О мерах по финансовому оздоровлению Государственной холдинговой компании "Ульба"

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 11 августа 1995 г. N 1119. Утратило силу - постановлением Пpавительства РК от 17 ноябpя 1995 г. N 1563 ~P951563.

      В целях оздоровления финансово-хозяйственной деятельности государственной холдинговой компании "Ульба", привлечения в республику инвестиций, передовых технологий и получения опыта эффективного управления предприятиями Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Государственному комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом заключить контракт с финансово-промышленной группой "Интерросс" на право управления Государственной холдинговой компанией "Ульба".
      В контракте необходимо предусмотреть:
      права, обязательства, ответственность и гарантии сторон;
      возможность расторжения контракта в случае невыполнения обязательств сторон.
      2. Государственному комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом, Министерству экономики совместно с Министерством энергетики и угольной промышленности Республики Казахстан рассмотреть и утвердить бизнес-план, разработанный управляющей компанией в соответствии с условиями контракта.
      3. Министерству энергетики и угольной промышленности Республики Казахстан назначить представителей по контролю за исполнением условий контракта на управление Государственной холдинговой компанией "Ульба" и возложить на них координацию деятельности государственных органов по исполнению настоящего постановления.
      4. Выделить завод изделий из цветных металлов (ИЦМ) из состава Государственной холдинговой компании "Ульба" и установить ему статус республиканского государственного предприятия.
      5. Государственной технической комиссии по защите информации при Кабинете Министров Республики Казахстан рассмотреть вопросы государственной тайны и информации при реализации контракта по управлению Государственной холдинговой компанией "Ульба" и внести соответствующие предложения.
      Первый заместитель
       Премьер-министра
    Республики Казахстан

"Үлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясын қаржылай сауықтыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 11 тамыз N 1119. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.11.17. N 1563 қаулысымен.

      "Үлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясының қаржы-шаруашылық қызметiн сауықтыру, республикаға инвестицияларды, озық технологияларды тарту және кәсiпорындарды басқарудың тиiмдi тәжiрибесiн жинақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Үлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясын басқару құқына "Интерросс" қаржы-өнеркәсiп тобымен контракт жасасын.
      Контрактыда мыналарды көздеу қажет:
      тараптардың құқықтары, мiндеттемелерi, жауапкершiлiгi және кепiлдiктерi;
      тараптардың мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда контрактыны бұзу мүмкiндiгi.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбiмен бiрлесiп контрактының шарттарына сәйкес басқару компаниясы әзiрлеген бизнес жоспарды қарап, бекiтсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi "Үлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясын басқаруға контракты шарттарының орындалуына бақылау жасау жөнiндегi өкiлдерiн тағайындап, осы қаулының орындалуы жөнiнде мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру соларға жүктелсiн.
      4. Түстi металдар бұйымдары зауыты "Үлбi" мемлекеттiк

холдинг компаниясының құрамынан бөлiнсiн және оған республикалық
мемлекеттiк кәсiпорын мәртебесi берiлсiн.
     5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы
Ақпаратты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк техникалық комиссия "Үлбi"
мемлекеттiк холдинг компаниясын басқару жөнiндегi контрактыны
жүзеге асыру кезiндегi мемлекеттiк құпия мен ақпарат мәселелерiн
қарап, тиiстi ұсыныстар енгiзсiн.
            Қазақстан Республикасы
              Премьер-министрiнiң
               бiрiншi орынбасары