Достастық мемлекеттерi басшылары Кеңесiнiң "Тәжiкстан
Республикасының Ауғанстанмен мемлекеттiк шекарасы учаскесiндегi
жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы
24 желтоқсандағы Ашғабат қаласында қабылдаған шешiмiне сәйкес
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасынан барған жиынтық батальонның
Тәжiкстан Республикасының Ауғанстанмен мемлекеттiк шекарасы
учаскесiнде болу мерзiмi 1994 жылдың соңына дейiн ұзартылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне, Ұлттық
қауiпсiздiк Комитетiне, Iшкi iстер министрлiгiне 1994 жылғы 20
қаңтарға дейiнгi мерзiмде алмастырылуға тиiс батальонның жеке
құрамына алып шығу және ТМД-ның сыртқы шекарасын қорғау үшiн
контракт негiзiнде жаңа жиынтық батальон жасақтау тапсырылсын. Оны
мiндетiн орындауы үшiн 1994 жылғы 25 қаңтардан 1 ақпанға дейiн
Тәжiкстан Республикасына кiргiзетiн болсын.
Жиынтық батальонның командованиесi Қазақстан Республикасы
Шекара әскерлерi офицерлерiнiң қатарынан тағайындалсын, ал басшылық
жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара
әскерлерi бас басқармасына жүктелсiн.
3. Достастықтың сыртқы шекарасын қорғау, Тәжiкстан
Республикасының Ауғанстанмен мемлекеттiк шекарасы учаскесiндегi
жағдайды тұрақтандыру жөнiндегi мемлекетаралық шарттарға, келiсiмдер
мен шешiмдерге сәйкес мiндетiн орындап жүрген Қазақстан Республикасы
қарулы күштерiнiң әскери қызметшiлерiне Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекетаралық шарттар мен Келiсiмдерге
сәйкес тәжiк-ауған учаскесiнде ТМД-ның сыртқы шекарасын күзетудi
күшейту жөнiндегi мiндеттердi орындаушы Қазақстан Республикасының
әскери қызметшiлерiне берiлетiн қосымша кепiлдiктер және оларға өтем
жасау туралы" 1993 жылғы 30 сәуiрдегi N 335
P930335_
Қаулысы (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 14, 172-бап) қолданылсын.
4. Тәжiкстан Республикасындағы жиынтық батальонды ауыстыру
мен ұстауға байланысты шығыстар Қазақстан Республикасының жалпы
мақсаттағы Қарулы Күштерiн, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi мен Iшкi
iстер министрлiгiн қаржыландыру үшiн республикалық бюджетте
көзделген қаражат есебiнен жүргiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi