на приобретение, хранение и использование множительно-копировальной техники цветного изображения". <*>
      Сноска. Абзац седьмой пункта 4 утратил силу постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 2 февраля 1995 г. N 110.
    Премьер-министр
 Республики Казахстан


Түрлi-түстi көбейткiш-көшiргiш техника сатып алуға, әкелуге, оны сақтау мен пайдалануға бақылау жасау туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 29 қыркүйек 1993 ж. N 966

      Түрлi-түстi көбейткiш-көшiргiш техника сатып алуға, әкелуге, оны сақтау мен пайдалануға бақылау орнату, оны мемлекет мүддесiне кереғар пайдалану фактiлерiне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен келiсе отырып, екi ай мерзiм iшiнде түрлi-түстi көбейткiш-көшiргiш техникасын сатып алу, әкелу, сақтау және пайдалану тәртiбi жөнiндегi нұсқаулық әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
      2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi көбейткiш-көшiргiш техника пайдаланылатын объектiлерде рұқсат беру жүйесiнiң ережелерiн бұзғаны үшiн әкiмшiлiк және қылмыстық жауапкершiлiк белгiленуiн көздейтiн "Қылмыстық, Қылмыстық iс жүргiзу кодекстерiне және Қазақ ССР-iнiң әкiмшiлiк право бұзушылық туралы Кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының жобасын даярлап, Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзетiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы түрлi-түстi көшiргiш техниканы жеткiзудiң белгiленген ережелерiнiң сақталынуына бақылау жасауды жүзеге асыратын болсын.
      4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары лауазымды адамдарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 15 қаңтардағы N 35 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасындағы рұқсат беру жүйесi туралы Ережеге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      2, 8 тармақтар және 12 тармақтың бiрiншi абзацы "оқ-дәрiлерге", "оқ-дәрi", "оқ-дәрiлердi" сөздерiнен кейiн тиiсiнше "түрлi-түстi көбейткiш-көшiргiш техникасына", "түрлi-түстi көбейткiш-көшiргiш техникасы", "түрлi-түстi көбейткiш-көшiргiш техникасын" сөздерiмен толықтырылсын.

     4 тармақ "қаруларды" сөзiнен соң "түрлi-түстi 
көбейткiш-көшiргiш техникасын" сөздерiмен толықтырылсын;
     13 тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     " - түрлi-түстi көбейткiш-көшiргiш техника сатып алуға, 
сақтауға және пайдалануға";
     (7-абзац)
<*>

     Ескерту. 4-тармақтың 7-шi абзацының күшi жойылған - ҚРМК-нiң
              1995.02.02. N 110 қаулысымен.  

P950110_

 
            Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi