Әлеуметтiк-мәдени мекемелерде бюджет қаражатын тиiмдi және
нысаналы пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетi қаулы етедi:
1. Әлеуметтiк-мәдени мекемелерде Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетi мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1987 жылғы 19
қарашадағы N 514 қаулысымен, Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1988
жылғы 15 маусымдағы N 278 және 1988 жылғы 28 қарашадағы N 553
қаулыларымен, сондай-ақ Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1989 жылғы
10 шiлдедегi N 127 және 1990 жылғы 20 тамыздағы N 188 өкiмдерiмен
енгiзiлген шаруашылық жүргiзудiң жаңа шарттарының 1993 жылғы
1 желтоқсаннан күшi жойылсын.
2. Бюджеттегi әлеуметтiк-мәдени мекемелер бойынша жоспарлау
мен қаржыландыру шығындары Қазақстан Республикасының бюджет атқару
жөнiндегi бюджеттiк мекемелерi үшiн белгiленген тәртiпке сәйкес
жүргiзiлетiн болып белгiленсiн.
3. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сай Қазақ КСР Үкiметi
шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi