Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Өкiлеттi
Өкiлдiгiнiң /Елшiлiгiнiң/ штатына 1994 жылдың 1 шiлдесiнен
кеңесшi-өкiл қосымша лауазымы енгiзiлсiн.
2. Лауазымдық жалақы Ресей Федерациясындағы Қазақстан
Республикасы Өкiлеттi Өкiлдiгiнiң /Елшiлiгiнiң/ қолданылып жүрген
еңбек ақы жүйесiне сәйкес белгiленсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi