"Үлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясының қаржы-шаруашылық
қызметiн сауықтыру, республикаға инвестицияларды, озық
технологияларды тарту және кәсiпорындарды басқарудың тиiмдi
тәжiрибесiн жинақтау мақсатында Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Үлбi" мемлекеттiк холдинг
компаниясын басқару құқына "Интерросс" қаржы-өнеркәсiп тобымен
контракт жасасын.
Контрактыда мыналарды көздеу қажет:
тараптардың құқықтары, мiндеттемелерi, жауапкершiлiгi және
кепiлдiктерi;
тараптардың мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда контрактыны
бұзу мүмкiндiгi.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Экономика министрлiгi Қазақстан
Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбiмен бiрлесiп
контрактының шарттарына сәйкес басқару компаниясы әзiрлеген
бизнес жоспарды қарап, бекiтсiн.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр
өнеркәсiбi министрлiгi "Үлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясын
басқаруға контракты шарттарының орындалуына бақылау жасау
жөнiндегi өкiлдерiн тағайындап, осы қаулының орындалуы жөнiнде
мемлекеттiк органдардың қызметiн үйлестiру соларға жүктелсiн.
4. Түстi металдар бұйымдары зауыты "Үлбi" мемлекеттiк
холдинг компаниясының құрамынан бөлiнсiн және оған республикалық
мемлекеттiк кәсiпорын мәртебесi берiлсiн.
5. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы
Ақпаратты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк техникалық комиссия "Үлбi"
мемлекеттiк холдинг компаниясын басқару жөнiндегi контрактыны
жүзеге асыру кезiндегi мемлекеттiк құпия мен ақпарат мәселелерiн
қарап, тиiстi ұсыныстар енгiзсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң
бiрiншi орынбасары