Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 30 мая 1995 г. N 755. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 13 апреля 2000 г. N 570 ~P000570.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 30 мамыр N 755. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі N 570 қаулысымен. ~P000570
"Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi N 2171 қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссия туралы Ереже:
Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссия құрамы;
Тауар биржаларын лицензиялау туралы Ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, облыстық, Алматы және Ленинск қалалық әкiмдерi тауар биржаларының қалыптасуы мен қызметiне жәрдем көрсетсiн.
3. Тауар биржалары ретiнде тiркелген заңды ұйымдар, сондай-ақ жаңадан құрылатын тауар биржалары биржалық сауданы ұйымдастыруға арналған лицензияларды алу үшiн Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссияға бiр ай мерзiм iшiнде белгiленген тәртiп бойынша өтiнiш беруге мiндеттi деп белгiленсiн.
Тауар биржалары ретiнде тiркелiп, биржалық сауданы ұйымдастыруға арналған лицензияны белгiленген тәртiп бойынша алмаған заңды ұйымдардың биржалық сауданы жүзеге асыруға және өздерiнiң атауында "тауарлық биржа" сөзiн пайдалануға құқығы болмайды.
4. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1996 жылдың үшiншi тоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының тауар биржалары қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi бойынша тоқсан сайын есеп берiлуiн енгiзсiн.
ЕСКЕРТУ. Қаулы жаңа 4-тармақпен толықтырылды және 4-тармақ 5-тармақ болып саналды - ҚРҮ-нiң 1996.08.14. N 1012 қаулысымен.
P961012_
5. "Қазақстан Республикасындағы тауар биржаларының қызметi туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 8, 150-бап) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 27 ақпандағы N 165 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 30 мамырдағы N 755 қаулысымен Бекiтiлген Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссия туралы Ереже
1. Тауар биржалары жөнiндегi Республикалық комиссия (бұдан
былай - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi "Тауар биржалары туралы" N 2170
U952170_
Заң күшi бар Жарлығына сәйкес құрылады және тауар биржаларын мемлекеттiк реттеудi, лицензиялау мен олардың қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады. 2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң заң және өзге де актiлерiн және осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Комиссия төмендегiдей мiндеттердi орындайды: биржалық лицензиялар бередi; тауарлық биржалардың тiзiлiмiн жүргiзедi; тауар биржалары туралы заңдардың сақталуын бақылайды; тауар биржаларының қызметiн зерттейдi және талдайды; биржалық құжаттарды әзiрлеу жөнiндегi әдiстемелiк ұсыныстарды жасайды; тауар биржаларының биржалық саудасының ережелерiн жасайды және бекiтедi; биржалық лицензияларды беруге арналған тарифтiк ставкалардың мөлшерiн белгiлейдi. 4. Комиссия:
тауар биржалары туралы заңдарды жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды жасап, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне табыс етуге;
биржа Қазақстан Республикасының заңдарын бұрмалаған жағдайда тауар биржасына берiлген лицензияның күшiн жоюға немесе оның жұмысын тоқтатуға;
тауар биржасына мемлекеттiк инспекторды тағайындауға;
Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау органдарының келiсiмi бойынша тауар биржалары мен биржалық саудаға қатысушылардың қаржылық-шаруашылық қызметiн тексерудi ұйымдастыруға;
қолданылып жүрген заңдарды бұзған тауар биржалары мен биржалық саудаға қатысушыларға шара қолдану үшiн материалдарды сотқа немесе төрелiк сотқа жiберуге, ал қылмыс белгiлерi анықталған жағдайда материалдарды тиiстi құқық қорғау органдарына беруге құқылы.
Комиссияның өз мөрi болады.
5. Тауар биржалары жөнiндегi Комиссия құрамын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
6. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң тиiстi бөлiмi Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
7. Комиссияның Төрағасы (ол жоқта - Төрағаның орынбасары);
Комиссияның және оның жұмыс органының қызметiн жоспарлайды және ұйымдастырады;
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мен Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне Қазақстан Республикасындағы биржалар мен биржалық сауда қызметiнiң тоқсан сайынғы және жылдық шолулары мен Комиссияның қызметi туралы жылдық есептi табыс етедi;
қажеттiлiгiне қарай Комиссия мәжiлiсiн шақырады және мәжiлiстерде төрағалық етедi;
- биржалық сауданы дамыту және реттеу проблемалары бойынша Комиссияның мемлекеттiк басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады.
8. Комиссия мүшелерi:
- Комиссияның мәжiлiсiнде талқылауға ұсынылатын барлық мәселелердi шешу iсiне қатысуға;
- тауар биржалары, биржалық сауда және оған қатысушылар туралы Комиссияның қолында бар барлық ақпаратты алуға құқылы.
9. Комиссия мүшесiнiң қолданылып жүрген заңдарда көзделген жайттарды есептемегенде, тауар биржаларының, биржалық делдалдардың және биржалық саудаға қатысушылардың қызметi туралы коммерциялық құпиясы бар ақпаратты жария етуiне тыйым салынады.
Комиссия мүшесi тауар биржасындағы мемлекеттiк инспектордың мiндетiн атқара алмайды.
10. Комиссия шешiмi, егер оның мәжiлiсiне Комиссия мүшелерiнiң жартысынан астамы қатысса, құқықты болады, Комиссияның шешiмi Комиссия мүшелерiнiң кәдiмгi көпшiлiк дауыс беруiмен қабылданады.
11. Комиссияның шешiмiне және оның мүшелерiнiң iс-әрекетiне Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда көзделген тәртiппен шағым берiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1995 жылғы 30 мамырдағы
N 755 қаулысымен Бекiтiлген
Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссияның Құрамы
Кетебаев М.К. - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң орынбасары, Төраға Ябров В.В. - Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының жауапты қызметкерi, төрағаның орынбасары Духовцев А.И. - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң орынбасары Омарова Г.А. - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi өнеркәсiп және сауда саясаты бас басқармасы бастығының орынбасары Шокаманов Ю.К. - Қазақстан Республикасы Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитет төрағасының орынбасары Горяинов А.В. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi төрағасының бiрiншi орынбасары Бектемiсов Н.Б. - Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң Шағын және орта бизнестi, нарықтық инфрақұрылымды дамыту басқармасының бастығы Табаева Ш.Б. - Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Монополиясыздандыру және даму басқармасының бастығы Ескерту. Комиссия құрамынан С.М. Мыңбаев, Х.А. Оспанов, М.Е Тоқанов, Н.Б.Бектемiсов шығарылған - ҚРМК-нiң 1996.02.14. N 197 қаулысымен.
P960197_
ЕСКЕРТУ. Комиссия құрамына өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.14. N 1012 қаулысымен.
P961012_
Ескерту. Комиссия құрамына өзгерiстер енгiзiлдi - 1996.11.13. N 1382 қаулысымен.
P961382_
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 30 мамырдағы N 755 қаулысымен Бекiтiлген
Тауар биржаларын лицензиялау туралы
Ереже
1. Қазақстан Республикасы аумағында тауар биржаларының қызметiн лицензиялау туралы осы Ереже биржалық сауданы ұйымдастыруға арналған лицензияны берудiң, оның күшiн жоюдың және тоқтатудың тәртiбiн белгiлейдi.
2. Осы Ереженiң iс-қимыл әрекетi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 7 сәуiрдегi "Тауар биржалары туралы" N 2170 Заң күшi бар Жарлығында белгiленгендей мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiкке сәйкес "тауар биржасы" түсiнiгiне сай келетiн заңды тұлғалар қолданылады.
3. Биржалық лицензияны (бұдан былай - лицензия) тауар
биржасы жөнiндегi Республикалық комиссия (бұдан былай - Комиссия) бередi. 4. Биржалық лицензияларды беруге арналған тарифтiк ставкаларды Комиссия белгiлейдi. Биржалық лицензияларды бергенi үшiн төлем Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң арнайы қаражат жөнiндегi есеп-шотына аударылады. 5. Лицензия алу үшiн Комиссияға нотариуста куәландырылған мына құжаттар: 1 қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiм; тауар биржасының жарғысы; құрылтайшылық шарт; тауар биржасын мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiк; биржа саудасының ережелерi;
жарияланған соманың кем дегенде 70 процентi тауар биржасының жарғылық капиталына енгiзiлгенiн айғақтайтын құжат;
сауда жүргiзуге арналған үй-жайды пайдалану құқығын куәландыратын құжат берiледi.
Жұмыс iстейтiн тауар биржалары жоғарыда көрсетiлген құжаттардан басқа биржадағы мәлiметтердiң тiркелгенiн айғақтайтын құжаттар, былтырғы және ағымдағы жылдар үшiн делдалдық және тiркелiм алымдарынан салық төленгенi туралы қызмет көрсететiн банкiнiң құжаттарын тапсырады.
Лицензия алу үшiн өтiнiшке қоса тiркелген құжаттар тiгiнделедi және биржа мөрiмен бекiтiледi.
6. Лицензия алуға табыс етiлген мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн өтiнiш берушi қолданылып жүрген заңдарда көзделгендер бойынша жауап бередi.
7. Комиссия өтiнiм берiлген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде лицензия беру туралы шешiм қабылдайды.
8. Тиiстi түрде ресiмделмеген құжаттар берген жағдайда, сондай-ақ олар Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына және осы Ережеге сәйкес келмесе, комиссия лицензия беруден бас тартуға, жазбаша ескертуге және өтiнiш берушiге аталған құжаттарды қайта ресiмдеу үшiн қайтаруға құқылы.
Комиссия лицензия алуға арналған құжаттарды жаңадан өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қайта қарауды жүзеге асырады.
Өтiнiш берушi лицензия беруден бас тарту туралы Комиссия шешiмiне сот тәртiбiмен шағымдануға құқылы.
9. Лицензия беру туралы шешiм қабылданған кезде Комиссия, Комиссия мүшесi жазбаша нысанда табыс еткен және оның қарауына жiберiлген тауар биржасы құжаттарын сараптау қорытындысын басшылыққа алады.
10. Комиссия лицензия беру туралы мәселенi өтiнiш берушiнiң қатысуымен қарайды.
Өтiнiш берушi құжаттарды қарау күнi туралы жазбаша ескертпенi Комиссия мәжiлiсi өткiзiлетiн уақыттан кем дегенде 7 күн бұрын алуға тиiс.
Мәжiлiс өткiзудiң күнi туралы өтiнiш берушiге жазбаша ескертпе жiберудiң мерзiмдерiн сақтаған және өтiнiш иесi келмеген жағдайда, Комиссия өтiнiш иесiнсiз-ақ лицензия беру туралы шешiм қабылдауға құқылы.
11. Комиссия шешiм қабылдаған соң 7 күн iшiнде өтiнiш берушi лицензия бергенi үшiн төлегенi туралы құжатты берген жағдайда тауар биржасына лицензияның бiр данасы берiледi. Лицензия 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi: Лицензия Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк ел таңбасы бейнеленген бланкке басылады, оған Комиссияның Төрағасы (ол жоқ кезде төрағаның орынбасары) қол қояды және мөрмен куәландырылады.
12. Тауар биржасы, оған лицензия берiлген күннен бастап биржалық қызметтi ұйымдастыруға құқық алады.
13. Лицензия жоғалған жағдайда, Комиссия қолда бар құжаттардың негiзiнде тауар биржасына оның көшiрмесiн бередi.
14. Өздерiнiң құрылтайшылық құжаттарындағы барлық өзгерiстер туралы тауар биржасы оларды қабылдағаннан кейiн 15 күн iшiнде Комиссияға хабарлауға тиiс. Тауар биржаларының қызметiн регламенттейтiн енгiзiлген өзгертулер қолданылып жүрген заңдық және нормативтiк актiлерге сәйкес келмеген жағдайда, Комиссия құрылтайшылық құжаттарды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдық және нормативтiк актiлерiне сәйкес келтiру туралы ресми нұсқаманы биржаға жiбередi.
Тауар биржасы ресми нұсқаманы бiр айлық мерзiмде орындамаған
жағдайда, Комиссия тауар биржасына берiлген лицензияның күшiн жояды. 15. Биржа лицензиясы қызметiнiң үш ай мерзiмге дейiн күшiн жою немесе оны тоқтату туралы шешiмдi Комиссия: тауар биржасының қызметiнде бұрамалаушылық фактiлерiн анықтаған қаржылық бақылау органдарының жүргiзiлген тексеру материалдары; Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдық және нормативтiк актiлерiнiң және осы Ереженiң бұзылуы анықталған фактiлер бойынша мемлекеттiк инспекторларының ұсыныстары негiзiнде қабылдайды. 1 Қосымша Биржа лицензиясын алуға арналған Өтiнiш Өтiнiш иесi----------------------------------------------------- ОКПО коды және мемлекеттiк тiркеудiң деректемелерi-------------- ---------------------------------------------------------------- Заңды мекен-жайы------------------------------------------------ ---------------------------------------------------------------- Почталық мекен-жайы--------------------------------------------- ---------------------------------------------------------------- Телефон---------------Телекс-------------Телефакс--------------- Жетекшi(лер)---------------------------------------------------- (қызметi, аты-жөнi) Тауар секцияларының тiзбесi------------------------------------- ---------------------------------------------------------------- Банк бөлiмшелерiнiң есеп-шот нөмiрлерi мен атаулары------------- ---------------------------------------------------------------- Өтiнiшке қоса тiркелген құжаттардың тiзбесi--------------------- ---------------------------------------------------------------- ---------------------------------------------------------------- Мөр орны Басшының қолы күнi 2 Қосымша Тауар биржалары жөнiндегi республикалық комиссия Биржа лицензиясы N____ 199___жылғы "___"__________________берiлдi _________________________________________________________________ _________________________________________________________________ (тауар биржасының атауы) тауар секциялары бойынша Қазақстан Республикасы аумағында биржа саудасын ұйымдастыру құқығы берiлген----------------------------- ----------------------------------------------------------------- ----------------------------------------------------------------- (тауар секциясының атауы) Тауар биржасы жөнiндегi республикалық Комиссияның төрағасы (қолы) М.О.