Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Бiр кәсiпорындағы технологиялық процестiң аяқталмауына және
түскен пайданың орындалған жұмыс көлемiне сәйкес келмеуiне
байланысты "Қазақтелеком" Ұлттық акционерлiк компаниясына 1995 жылы
компанияға кiретiн телекоммуникациялар кәсiпорындарының негiзгi
қызметiнен түсетiн пайданы олардың өндiрiстiк процеске үлестiк
қатысуына қарай қайта бөлуге рұқсат берiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi