Министрлiктерде, мемлекеттiк комитеттерде, өзге де орталық
атқарушы органдарда жүргiзiлген реформаларды тереңдету мен
экономикалық жұмысты күшейту қажеттiгi мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы министрлерiнiң орынбасарлары,
мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық атқарушы органдар мен
ведомстволардың төрағалары экономика мәселелерiн қарайтын болып
белгiленсiн.
2. Министрлер, мемлекеттiк комитеттердiң төрағалары, өзге де
орталық атқарушы органдар мен ведомстволардың басшылары алдағы
кадрлардың орындарын ауыстыруға байланысты екi апта мерзiм iшiнде
Үкiметке тиiстi ұсыныстар енгiзiлсiн.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Үкiмет Аппаратының Басшысы
Е.Ә.Өтембаевқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi