Қазақстан Республикасын Президентiнiң "Әзiрбайжан Республикасында,
Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Грузия
Республикасында, Қырғызстан Республикасында, Молдова Республикасында,
Түркменстанда, Өзбекстан Республикасында, Украинада Қазақстан
Республикасының Елшiлiктерiн ашу туралы" 1993 жылдың 9 қаңтарындағы
N 1057
U931057_
Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Әзiрбайжан Республикасындағы Қазақстан Республикасы
Елшiлiгiнiң штат саны 10 адам болып бекiтiлсiн.
2. Әзiрбайжан Республикасындағы Қазақстан Республикасының
Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң лауазымдық шет ел валютасындағы
жалақысы айына 700 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Әзiрбайжан
Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң шет ел валютасындағы
жалақысының негiзiнде штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
3. Елшiлiк қызметкерлерiне медициналық көмек көрсетуге олардың
АҚШ долларындағы еңбек ақы қорынан 1 процент мөлшерiнде аударым
жасау белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қаржы
министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Әзiрбайжан Республикасындағы
Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат кестесi мен шығын сметасын
бекiтсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған
мақсаттарға 1994 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген
қаржы есебiнен қаражат бөлудi қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi