Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық басқару
органдары жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы
N 1291
U931291_
Жарлығын басшылыққа ала отырып және Атом
энергетикасы мен өнеркәсiбi жөнiндегi "КАТЭП" ұлттық акционерлiк
компаниясына кiретiн кәсiпорындардың ерекшелiгiн ескерiп, Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi мен "КАТЭП" ұлттық акционерлiк компаниясына
"Тың кен-химия комбинаты" өндiрiс бiрлестiгi мен "Үлбi металлургия
зауыты" өндiрiс бiрлестiгiн оларға кiретiн құрылымдық бiрлiктер
құрамында акционерлендiру және "Каскор" акционерлiк компаниясын
холдинг компаниясы етiп қайта құру тапсырылсын.
2. Құрылған компанияларға "Тың кен-химия комбинаты" акционерлiк
компаниясы және "Үлбi" акционерлiк компаниясы атауы берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi, "КАТЭП" ұлттық акционерлiк компаниясы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық басқару
органдары жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы
N 1291 Жарлығына сәйкес "Каскор" акционерлiк компаниясының
құрылтай құжаттарына қажеттi өзгерiстер енгiзетiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi