Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жаңа тұрғын үй саясаты
туралы" 1993 жылғы 6 қыркүйектегi N 1344 Жарлығын орындау үшiн
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда
құрылыс салу министрлiгi қызметiнiң негiзгi мiндеттерi мен
бағыттары:
бүкiл құрылыс кешенiн реттеу;
сәулет-қала құрылысы қызметiнде және күрделi құрылыста баға
құрауда бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзу;
жаңа тұрғын үй саясатының мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге
асыру жөнiндегi жұмысты жалпы үйлестiру, оны одан әрi жетiлдiру
жөнiнен ұсыныстар әзiрлеу, меншiк нысаны мен қаржыландыру көзiне
қарамастан тұрғынжай құрылысы процесiне барлық қатысушылардың
қызметiне қала құрылысы тұрғысынан бақылау жасаудың ережесiн
әзiрлеу және iрiктеп бақылау жүргiзу;
республикалық және аймақтық құрылыс нормалары мен ережелерiн
әзiрлеу мен бекiту, құрылыс пен сәулет, инвестициялық қызмет
салаларында заң мен нормативтi актiлер жобаларын, құрылыстың
экономикалық тетiгiн әзiрлеу;
белгiленген тәртiпке сай сәулет-қала құрылысы қызметiнiң
жүйесiнде лицензиялауды, жобалардың мемлекеттiк сараптамасын,
құрылыс өнiмдерiнiң сапасына және аумақтарда құрылыс салуда
нормативтiк талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
құрылыс кешенi холдинг компанияларының қызметiн мемлекеттiк
реттеу;
мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп,
құрылыс пен аумақтарда құрылыс салу саласында аймақтық,
республикалық және мемлекетаралық проблемаларды шешуге және шетел
инвестицияларын тарту мен жүзеге асыруға қатысу;
республикада қоныстанудың мемлекеттiк схемасын әзiрлеу,
әрi оның негiзiнде мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен,
жергiлiктi атқару органдарымен бiрге аумақты тиiмдi пайдалануды,
өнеркәсiптiк, азаматтық, көлiктiк және рекреациялық құрылысты
ұтымды орналастыру мен экономикалық, әлеуметтiк және экологиялық
мiндеттердi өзара байланыстыра шешудi қамтамасыз ету, республика
аумағында мемлекеттiк қала құрылысы кадастрын енгiзу болып
белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және
аумақтарда құрылыс салу министрлiгi жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге
асыру, құрылыс кешенi мен аумақтарда құрылыс салуды мемлекеттiк
реттеу жөнiндегi салааралық орган болып табылады және ол өз
құзырына берiлген мәселелер бойынша министрлiктер, ведомстволар,
жергiлiктi әкiмдер, концерндер, холдинг компаниялары,
корпорациялар, қауымдастықтар, ведомстволық бағыныстылығына
қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдар орындауға мiндеттi шешiмдер
қабылдайды деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және
аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң құрамына кiретiн
кәсiпорындар мен ұйымдардың қоса берiлiп отырған тiзбесi
бекiтiлсiн.
4. Облыстардың орталықтарында, Алматы және Ленинск қалаларында
Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда
құрылыс салу министрлiгiнiң сәулет-қала құрылысы қызметiн
лицензиялауды, құрылыс өнiмдерiнiң сапасын бақылауды және
жобалардың мемлекеттiк сараптамасын жүзеге асыратын құрылымдары
жұмыс iстейтiн болып белгiленсiн.
5.
<*>
Ескерту. 5-шi тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.06.23.
N 872 қаулысымен.
6.
<*>
Ескерту. 6-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.06.12.
N 813 қаулысымен.
7. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және
аумақтарда құрылыс сату министрлiгiне құрылыс кешенiнiң холдинг
компанияларымен бiрлесiп, кадрларды қайта даярлау мен бiлiктiлiгiн
арттырудың нарық экономикасының талаптары ескерiлген салық жүйесiн
ұйымдастыру тапсырылсын.
8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiленген
адам санын және мемлекеттiк басқару органдары қызметкерлерiне еңбек
ақы төлеудiң қолданылып жүрген шартын ескерiп, Қазақстан
Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу
министрлiгi бойынша 1993 жылға арналған еңбекақы қорын анықтасын,
сондай-ақ осы министрлiкке жабдықтар, iс техникасын, жиhаз
және мүкәммал сатып алу мен ұстауға арнап жыл сайын қаржы, соның
iшiнде еркiн айналыстағы шетел валютасын бөлудi қарастырсын.
<*>
Ескерту. 8-тармақтың бiрiншi абзацының күшi жойылған -
ҚРМК-нiң 1994 ж, 17 қарашадағы N 1301 қаулысымен.
9. Алқа құрамына министр мен оның орынбасарлары және лауазымына
қарай министрлiктiң басшы қызметкерлерi кiретiн болып белгiленсiн.
<*>
Алқа мүшелерiн министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
<*>
Ескерту. 9-тармақтың бiрiншi абзацының бiрiншi сөйлемiнiң күшi
жойылған - ҚРМК-нiң 1994 ж, 17 қараша N 1301
қаулысымен.
9-тармағына iшiнара өзгерту енгiзiлген Қазақстан
Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда
құрылыс салу министрлігіне құрамында 12 адамы бар
алқа құруына рұқсат етiлген - ҚРМК-нiң 1994 ж. 20
шiлдедегi N 819 қаулысымен.
(10-тармақ)
<*>
.
Ескерту. 10-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1994 ж. 17 қараша
N 1301 қаулысымен.
11. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар
министрлiгi 1993-1994 жылдары Қазақстан Республикасының Құрылыс,
тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiне қажеттi
компьютерлiк техника берудi қарастырсын.
12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi:
Алматы қаласының әкiмiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының
Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң
орталық аппаратын орналастыру үшiн бiр ай мерзiмде Алматы
қаласында қызмет үй-жайын бөлсiн;
белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Құрылыс,
тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiне өзiнiң
құрамына енетiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн
және акциясының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және
басқару құқығын берсiн.
13. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi Құрылыс,
тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң орталық
аппараты үшiн үкiметтiк, арнаулы және қалалық телефон байланысы
нөмiрлерiнiң қажеттi санын бөлудi қарастырсын.
14. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және
аумақтарда құрылыс салу министрлiгi мен Қазақстан Республикасының
Әдiлет министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен
бiрлесiп, екi ай мерзiмде Республика Үкiметiнiң бұрын қабылданған
шешiмдерiн осы Қаулыға сәйкестендiру туралы ұсыныстарын Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
15. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және
аумақтарда құрылыс салу министрлiгi бiр ай мерзiмде Министрлiк
туралы ереженiң жобасын белгiленген тәртiппен әзiрлеп, Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне енгiзсiн.
16. Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ КСР-iнiң Сәулет
және құрылыс жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң мәселелерi туралы"
1991 жылғы 21 ақпандағы N 127 қаулысының күшi жойылған деп
танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 15 қарашадағы
N 1136 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасының Құрылыс,
тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу
министрлiгiнiң құрамына кiретiн ұйымдардың
Тiзбесi
Мемлекеттiк ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименттiк институты
"КазНИИССА", Алматы қаласы
"Казгипроград" мемлекеттiк жобалау институты, Алматы қаласы
"Казводоканалпроект" мемлекеттiк жобалау институты, Алматы қаласы
"Кокшетаугорсельпроект" мемлекеттiк жобалау институты, Көкшетау
қаласы
"Тургайпроект" мемлекеттiк жобалау институты, Арқалық қаласы
"Кустанайгражданпроект" мемлекеттiк жобалау институты, Қостанай
қаласы
"Павлодаргражданпроект" мемлекеттiк жобалау институты, Павлодар
қаласы
"ПавлодарГИИЗ" мемлекеттiк инженерлiк iздестiрулер институты,
Павлодар қаласы
"Жезказгангражданпроект" мемлекеттiк жобалау институты, Жезқазған
қаласы
"КзылордаГИИЗ" мемлекеттiк инженерлiк iздестiрулер институты,
Қызылорда қаласы
"Целингражданпроект" мемлекеттiк жобалау институты, Ақмола қаласы
"Карагандагражданпроект" мемлекеттiк жобалау институты, Қарағанды
қаласы
"КазНИОПС" мемлекеттiк ғылыми-өндiрiстiк орталығы, Қарағанды қаласы
"КарагандаГИИЗ" мемлекеттiк инженерлiк iздестiрулер институты,
Қарағанды қаласы
"Стройизыскатель" мемлекеттiк кәсiпорны, Петропавл қаласы
"ВостокГИИЗ" мемлекеттiк инженерлiк iздестiрулер институты, Өскемен
қаласы
"Стройизыскатель" мемлекеттiк шағын кәсiпорны, Семей қаласы
"АқтюбГИИЗ" мемлекеттiк инженерлiк iздестiрулер институты, Ақтөбе
қаласы
"Казтиппроект" мемлекеттiк үлгi-жобалау институты, Алматы қаласы
Құрылыстың басшы қызметкерлерi мен құрылыс мамандарының
бiлiктiлiгiн арттыру мемлекеттiк институты "РИПКС", Алматы қаласы
"КазГИИЗ" инженерлiк iздестiрулер жалгерлiк бас институты, Алматы
қаласы
"Атыраупроект" жалгерлiк жобалау институты, Атырау қаласы
"Жамбылгражданпроект" жалгерлiк жобалау институты, Жамбыл қаласы
"Южгражданпроект" жалгерлiк жобалау институты, Шымкент қаласы
"ЮжГИИЗ" инженерлiк iздестiрулер жалгерлiк институты, Шымкент
қаласы
"Изыскатель" инженерлiк iздестiрулер жалгерлiк институты, Жамбыл
қаласы
"Севгражданпроект" жалгерлiк кәсiпорны, Петропавл қаласы
Республикалық салааралық құрылыс саласындағы ғылыми-техникалық
ақпарат орталығы "КазЦНТИС", Алматы қаласы
"Граждансельпроект" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
"Промстройпроект" акционерлiк кәсiпорны, Алматы қаласы
"Интерпроект" акционерлiк жалгерлiк кәсiпорны, Алматы қаласы
"Индускұрылысжоба" Целиноград мемлекеттiк жобалау-конструкторлық
және технологиялық институтының шағын мемлекеттiк кәсiпорны,
Акмола қаласы
"Қазақ Ауырөнеркәсiпэлектржоба" мемлекеттiк жобалау институты,
Алматы қаласы
"Сантехжоба" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
<*>
Ескерту. Тiзбе толықтырылған және өзгерген - ҚРМК-нiң 1994 ж.
17 қараша, N 1301 қаулысы бойынша.