Оңтүстiк Қазақстан облысының Кентау қаласының кәсiпорындары
мен экономикасын дағдарыс жағдайынан шығару мақсатында Қазақстан
Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда
министрлiгiмен және "Қазақстан түстi металдары" Ұлттық акционерлiк
компаниясымен бiрлесiп, Шалқия кен басқармасын "Ақсұңқар"
Мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамына қосу туралы мәселенi
қарасын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда
министрлiгiмен бiрлесiп, "Сарыарқаполиметалл" өндiрiстiк
бiрлестiгiнiң кенiн "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк
қоғамының кен байыту қуаттарында ұқсату үшiн тасымалдауға жеңiлдiктi
темiр жол тарифтерiн белгiлеу мәселесiн қарасын.
3. "Жолсерiк" Мемлекеттiк холдинг компаниясы белгiленген
тәртiппен "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының
балансына кәсiпорынның кен байыту фабрикаларында үздiксiз
технологиялық процестердi қамтамасыз ететiн темiр жол кiрме
жолдарын, ғимараттар мен жылжымалы составты, сондай-ақ тар
табанды темiр жол желiсiн берсiн.
4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi
алтын шығатын Күмiстi кен орнын өнеркәсiптiк игеруге 1994-1995
жылдары "Алтыналмас" Ұлттық акционерлiк компаниясының қаражаты
есебiнен "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамына
қаржылай жәрдем көрсетсiн.
5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1995
жылы Қазақстан Республикасының Экономикалық өзгерiстер қоры есебiнен
қаржыландырылатын құрылыстар мен объектiлердiң тiзбесiне
"Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамның Күшата қалдық
сақтау қоймасы құрылысын енгiзсiн.
6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы
министрлiгi "Қазақстан Республикасының Экономикалық өзгерiстер
қоры қаржысын 1994 жылы пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 27 қаңтардағы N 105 қаулысымен
көзделгендей мөлшерде 1994 жылдың екiншi жартысында Шалқия
кен басқармасының құрылысын басымдықпен қаржыландыруды қамтамасыз
етсiн.
7.
<*>
ЕСКЕРТУ. 7-тармақтың күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.04. N 1488
қаулысымен.
P971488_
8. Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда
министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Экология және биоресурстар
министрлiгiмен, басқа да мүдделi министрлiктермен және
ведомстволармен бiрлесiп, Мырғалымсай кен орнында суды ағызу
режимiнiң өзгеруi салдарынан қалыптасып отырған экологиялық
жағдайды ескерiп, Оңтүстiк Қазақстан облысының Түркiстан
ауданында су ресурстарын пайдалану жөнiнде бiр айлық мерзiмде
ұсыныс енгiзсiн.
9. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi,
"Қазақстан түстi металдары" Ұлттық акционерлiк компаниясы барлық
мүдделi министрлiктердiң және ведомстволардың қатысуымен Мырғалымсай
кен орны кенiштерiн тоқтатудың және Мырғалымсай кен орны кенiштерiн
толық немесе iшiнара су алу кезiнде болуы ықтимал экологиялық
және кен-геологиялық зардаптарды бағамдап, "Ащысай полиметалл
комбинаты" акционерлiк қоғамының Байжансай кенiшiн жою жобаларын
әзiрлесiн.
Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар
министрлiгi, Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi осы
жобаларды белгiленген тәртiппен қарасын және олар жөнiнде тиiстi
тұжырым жасасын.
10. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi Қазақстан
Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен бiрлесiп,
"Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының аталған
кенiштерiн тоқтату және жою салдарынан босайтын бiлiктi мамандарды
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес олар үшiн өзара тиiмдi
шарттармен республиканың басқа кен қазу кәсiпорындарында және
одан тыс жерлерде пайдалану және әлеуметтiк қорғау туралы
мәселенi шешсiн; бұрынғы тұрғылықты орнында қалуға тiлек бiлдiрген
мамандарды жаңа кәсiптерге қайта оқыту мен қайта даярлауға
жәрдем көрсетсiн.
11. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Түркiстан
қаласындағы мақтадан жiп иiру объектiлерiнiң құрылысы орнына
"Южшахтострой" тресiнiң салынып бiтпеген өндiрiстiк корпустарында
және Кентау қаласындағы трансформаторлар зауытында осындай
өндiрiс қуаттарын 1995 жылы iске қосуды ұйымдастыруды көздеп,
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы
27 қаңтардағы N 105 қаулысын өзгерту жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
12. Шахтадан су айдау кешенiн қаржыландыру жөнiнде шаруашылық
операцияларын жүргiзу үшiн, оны қаржыландыру көзiнiң мәселесi
шешiлгенге дейiн "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамына
арнайы жеке есепшот ашуға және осы қаулының 7-9 тармақтарын жүзеге
асыруға рұқсат етiлсiн.
13. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы
министрлiгi белгiленген тәртiппен жоғарыда аталған кешендi пайдалану
жөнiндегi шығындарды өтеу көздерiн айқындасын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi