О вpеменных дополнительных меpах в связи с введением на теppитоpии Республики Туpкменистан национальной валюты

ПОСТАНОВЛЕНИЕ Кабинета Министpов Республики Казахстан от 22 октябpя 1993 г. N 1050. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 27 июля 2005 г. N 781

      В связи с введением на территории Республики Туркменистан с 1 ноября 1993 г. национальной валюты - маната, в целях защиты экономических интересов Республики Казахстан Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить временное ограничение на ввоз через границу с Республикой Туркменистан наличных денежных средств. До 1 ноября 1993 г. при пересечении границы разрешить гражданам ввозить в Республику Казахстан не более 100 тыс. рублей денежных билетов Госбанка СССР и Банка России образца 1961-1992 годов. С 1 ноября 1993 г. полностью запретить ввоз из Республики Туркменистан денежных билетов Госбанка СССР и Банка России образца 1961-1992 годов.
      2. Главному таможенному управлению Министерства финансов совместно с Министерством внутренних дел Республики Казахстан обеспечить досмотр граждан и перевозимых грузов из Республики Туркменистан в соответствии с действующим законодательством. При этом изъятие денежной наличности производится в порядке, установленном постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 15 сентября 1993 г. N 883 "О временных дополнительных мерах по защите экономических интересов Республики Казахстан".
      3. Главам местных администраций, министерствам и ведомствам, руководителям хозяйствующих субъектов до определения официального курса туркменского маната Национальным банком Республики Казахстан взаиморасчеты с хозяйствующими субъектами Туркменистана производить в российских рублях или в свободно конвертируемой валюте.
      4. Рекомендовать Национальному банку Республики Казахстан и акционерно-коммерческим банкам прекратить прием безналичных перечислений из Республики Туркменистан.
      5. В абзаце втором пункта 1 постановления Кабинета Министров Республики Казахстан по 15 сентября 1993 г. N 883 "О временных дополнительных мерах по защите экономических интересов Республики Казахстан" слова: "Республики Туркменистан" исключить.

     Премьер-министр
  Республики Казахстан

Түркменстан Республикасының аумағында ұлттық валютаның енгiзiлуiне байланысты уақытша қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 22 қазан 1993 ж. N 1050. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Түркменстан Республикасының аумағында 1993 жылғы 1 қарашадан бастап ұлттық валюта - манаттың енгiзiлуiне байланысты, Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Түркменстан Республикасымен арадағы шекара арқылы қолма-қол ақша қаражатын әкелуге уақытша шектеу қойылсын. 1993 жылғы 1 қарашаға дейiн шекарадан өткен кезде азаматтарға Қазақстан Республикасына КСРО Мемлекеттiк банкiсi мен Ресей банкiсiнiң 1961-1992 жылдардағы үлгiдегi 100 мың сомнан аспайтын мөлшерде ақша билеттерiн әкелуге рұқсат етiлсiн. 1993 жылғы 1 қарашадан бастап КСРО Мемлекеттiк банкiсi мен Ресей банкiсiнiң 1961-1992 жылдардағы үлгiдегi ақша билеттерiн Түркменстан Республикасынан әкелуге толық тыйым салынсын. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас кеден басқармасы Iшкi iстер министрлiгiмен бiрлесiп, Түркменстан Республикасынан келе жатқан азаматтар мен жүктердi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тексерудi қамтамасыз етсiн. Бұл орайда қолма-қол ақшаны алып қою Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қорғау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 15 қыркүйектегi N 883 қаулысымен белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi. 
      3. Жергiлiктi әкiмдер, министрлiктер мен ведомстволар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басшылары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсi түркмен манатының ресми курсын анықтағанға дейiн Түркменстанның шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiмен өзара есеп айырысуды Ресей сомымен немесе еркiн айналымдағы валютада жүргiзетiн болсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсi мен акционерлiк-коммерциялық банктерге Түркменстан Республикасынан ақшасыз аударымдарды қабылдауды тоқтату ұсынылсын. 
      5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қорғау жөнiндегi уақытша қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 15 қыркүйектегi N 883 қаулысы 1-тармағының екiншi абзацындағы "Түркменстан Республикасы" деген сөздер алып тасталсын. 

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi