Постановление Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 1996 г. N 168. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 13 мая 1998 г. N 431 ~P980431.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 7 ақпан N 168. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.05.13. N 431 қаулысымен. ~P980431
Қарағанды көмiр бассейнiнiң көмiр шығаратын кәсiпорындарын мемлекеттiк қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Көмiр өнеркәсiбi саласының жұмысын тұрақтандыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 24 қаңтардағы N 74 P950074_ қаулысының "Қарағандыкөмiр" мемлекеттiк холдинг компаниясына, қазiргi "Қарағандышахтакөмiр" мемлекеттiк кәсiпорнына қатысты 2-тармағының қолданылу мерзiмi 1996 жылғы 1 сәуiрге дейiн ұзартылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi