Қазақстан Республикасының Әскери Әуе Күштерi үшiн жоғары
бiлiктi әскери мамандар даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының
Үкiметi қаулы етедi:
1. Азаматтық авиация академиясы жанынан кадр офицерлерiн -
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Әскери Әуе Күштерi
үшiн "Командалық-тактикалық байланыс және радиотехникалық қамтамасыз
ету" мамандықтары бойынша радио-электроника жөнiндегi инженерлердi және
Азаматтық авиация академиясында мамандықтар тiзбесi бойынша
дайындықтан өтетiн запас офицерлерiн даярлау жөнiндегi әскери
факультет құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан
Республикасы "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк
авиакомпаниясының, Бiлiм министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң,
Экономика министрлiгiнiң келiсiмi бойынша:
әскери факультеттiң ұйымдық-штаттық құрылымын әзiрлесiн;
командалық-оқытушылық құрамының, қамтамасыз ету бөлiмшелерiнiң
штатын Қазақстан Республикасының Әскери Әуе Күштерi есебiнен
жинақталсын;
алынатын әскери мамандықты ескере отырып оқу жоспарларын,
бағдарламаларын, әскери факультетке қабылдау шарттарын оқу
жоспарлары мен оқу-материалдық база бағдарламаларына сәйкес әзiрлеп,
бекiтсiн.
3. "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясы
факультеттi орналастыруды қазiргi бар оқу-материалдық және
техникалық базасында қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Азаматтық
авиация академиясы жанындағы әскери факультеттi қаржыландыруды 1996
жылға арналған республикалық бюджеттен қорғанысқа бөлiнген
шығыстарды көбейту есебiнен жүзеге асырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi