О неотложных мерах по защите населения от опасных для человека кровососущих насекомых и клещей

Постановление Правительства Республики Казахстан от 2 июля 1996 г. N 840

      В республике сложилась неблагополучная ситуация вследствие массового распространения кровососущих насекомых и клещей, отдельные виды которых являются переносчиками тяжелых инфекционных заболеваний: малярии, геморрагической лихорадки, туляремии, лейшманиозов, клещевого весенне-летнего энцефалита.
      В целях осуществления неотложных мер по защите населения от гнуса и других опасных для человека насекомых и клещей Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Министерству сельского хозяйства, Министерству транспорта и коммуникаций, Министерству строительства, жилья и застройки территорий, Комитету по водным ресурсам, Комитету лесного хозяйства Республики Казахстан, иным центральным и местным исполнительным органам, руководителям предприятий и организаций:
      принять неотложные меры по организации профилактических и истребительных мероприятий по борьбе с гнусом и другими опасными для человека насекомыми и клещами;
      изыскать возможность выделения необходимых финансовых средств, транспорта и рабочей силы для проведения указанных мероприятий.
      2. Министерству сельского хозяйства, Комитету по водным ресурсам Республики Казахстан осуществлять ежегодные мероприятия по предупреждению заболачивания территорий и возникновения очагов гнуса, очистку и ремонт ирригационных каналов, правильную эксплуатацию рисосеющих систем, водохранилищ и других гидротехнических сооружений, установить во всех орошаемых районах соответствующий порядок водопользования.
      3. Комитету лесного хозяйства Республики Казахстан обеспечить проведение лесотехнических мероприятий, окультуривание лесных зон, предусматривать средства и контролировать проведение гидротехнических мероприятий для недопущения заболачивания водоемов прудовых хозяйств.
      4. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан принять меры по ликвидации заболоченностей, очагов выплода гнуса на обслуживаемой территории.
      5. Министерству строительства, жилья и застройки территорий Республики Казахстан при разработке проектов реконструкции и строительства населенных пунктов, промышленных предприятий, гидротехнических сооружений предусматривать меры, направленные на предупреждение возникновения мелководий и заболоченностей, создающих условия для массового выплода гнуса.
      6. Акимам областей и города Алматы обеспечить проведение окультуривания мест массового отдыха населения в пригородных лесах и возле водоемов.
      7. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан усилить научно-методическое руководство и организацию профилактических мероприятий по борьбе с гнусом и другими опасными для человека и животных насекомыми и клещами.
      8. Министерству здравоохранения Республики Казахстан:
      усилить надзор за санитарным состоянием водоисточников, правильной эксплуатацией оросительных сетей, открытых водоемов, подвальных помещений жилых и производственных зданий;
      расходы, связанные с проведением мероприятий по борьбе с опасными для человека кровососущими насекомыми и клещами, осуществлять в пределах ассигнований, предусматриваемых в бюджете по здравоохранению на проведение противоэпидемических мероприятий;
      совместно с акционерными обществами "Фармация" обеспечить широкую продажу для населения отпугивающих (реппелентов) и других средств;
      осуществлять руководство и контроль за проведением мероприятий по борьбе с кровососущими насекомыми и клещами.
     Заместитель Премьер-Министра
        Республики Казахстан


Халықты адамға қауiптi қан сорғыш жәндiктер мен кенеден қорғау жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 2 шiлде N 840

      Республикада безгек, герморрагиялық қызба, туляремия, лейшманиоз, көктемгi-жазғы кене энцефалитi және басқа да ауыр жұқпалы ауруларды таратушы болып табылатын қан сорғыш жәндiктер мен кененiң жаппай таралуы салдарынан қолайсыз жағдай қалыптасып отыр.
      Халықты гнустан және басқа адамға қауiптi жәндiктер мен кенеден қорғау жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының ауыл шаурашылығы министрлiгi Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi, Су ресурстары жөнiндегi комитетi, Орман шаруашылығы комитетi, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары, меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындар мен ұйымдардың басышлары:
      гнуспен және басқа адамға қауiптi жәндiктер мен кенеге қарсы күрес жөнiндегi профилактикалық және құтқару-жою iс-шараларын ұйымдастыру бойынша кезек күттiрмейтiн шараларды қабылдасын;
      көрсетiлген шараларды өткiзу үшiн қажеттi қаржыларды, көлiк пен жұмыс күшiн бөлудiң мүмкiндiгiн iздестiрсiн.
      2. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлiгi, Су ресурстары жөнiндегi комитетi аумақтық батпақтануы мен гнус ошақтарының пайда болуының алдын алу, суландыру каналдарын тазарту және жөндеу, күрiш себетiн жүйелердi, су қоймалары мен басқа да гидротехникалық ғимараттарды дұрыс пайдалану жөнiндегi шараларды жыл сайын жүзеге асырсын, барлық суландырылған аудандарда су пайдаланудың тиiстi тәртiбiн орнатсын.
      3. Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығы комитетi ормандық-техникалық шараларды өткiзудi, орман алқаптарын құнарландыруды, тоған шаруашылығы су айдындарының батпақтануына жол бермеу үшiн гидротехникалық шараларды жүргiзуге қаражат қарастыруды және бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi қызмет көрсететiн аумақтарында батпақтануды, гнустың өсiп-өнетiн ошақтарын жою жөнiнде шараларды қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi елдi мекендердi, өнеркәсiп кәсiпорындарын, гидротехникалық ғимараттарды қайта жаңарту және құрылысын салу жобаларын әзiрлеген кезде гнустың жаппай өсiп-өнуiне жағдай туғызатын шалшықтар мен батпақтардың пайда болуының алдын алуға бағытталған шараларды қарастырсын.
      6. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi қала шетiндегi ормандар мен су айдындары маңындағы халықтың жаппай дем алатын орындарын құнарландыруды қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi гнуспен және басқа адамға және малға қауiптi басқа да жәндiктер мен кенеге қарсы күрес жөнiндегi ғылыми-әдiстемелiк басшылық пен профилактикалық шараларды ұйымдастыруды күшейтсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi:
      су көздерiнiң санитарлық жағдайына, суландыру торабының, ашық су қоймаларының, тұрғын үйлер мен өндiрiстiк ғимараттар төлелерiнiң дұрыс пайдалануына қадағалауды күшейтсiн;
      адамға қауiптi қан сорғыш жәндiктер мен кенеге қарсы күрес жөнiндегi шараларды өткiзумен байланысты шығыстарды жұқпалы ауруларға қарсы шараларды жүргiзуге арналған денсаулық сақтау бойынша бюджетте көзделген қаржыландыру шегiнде жүзеге асырсын;
      "Фармация" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп халыққа жәндiктердi

қашырып-үркiтетiн (реппеленттер) және басқа да заттардың кеңiнен
сатылуын қамтамасыз етсiн;
     гнустармен және басқа қан сорғыш жәндiктер мен кенеге қарсы
күрес жөнiндегi шаралардың өткiзiлуiне басшылық пен бақылауды жүзеге
асырсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
          орынбасары