Бонн қаласында жылжымайтын мүлiк рыногындағы қолайлы
конъюнктураны, сондай-ақ "Бергманн" фирмасымен өтем негiзiнде
қаржыландыру туралы қол жеткен уағдаластықты ескере отырып,
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтiк Республикасындағы
Елшiлiгiн орналастыру үшiн республиканың меншiгiне Обервинтер селосы
(Бонн), Рейнхохенвег көшесiндегi аумағы 0,4 га учаскесi бар N 79
үйдi сатып алу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Германия Федеративтiк
Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсi С.Т.Тұрсыновқа сатып
алу-сату шартына қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi,
Экономика министрлiгi 1994 жылдың екiншi жартысында республикадан
3 мың тонна мыс беру туралы 1994 жылдың 1 қазанына дейiн "Бергманн"
фирмасымен контракт жасасып, онда Қазақстан Республикасының Елшiлiгi
үшiн аталған үйдi сатып алудың өзара есеп айырысуға қажеттi
шарттарын көздейтiн болсын.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi
iшкi бағамен 3 мың тонна мыс сатып алу үшiн аталған контракт
бойынша түскен валюталық түсiмнiң бiр бөлiгiн белгiленген тәртiппен
теңгеге айналдыратын болсын.
4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1994 жылдың
1 қазанына дейiн экспортқа берiлетiн басқа өнiмдердi кемiту
есебiнен 3 мың тонна мыс шығару үшiн квота бөлiнуiн қамтамасыз
етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi
1994 жылдың 1 қазанына дейiн экспортқа 3 мың тонна мыс шығаруға
лицензия беретiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi