Мемлекет мұқтажы үшiн астық сатып алуды қамтамасыз ету
мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы
етедi:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен
Қаржы министрлiгiнiң Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
"Мемлекеттiк ресурсқа 1995 жылдың астығын сатып алуды қамтамасыз
ету туралы" 1995 жылғы 21 наурыздағы N 309
P950309_
қаулысына
сәйкес құрылған Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясына
1995 жыл бойына тоқсан сайын аудара отырып, оның жарғылық қорын
қалыптастыруға 500 (бес жүз) мың теңге бөлу жөнiндегi ұсынысы
қабылдансын.
2. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясына Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен келiсiм бойынша
мынадай:
мемлекеттiк ресурсқа орталықтандырылған астық сатып алу
жөнiндегi мемлекеттiк тапсырысшы;
дайындаушы ұйымдар арасында мемлекет мұқтажы үшiн астық
сатып алуға тапсырыстарды орналастыру;
мемлекеттiк ресурсқа астық сатып алу мен беруге бақылау
жасауды ұйымдастыру;
мемлекеттiк ресурс астығын пайдалануды ұйымдастыру оның
қозғалысына есеп және бақылау жасауды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мемлекеттiк
ресурсқа астық көлемiн сатып алуға жiберiлген қаржы қажеттiлiгiн
анықтау және аталған операцияларды қаржыландыруға тартылатын
кредиттер жөнiндегi берешектi өтеу бойынша есеп айырысуды жүргiзу;
заңды тәртiппен белгiленген кредит заемшылар мiндеттерiн
жүзеге асыру жүктелсiн.
3. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясын Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң ұсынуы бойынша
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi лауазымға
тағайындайтын және лауазымнан босататын президент басқарады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi