О Казахском культурном и деловом центре Полномочного Представительства (Посольства) Республики Казахстан в Российской Федерации

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 17 февраля 1995 г. N 173

      В целях реализации Договора об экономическом, научно-техническом и культурном сотрудничестве между Правительством Республики Казахстан и Правительством г. Москвы и достигнутых договоренностей между Республикой Казахстан и Российской Федерацией Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Создать при Полномочном Представительстве (Посольстве) Республики Казахстан в Российской Федерации "Казахский культурный и деловой центр".
      2. Утвердить Основные направления деятельности Казахского культурного и делового центра при Полномочном Представительстве (Посольстве) Республики Казахстан в Российской Федерации (прилагается).
      3. Министерствам и ведомствам Республики Казахстан, главам областных, Алматинской и Ленинской городских администраций оказывать всестороннюю помощь в практической деятельности Казахского культурного и делового центра.
  Премьер-министр
Республики Казахстан


                                           Утверждены

постановлением Кабинета Министров Республики Казахстан от 17 февраля 1995 г. N 173


                  Основные направления деятельности
               Казахского культурного и делового центра
            при Полномочном Представительстве (Посольстве)
             Республики Казахстан в Российской Федерации

      1. Казахский культурный и деловой центр создается как инвестиционно-строительный центр и торговый дом при Полномочном Представительстве (Посольстве) Республики Казахстан в Российской Федерации в целях развития сотрудничества и реализации договоров об экономическом, научно-техническом и культурном сотрудничестве между Правительством Республики Казахстан и Правительством г. Москвы и достигнутых договоренностей между Республикой Казахстан и Российской Федерацией.
      2. Основные направления деятельности Центра:
      осуществление функций "Заказчика" самостоятельной дирекции при Полномочном Представительстве (Посольстве) Республики Казахстан в Российской Федерации по реконструкции зданий и сооружений, строительству жилых домов, в том числе для переселения жильцов из реконструируемых зданий и сооружений;
      привлечение средств предприятий и организаций, других юридических и физических лиц, в том числе зарубежных, для строительства и реконструкции зданий и сооружений, жилья;
      создание в этих целях акционерного общества по совместной реконструкции, строительству и эксплуатации зданий и сооружений, при этом доля привлекаемых инвестиций не должна превышать 49 процентов выпускаемых акций;
      управление и распоряжение долей государственного имущества в акционерном обществе, при этом государственный пакет акций не должен быть менее 51 процента;
      осуществление коммерческой и внешнеэкономической деятельности по насыщению московского рынка, территориального управления "Басманное" г. Москвы товарами народного потребления в соответствии с Договором между Республикой Казахстан и Правительством г. Москвы.
      3. Для осуществления контроля за использованием выделенных Республикой Казахстан и инвесторами средств и деятельностью Казахского культурного и делового центра Полномочное Представительство (Посольство) Республики Казахстан в Российской Федерации организует с участием всех инвесторов Наблюдательный совет, который по должности возглавляет Советник-Посланник Полномочного Представительства (Посольства) Казахстана в России. Принятые Наблюдательным советом решения обязательны для выполнения дирекцией Казахского культурного и делового центра.
      4. Казахский культурный и деловой центр возглавляет генеральный директор, назначаемый распоряжением Полномочного Представителя (Посла) Республики Казахстан в Российской Федерации.

Қазақстан Республикасының Россия Федерациясындағы Өкiлеттi Өкiлдiгiнiң (Елшiлiгiнiң) Қазақ мәдениет және iскерлiк орталығы туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 17 ақпан N 173

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Москва қаласы Үкiметiнiң арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi Келiсiмдi жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы мен Россия Федерациясы арасындағы қол жеткен келiсiмдер мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Россия Федерациясындағы Өкiлеттi Өкiлдiгi (Елшiлiгi) жанынан "Қазақ мәдениет және iскерлiк орталығы" құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Россия Федерациясындағы Өкiлеттi Өкiлдiгi (Елшiлiгi) жанындағы Қазақ мәдениет және iскерлiк орталығы қызметiнiң Негiзгi бағыттары бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Қазақ мәдениет және iскерлiк орталығының практикалық қызметiне жан-жақты көрсететiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi


                                        Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 17 ақпандағы N 173 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН


           Қазақстан Республикасының Россия Федерациясындағы
             Өкiлеттi Өкiлдiгi (Елшiлiгi) жанындағы Қазақ
              мәдениет және iскерлiк орталығы қызметiнiң
                        негiзгi бағыттары
      1. Қазақ мәдениет және iскерлiк орталығы Қазақстан Республикасының Россия Федерациясындағы Өкiлеттi Өкiлдiгi (Елшiлiгi) жанынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Москва қаласы Үкiметiнiң арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi Келiсiмдi жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы мен Россия Федерациясы арасындағы қол жеткен келiсiмдер мақсатында инвестициялық-құрылыс орталығы және сауда үйi ретiнде құрылады.
      2. Орталық қызметiнiң негiзгi бағыттары:
      Қазақстан Республикасының Россия Федерациясындағы Өкiлеттi Өкiлдiгi (Елшiлiгi) жанындағы дербес дирекцияның үй-жайлар мен ғимараттарды қайта жаңғырту, тұрғын үйлер құрылысы, оның iшiнде тұрғындардың қайта жаңғыртылатын үй-жайлар мен ғимараттардан көшiп-қонуы жөнiндегi "Тапсырысшының" қызметтерiн жүзеге асырады;
      үй-жайлар мен ғимараттардың, тұрғын үйлердiң құрылысы үшiн және оларды қайта жаңғыртуға кәсiпорындар мен ұйымдардың, басқа заңды ұйымдар мен жеке адамдардың қаражаттарын тартады;
      осы мақсатта үй-жайлар мен ғимараттарды бiрлесiп қайта жаңғырту, салу және пайдалануға беру жөнiнде акционерлiк қоғам құру, сонымен бiрге тартылған инвестициялардың үлесi шығарылатын акциялардың 49 процентiнен аспауға тиiс;
      акционерлiк қоғамдағы мемлекеттiк мүлiктiң үлесiн басқару және иелiк ету, сонымен бiрге мемлекеттiк акциялар пакетi 51 проценттен кем болмауға тиiс;
      Москва рыногын, Москва қаласындағы "Басманное" аумақтық басқармасын Қазақстан Республикасы мен Москва қаласы Үкiметiнiң арасындағы келiсiмге сәйкес халық тұтынатын тауарлармен молықтыру жөнiндегi коммерциялық және сыртқы экономикалық қызметтердi жүзеге асырады.
      3. Қазақстан Республикасы мен инвесторлар бөлген қаражаттың пайдаланылуына және Қазақстан Республикасының Россия Федерациясындағы Өкiлеттi Өкiлдiгi (Елшiлiгi) жанындағы Қазақ мәдениет және iскерлiк орталығы қызметiне бақылау жасайды, барлық инвесторлардың қатысуымен Байқаушы кеңес ұйымдастырады, оны лауазымы бойынша Қазақстанның Россиядағы Өкiлеттi Өкiлдiгiнiң (Елшiлiгiнiң) Кеңесшi-Елшiсi басқарады. Байқаушы кеңестiң қабылдаған шешiмдерiн Қазақ мәдениет және iскерлiк орталығының дирекциясы орындауға мiндеттi.
      4. Қазақ мәдениет және iскерлiк орталығын Қазақстан Республикасының Россия Федерациясындағы Өкiлеттi Өкiлiнiң өкiмiмен тағайындалған бас директор басқарады.