Республиканың агроөнеркәсiп кешенiнде дербес ұқсату өнеркәсiбiн
және өзiн-өзi қамтамасыз етудiң аймақтық принциптерiн дамыту
мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Көкшетау облысы әкiмiнiң қазақстандық "Абақ" фирмасымен
бiрлесе отырып, Көкшетау облысында рапс тұқымын өңдеу жөнiндегi май
заводын салу үшiн шет елдiк инвесторды, тендер жеңiмпазын - "Идиль"
фирмасын /Түркия/ тарату жөнiнде Қазақстан Республикасының Экономика
министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, Солтүстiк Қазақстан облысының
әкiмiмен және "Қазақрапс" Аймақтық ассоциациясымен келiсiлген
бастамашылығы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Көкшетау, Солтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерiмен бiрлесе отырып
май заводын шикiзатпен тұрақты қамтамасыз ету үшiн рапс дақылдарының
егiс алқабын сақтау және одан ары ұлғайту мүмкiндiгiн зерттейтiн
болсын.
3. Қазақстан Республикасының экономика министрлiгi Үкiметтiң
кепiлдемесiнсiз, май заводы құрылысын қаржыландырушы шетелдiк
инвесторды тарту есебiнен, басым жобалардың индикативтi тiзбесiне май
заводын салуды енгiзсiн.
4. "Абақ" фирмасы iшкi және сыртқы рыноктарда өндiрiлетiн
өнiмдердi сату арқылы кредиттi қайтару тетiгiн жүзеге асырсын.
5. Көкшетау облысының әкiмi май заводын салу және жұмыс
iстеуi үшiн тиiстi жағдайлар жасау жөнiнде қажеттi шаралар
қабылдайтын болсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары