"Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк
қоғамын қаржылай сауықтыру және оны экономикалық дағдарыстан
шығару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы
етедi:
1. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң
Заң күшi бар Жарлығына сәйкес "Қарағанды металлургия комбинаты"
мемлекеттiк акционерлiк қоғамы дәрменсiз борышкер деп танылып,
мүлiгiн сырттай басқару арқылы соттан тысқары қайта ұйымдастыру
процедуралары жүргiзiлсiн.
Сырттай басқару белгiленген кезеңiнде кредиторлардың
талаптарын қанағаттандыру тоқтатылсын.
2. Мыналар құрылсын:
<*>
(үшiншi абзац) борыштарының құрылымын талдау, оларды өтеу
тәсілiн әзiрлеу және комбинатқа мемлекеттiк қолдау көрсету мақсатында
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары Б.М. Имашевтың
төрағалығымен 3 қосымшаға сәйкес құрамда "Қарағанды
металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының
қаржылық жай-күйi мен борыштарын бағалау жөнiндегi комиссия.
Комиссияға "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк
қоғамының борыштарын төлеу мерзiмiн кейiнге қалдыру құқығы
берiлсiн;
Ескерту. 2-тармақтың 1,2,4,5,6,7 абзацтары күшiн жойған -
ҚРМК-нiң 1995.11.17. N 1564 қаулысымен.
P951564_
3.
<*>
Ескерту. 3-тармақтың күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.11.17.
N 1564 қаулысымен.
4. "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк
қоғамына банкiлiк қызмет көрсету құқығы Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк Медетшi банкiне берiлсiн.
5.
<*>
6.
<*>
7.
<*>
8.
<*>
Ескерту. 5,6,7,8 тармақтар күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.11.17.
N 1564 қаулысымен.
9. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк
акционерлiк қоғамының мекен-жайына жiберiлетiн көмiр, кен,
жентектердi тиеуге және дайын өнiмдi жөнелтуге қажеттi вагон
санын бiрiншi кезекте бөлудi қамтамасыз етсiн.
10. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi
"Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк
қоғамының дайын өнiмдер қоймасын күзетудi қамтамасыз етсiн.
11. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
мен ГЮСМ фирмасы арасында "Қарағанды металлургия комбинаты"
мемлекеттiк акционерлiк қоғамын басқаруға 1995 жылғы
15 маусымда жасалған N 18/15 контрактыны бұзсын.
12.
<*>
Ескерту. 12-тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.11.17.
N 1564 қаулысымен.
13. "Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк акционерлiк
қоғамын басқару жөнiндегi құқықтары мен мүлкi жаңа меншiк иесiне
берiлген мезетке дейiн осы қаулы күшiнде қалады.
14. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасы Премьер-министрiнiң бiрiншi орынбасары
Н.Қ.Есенғаринге жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1995 жылғы 17 қазандағы
N 1338 қаулысына
1 қосымша
"Қарағанды металлургия комбинаты" мемлекеттiк
акционерлiк қоғамын реформалау және қайта
ұйымдастыру процедураларын жүргiзу жөнiндегi
мемлекеттiк комиссиясының
Құрамы
Есенғарин Н.Қ. - Қазақстан Республикасы
Премьер-министрiнiң бiрiншi
орынбасары (комиссия төрағасы)
Штойк Г.Г. - Қазақстан Республикасының
Өнеркәсiп және сауда министрi
(комиссия төрағасының орынбасары)
Комиссия мүшелерi:
Әлиев Е.Ә. - Қазақстан Республикасы Энергетика
және көмiр өнеркәсiбi министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Бәйменов Ә.М. - Қазақстан Республикасы Еңбек
министрiнiң орынбасары
Ержанов О.С. - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкi Заң департаментiнiң директоры
Иванцов О.В. - "Қарағанды металлургия комбинаты"
МАҚ бас директоры
Iзтiлеуов Б.I. - Қазақстан Эксимбанкi басқармасының
төрағасы
Кәкiмжанов З.К. - Қазақстан Республикасының акционерлiк
Халық банкi басқармасының төрағасы
Қалмырзаев С.С. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiнiң төрағасы
Карабалин А.А. - Темiртау қаласының әкiмi
Мұртазаев М.А. - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп
және сауда министрiнiң бiрiншi
орынбасары
Мұсәлiмов И.Ғ. - Қарағанды облысы әкiмiнiң бiрiншi
орынбасары
Панов Ю.В. - Қазақстан Республикасы Көлiк
және коммуникациялар министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Руденко Ю.С. - Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгi материалдық-өндiрiс
және күрделi қаржы басқармасының
бастығы
Смағұлов К.М. - Қазақстан Республикасы Экономика
министрiнiң бiрiншi орынбасары
Тихонов С.В. - Қазақстан Республикасы Әдiлет
министрiнiң бiрiншi орынбасары
Удовенко С.Л. - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
Аппараты Өнеркәсiп және сауда
бөлiмiнiң меңгерушiсi
Хамзин Б.Х. - Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк Медетшi банкi
басқармасының төрағасы
Шкляр В.В. _ Қазақстан Республикасының
Министрлер Кабинетi жанындағы
Кеден комитетi төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1995 жылғы 17 қазандағы
N 1338 қаулысына
2 қосымша
"Қарағанды металлургия комбинаты" МАҚ
жедел басқару жөнiндегi комиссияның
Құрамы
Мұртазаев М.А. - Қазақстан Республикасының
Өнеркәсiп және сауда министрiнiң
орынбасары комиссия төрағасы
Комиссия мүшелерi:
Иванцов О.В. - "Қарағанды металлургия комбинаты"
МАҚ Бас директоры
Қорғанбеков Ж.Қ. - Қазақстан Республикасы Үкiметi
Аппараты Заң бөлiмiнiң консультанты
Радостовец Н.В. - Қазақстан Республикасының Баға
және монополияға қарсы саясат
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
төрағасының орынбасары
Савелов А.И. - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
Аппараты Экономикалық саясат
бөлiмi меңгерушiсiнiң орынбасары
Хамзин Б.Х. - Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк Медетшi банкi
басқармасының төрағасы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1995 жылғы 17 қазандағы
N 1338 қаулысына
3 қосымша
"Қарағанды металлургия комбинаты" МАҚ-ның
қаржылық дәрменсiздiгi мен борыштарын
бағалау жөнiндегi комиссияның
Құрамы
Имашев Б.М. - Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелерi
Абдулвалиева Т.В. - Қазақстан Республикасының
Өнеркәсiп және сауда министрлiгi
экономика, кәсiпорындарды
сауықтыру және нарық қатынастары
бас басқармасының бастығы
Әбиев Б.С. - Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлiгi бас салық
инспекциясының бөлiм бастығы
Жарылғапов Н. - Қарағанды облысы кеден
басқармасының бастығы
Ыдырысова С.К. - Қазақстан Республикасының
Өнеркәсiп және сауда министрлiгi
сыртқы экономикалық қызметтi
реттеу басқармасының бастығы
Итiғұлов М.С. - Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк Медетшi банкi
басқармасы төрағасының орынбасары
Кан В.В. - Қазақстан Республикасының
Экономика министрлiгi жанындағы
Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру
және сауықтыру жөнiндегi агенттiгi
директорының орынбасары
Мәдиев Б.Р. - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
Аппараты Қаржы, еңбек және ақша
айналысы бөлiмiнiң сектор
меңгерушiсi
Мыңбаев С.С. - Қазақстан Республикасы Қаржы
министрiнiң орынбасары
Нүкенов Б. - Қарағанды облыстық салық
инспекциясының бастығы
Сансызбаев С.Н. - Қазақстан Эксимбанкi басқармасы
төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1995 жылғы 17 қазандағы
N 1338 қаулысына
4 қосымша
"Қарағанды металлургия комбинаты" МАҚ-ын
жекешелендiру жөнiндегi комиссияның
Құрамы
Раханов М.С. - Қазақстан Республикасының
Жекешелендiру жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi төрағасының
бiрiншi орынбасары (комиссия
төрағасы)
Жандосов О.Ә. - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкi төрағасының бiрiншi
орынбасары, комиссия төрағасының
орынбасары (келiсiмiмен)
Мәдиев Б.М. - Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
базалық салалар жетекшi басқармасының
бастығы (төрағаның орынбасары)
Комиссия мүшелерi
Жаңғабаев К.А. - Қазақстан Республикасының Экономика
министрлiгi меншiк қатынастары
басқармасы бастығының орынбасары
Екейбаев Ж.Д. - Қазақстан Республикасының
Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк
комитетi жеке жобалар бойынша
жекешелендiру жетекшi бөлiмi
бастығының орынбасары
Құлкеев С.О. - Қазақстан Республикасының
Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiнiң Қарағанды облысы
бойынша аумақтық комитетiнiң
төрағасы
Камбаков Т.А. - Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп
және сауда министрлiгiнiң экономика,
кәсiпорындарды сауықтыру және
нарық қатынастары бас басқармасы
бастығының орынбасары
Розе В.С. - Қарағанды мемлекеттiк мүлiктi
басқару жөнiндегi аумақтық
комитетiнiң төрағасы
Рысбеков М.А. - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
Аппараты Экономикалық саясат
бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi
Оңдашев Н.К. - Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлiгi нарық инфрақұрылымы
басқармасының бастығы
Шәмiшев Р.Ғ. - Қазақстан Республикасының Әдiлет
министрлiгi экономикалық заңдар
бөлiмiнiң жетекшi консультанты