Табиғи газға бағаны реттеу және төлемдердiң жасалмау
дағдарысынан арылу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетi қаулы етедi:
1. Үстiмiздегi жылдың бiрiншi тоқсанында Өзбекстан берген
табиғи газдың сатып алу мен босатылу бағаларының арасындағы
айырма есебiнен түзiлген 60 млн. АҚШ доллары сомасындағы берешек
мемлекеттiк қарыз ретiнде танылсын.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi және темiр жол басқармалары табиғи газ бергенi үшiн
Өзбекстанға АҚШ долларымен 60 млн. берешектi осы мемлекеттердiң
энергия жүйелерi мен темiр жолдары арасындағы өзара есеп айырысудың
қолданылып жүрген тәртiбiн сақтай отырып, Өзбекстаннан Қазақстанның
аумағы бойынша темiр жолмен жүрiп өтуге Өзбекстанның ақы төлеуi
есебiнен өтеудi қамтамасыз ететiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан
Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi темiр
жолдарының табиғи газ үшiн АҚШ долларымен 60 млн. сом қарызды өз
табысы есебiнен төлеуiн 1994 жылдың қарызын қоса алғанда 1995
жылдан бастап үш жыл iшiнде жолаушылар вагондарын алуға берiлген
Германия кредитiнiң орнын жабумен өтейтiн болсын.
4. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы
саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1994 жылдың бiрiншi
тоқсанында Өзбекстан берген табиғи газ үшiн Қазақстан Республикасы
берешегiнiң көлемiн түзетудi ескере отырып табиғи газға бағаны
қалыптастырудың тәртiбiн қайта қарасын.
Қазақстан Республикасының мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi
республиканы газбен жабдықтау жүйесi бойынша газды тасымалдаудың
өзiндiк құнын төмендету есебiнен газдың көтерме және босату
бағасын азайту жөнiнде шаралар қолданатын болсын.
Өнеркәсiптiң табиғи газға жаңа көтерме бағасы 1994 жылғы
15 қарашадан бастап енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi