О недостатках в работе Государственного комитета Республики Казахстан по ценовой и антимонопольной политике

Постановление Правительства Республики Казахстан от 11 апреля 1996 г. N 426. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 17 марта 2003 г. N 258

      Правительство Республики Казахстан отмечает, что в деятельности Государственного комитета Республики Казахстан по ценовой и антимонопольной политике (далее - Комитет) имеются существенные недостатки.
      По вине Комитета не в полной мере выполняются решения Правительства по демонополизации национальных, государственных холдинговых и акционерных компаний, определенные распоряжением Премьер-Министра Республики Казахстан от 27 апреля 1995 г. N 158. Из 60 холдинговых структур, подлежащих реорганизации и разукрупнению в 1995 году, осуществлена реорганизация только 41 структуры.
      Всячески затягивается представление в Правительство проектов законодательных актов, устанавливающих и расширяющих существующую законодательную основу развития конкуренции и ограничения монополистической деятельности.
      Так, с 1994 года по вине Комитета не приведен в соответствие с проводимой в республике экономической реформой Закон Республики Казахстан Z916000_  "О развитии конкуренции и ограничении монополистической деятельности". Не выполнено поручение Правительства по разработке Концепции и программы мер по демонополизации. Все это сдерживает решение задач, поставленных Правительством перед Комитетом.
      С другой стороны, Комитетом введены в действие ряд нормативных актов, затрагивающих интересы хозяйствующих субъектов, не зарегистрированные в установленном порядке в Министерстве юстиции Республики Казахстан и, как следствие, не имеющие юридической силы.
      До настоящего времени не выполнено протокольное решение заседания Президиума Правительства от 17 октября 1995 г. N 29, которым поручалось Комитету совместно с Министерством энергетики и угольной промышленности Республики Казахстан в срок до 15 ноября внести в Правительство сравнительные расчеты по региональным тарифам на электроэнергию в зависимости от принимаемых схем управления энергосистемами и тарифы на электроэнергию на первый квартал 1996 года.
      Следствием этого явилось то, что в нарушение принятого порядка тарифы на электроэнергию для промышленных предприятий были утверждены за 4 дня до начала февраля 1996 года вместо положенного одного месяца до начала наступающего квартала, причем данный документ был выпущен по инициативе Министерства энергетики и угольной промышленности Республики Казахстан, а не Комитета.
      Характерной особенностью работы руководства Комитета становится стремление перекладывать свои непосредственные обязанности на Правительство.
      Так, постановлениями Кабинета Министров Республики Казахстан от 12 декабря 1994 г. N 1399 P941399_  "О совершенствовании системы обеспечения газом потребителей Республики Казахстан" и от 6 сентября 1995 г. N 1237 P951237_  "О совершенствовании структуры управления и системы газообеспечения потребителей Республики Казахстан" определено, что решения по тарифам по транспортировке газа и цен на природный газ для населения должны приниматься Комитетом.
      Фактически вместо принятия решения в рамках делегированных Комитету полномочий им направляется письмо с просьбой решить эти проблемы в Правительстве.
      Комитет практически самоустранился от методологического и оперативного руководства территориальными комитетами, следствием чего является раскоординированность в их действиях и подходах к решению проблем ценообразования.
      Нездоровый морально-психологический климат сложился и в аппарате Комитета. Ряд сотрудников в письмах в Администрацию Президента и Аппарат Правительства выражают неудовлетворенность своей работой, отмечают неправильные действия, стиль и методы работы его Председателя Своика П.В.
      Председатель Комитета Своик П.В. лично самоустранился от участия в работе Межведомственной комиссии по проведению анализа и оценки эффективности деятельности объединений юридических лиц, подготовки проектов решений Правительства по их реорганизации, разгосударствлению и приватизации. Однако сам направляет в Правительство проекты реорганизации монополистический структур, которые экономически необоснованны и не поддерживаются министерствами и государственными комитетами.
      На фоне все более проявляющейся безрезультативности работы Комитета, некомпетентности и непрофессионализма его руководства расширяется практика обвинений Правительства в неправильности его действий, политических заявлений и демаршей Своика П.В., несовместимых со статусом члена Правительства Республики Казахстан.
      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Признать работу Государственного комитета Республики Казахстан по ценовой и антимонопольной политике неудовлетворительной.
      2. Считать Председателя Государственного комитета Республики Казахстан по ценовой и антимонопольной политике Своика П.В. не соответствующим занимаемой должности.
      3. Премьер-Министру Республики Казахстан Кажегельдину А.М. внести предложение Президенту Республики Казахстан об освобождении Своика П.В. от занимаемой должности Председателя Государственного комитета Республики Казахстан по ценовой и антимонопольной политике.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан

Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жұмысындағы кемшiлiктер туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 сәуiрдегі N 426 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 наурыздағы N 258 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң қызметiнде (бұдан әрi - Комитет) айтарлықтай кемшiлiктер бар екенiн атап өтедi.
      Комитеттiң кiнәсінен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1995 жылғы 27 сәуiрдегi N 158 өкiмiмен белгiленген ұлттық, мемлекеттiк холдинг және акционерлiк компанияларын монополиясыздандыру туралы Үкiмет шешiмдерi мен шағындауға жататын 60 холдинг құрылымының тек 41-i қайта ұйымдастырылды.
      Бәсекелестiктi дамыту мен монополиялық қызметтi шектеудiң қолда бар заңдық негiзiн белгiлейтiн және кеңейтетiн заң актiлерiн Үкiметке ұсыну барынша ұзап кеттi.
      Мәселен, 1994 жылдан бастап Комитеттiң кiнәсінен "Бәсекелестiктi дамыту мен монополиялық қызметтi шектеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы республикада жүргiзiлiп жатқан экономикалық реформамен сәйкестендiрiлмеген. Үкiметтiң Монополиясыздандыру жөнiндегi шаралар тұжырымдамасы мен бағдарламасын әзiрлеу туралы тапсырмасы орындалмады. Мұның барлығы Комитеттiң алдына Үкiмет қойған мәселелердi шешуге бөгет болып отыр.
      Сонымен қатар, Комитет шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мүдделерiне қатысты бiрқатар нормативтiк актiлердi күшiне енгiзген, олар белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркелмеген, соның салдарынан олардың заңдық күшi болмай отыр.
      Осы Уақытқа дейiн Үкiмет Таралқасы мәжiлiсiнiң 1995 жылғы 17 қазандағы N 29 хаттамалық шешiмi орындалмаған, онда Комитетке Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп 15 қарашаға дейiнгi мерзiмде қабылданып жатқан энергия жүйелерiн басқару схемаларына сәйкес электр қуатына арналған аймақтық тарифтер бойынша салыстырмалы есептер мен 1996 жылдың бiрiншi тоқсанында электр қуатына арналған тарифтердi Үкiметке енгiзу тапсырылған болатын.
      Осының салдарынан электр қуатына арналған тарифтер келесi тоқсан басталғаннан бiр ай бұрын бекiтiлуге тиiс болса, қабылданған тәртiптi бұза отырып, өнеркәсiп орындары үшiн 1996 жылдың ақпан айының басталуынан 4 күн бұрын бекiтiлдi, мұның өзiнде құжат Комитеттiң емес, Қазақстан Республикасы Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң бастамашылығымен шығарылды.
      Өз мiндеттерiн Үкiметке артуға ұмтылу Комитет басшылығы жұмысының ерекше сипатына айнала бастады.
      Мәселен, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының тұтынушыларын газбен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру туралы" 1994 жылғы 12 желтоқсандағы N 1399  және "Қазақстан Республикасының тұтынушыларын газбен қамтамасыз етудi басқару құрылымы мен жүйесiн жетiлдiру туралы" 1995 жылғы 6 қыркүйектегi N 1237  қаулыларында газ тасымалдау бойынша тарифтер мен халық үшiн табиғи газдың бағалары жөнiндегi шешiмдердi Комитет қабылдауға тиiс деп белгiленген.
      Iс жүзiнде, Комитетке берiлген өкiлеттiктер шегiнде шешiмдер қабылдаудың орнына олар осы мәселелердi Үкiметке шешудi өтiнiп хат жолдайды.
      Комитет шын мәнiнде аумақтық комитеттердi методологиялық және жедел басқарудан оқшау қалды, олардың баға түзу мәселелерiн шешудегi iс-қимылдары мен тәсiлдерiнiң үйлеспеушiлiгi осының нәтижесi болып отыр.
      Комитет аппаратында да сауатсыз моральдық-психологиялық ахуал қалыптасқан. Бiрсыпыра қызметкерлер Президент әкiмшiлiгi мен Үкiмет Аппаратына жазған хаттарында өз жұмыстарына қанағаттанбайтындарын бiлдiрiп, Комитет төрағасы П.В. Своиктiң iс-әрекетiнiң, стилi мен әдiсiнiң дұрыс еместiгiн атап айтқан.
      Комитет төрағасы П.В. Своик Заңды тұлғалар бiрлестiктерi қызметiнiң тиiмдiлiгiне талдау жүргiзу мен баға беру жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысудан, оларды қайта ұйымдастыру, мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру туралы Үкiмет шешiмдерiнiң жобаларын әзiрлеуден өзiн сырт ұстады. Алайда өзi Үкiметке монополиялық құрылымдарды қайта ұйымдастырудың экономикалық жағынан негiзделмеген және министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттер қолдамайтын жобаларын жiбередi.
      Комитет жұмысының нәтижесiздiгi, оның басшылығының беделсiздiгi мен кәсiбисiздiгi барған сайын бой көрсетiп отырған кезде П.В. Своиктiң iс-қимылын дұрыс емес деп айыптау, саяси мәлiмдемелер мен айбат шегулер практикасы кеңейiп келедi, бұл Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшесi мәртебесiмен сыйыспайды.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жұмысы қанағаттанғысыз деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы П.В. Своик атқарып отырған лауазымына сай емес деп саналсын.
      3. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Ә.М. Қажыгелдин П.В. Своиктi Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы  саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы лауазымынан  босату туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс енгiзсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi