О Московском бюро службы Пресс-секретаря Президента Республики Казахстан

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 8 ноября 1993 года N 1105

      В целях повышения эффективности функционирования службы Пресс-секретаря Президента Республики Казахстан, совершенствования информационного обеспечения деятельности Президента и Правительства республики Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Образовать при Полномочном Представительстве (Посольстве) Республики Казахстан в Российской Федерации Московское бюро службы Пресс-секретаря Президента Республики Казахстан в количестве двух единиц - руководителя Бюро на уровне Советника Полномочного Представительства (Посольства) Республики Казахстан в Российской Федерации и референта на уровне второго секретаря Полномочного Представительства (Посольства) Республики Казахстан.
      2. Министерству финансов Республики Казахстан и Министерству иностранных дел Республики Казахстан предусмотреть начиная с 1 января 1994 г. в смете расходов на содержание Полномочного Представительства (Посольства) Республики Казахстан в Российской Федерации необходимые ассигнования на содержание двух единиц Московского бюро службы Пресс-секретаря Президента Республики Казахстан.
      3. Полномочному Представителю (Послу) Республики Казахстан в Российской Федерации обеспечить надлежащие условия для функционирования Московского бюро службы Пресс-секретаря Президента, его взаимодействия со службами Полномочного Представительства (Посольства) в Российской Федерации.
   Премьер-министр
Республики Казахстан


Қазақстан Республикасы Президентiнiң Баспасөз-хатшысы қызметiнiң Мәскеу бюросы туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 8 қараша 1993 ж. N 1105

      Қазақстан Республикасының Баспасөз-хатшысы қызметiнiң жұмыс тиiмдiлiгiн арттыру, Президент пен республика Үкiметiнiң қызметiн ақпаратпен қамтамасыз етудi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi Өкiлдiгi (Елшiлiгi) жанынан екi адамнан - Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi Өкiлдiгiнiң (Елшiлiгiнiң) Кеңесшiсi деңгейiндегi Бюро жетекшiсiнен және Қазақстан Республикасы Өкiлеттi Өкiлдiгiнiң (Елшiлiгiнiң) екiншi хатшысы деңгейiндегi референттен тұратын Қазақстан Республикасының Президентi Баспасөз-хатшысы қызметiнiң Мәскеу бюросы құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi 1994 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi Өкiлдiгiн (Елшiлiгiн) ұстауға кететiн шығыс сметасында Қазақстан Республикасы Президентiнiң Баспасөз-хатшысы қызметiнiң Мәскеу бюросының екi қызметкерiн ұстауға қажеттi қаржы бөлiнуiн көздесiн.
      3. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Өкiлеттi Өкiлi (Елшiсi) Президент Баспасөз хатшысы қызметiнiң Мәскеу бюросының жұмысына, оның Ресей Федерациясындағы Өкiлеттi Өкiлдiктiң (Елшiлiктiң) қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасауына тиiстi жағдай туғызылуын қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi