Шаруашылық басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1993 жылғы 23 маусым N 1291. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.01.10. N 2017 Жарлығымен.

      Республиканың халық шаруашылық кешенiн мемлекеттiк реттеудiң тиiмдiлiгiн арттыру, нарықтық қатынастарға бағдарланған шаруашылық басқарудың жаңа құрылымдарын қалыптастыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Ұлттық акционерлiк компаниялар, мемлекеттiк акционерлiк компаниялар, оның iшiнде холдинг компаниялары (бұдан әрi - компаниялар) қосымшаға сәйкес құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      - екi айға дейiнгi мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993 - 1995 жылдарға (II кезең) арналған ұлттық бағдарламасына сәйкес компаниялардың құрылтай құжаттарының пакеттерiн дайындасын;
      - тиiстi компанияларға қосылатын кәсiпорындардың тiзбесiн бекiтсiн;
      - құрылатын компанияларға кiретiн акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн, Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң ұлттық бағдарламасының бағыттарына сәйкес жүзеге асыру үшiн комитетке берiлетiн пакеттен басқасын осы компаниялардың Жарғылық қорларына берсiн;
      - компанияларға құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн тиiстi нормативтiк құжаттарда белгiленген тәртiппен иелену, пайдалану және басқару құқын берсiн.
      Сол кәсiпорындар акционерленгеннен кейiн мемлекеттiк кәсiпорындар негiзiнде құрылатын акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi, Комитеттiң сатуы үшiн келiп түсетiн акциялар пакетiнен басқасы, тиiстi компанияның иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берiледi деп белгiленсiн.
      3. Компаниялардың президенттерi тиiстi нормативтi құжаттарда айқындалатын тәртiппен тағайындалады деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне компаниялардың құрамына енгiзiлетiн кәсiпорындардың тiзбелерi бойынша қажет болған жағдайда өзгерiстер енгiзу құқы берiлсiн.
      5. Министрлер кабинетi, жергiлiктi әкiмдер:
      - осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiнде қажеттi шешiмдер

қабылдасын;
     - осы Жарлыққа қайшы келетiн нормативтi актiлер күшiнiң
жойылуын қамтамасыз етсiн.
     6. Осы Жарлық қол қойылған кезден бастап күшiне енгiзiлсiн. 
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
                                        Қазақстан Республикасы
                                            Президентiнiң
                                       1993 жылғы 23 маусымдағы
                                           N 1291 Жарлығына
                                                Қосымша 
     
            Құрылатын Ұлттық, холдингтiк және акционерлiк
                         компаниялардың      
                            Тiзбесi
                             (Кесте) 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады