О реорганизации государственного акционерного общества "Экибастузкомир"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июля 1996 г. N 855. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 6 сентября 1996 г. N 1090. ~P961090

      В соответствии с Программой приватизации и реструктуризации государственной собственности в Республике Казахстан на 1996-1998 годы Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Государственному комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом в установленном законодательством порядке осуществить мероприятия по реорганизации государственного акционерного общества "Экибастузкомир" путем выделения из его состава структурных подразделений согласно приложению 1 и создания на их базе самостоятельных государственных предприятий с правами юридического лица.
      2. В соответствии с Программой поэтапной передачи объектов социальной сферы юридических лиц местным исполнительным органам, утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 4 июля 1996 г. N 844. Государственному комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом совместно с акимом Павлодарской области решить вопрос о передаче местным исполнительным органам объектов социальной сферы государственного акционерного общества "Экибастузкомир" согласно приложению 2.
      3. Государственному комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом совместно с Министерством энергетики и угольной промышленности Республики Казахстан определить объемы инвестиций, необходимые для финансово-экономического оздоровления предприятий, образуемых в результате выделения структурных подразделений государственного акционерного общества "Экибастузкомир".
      4. Государственному комитету Республики Казахстан по управлению государственным имуществом передать Государственному комитету Республики Казахстан по приватизации по акту приема-передачи имущественные комплексы предприятий, образуемых в результате выделения структурных подразделений государственного акционерного общества "Экибастузкомир", для их продажи.
      5. Государственному комитету Республики Казахстан по приватизации реализовать указанные имущественные комплексы на открытых тендерах.
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министра энергетики и угольной промышленности Республики Казахстан Храпунова В.В.
     Заместитель Премьер-Министра
     Республики Казахстан


                                            Приложение 1

к постановлению Правительства Республики Казахстан от 8 июля 1996 г. N 855


                           П Е Р Е Ч Е Н Ь

          структурных подразделений, выделяемых из состава
      государственного акционерного общества "Экибастузкомир"

     Разрезы:
     "Богатырь"
     "Восточный"
     "Северный"
     "Степной"
     "Майкубенский"



                                            Приложение 2

к постановлению Правительства Республики Казахстан от 8 июля 1996 г. N 855


                           П Е Р Е Ч Е Н Ь

       объектов социальной сферы, передаваемых в коммунальную
            собственность местным исполнительным органам

     Спортивно-оздоровительный комплекс "Горняк"
     Управление газового хозяйства
     Управление жилищно-коммунального хозяйства

      
      


"Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 8 шiлде N 855. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.09.06. N 1090 қаулысымен.

      1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру және қайта құрылымдау бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1-қосымшаға сәйкес "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының құрамынан құрылымдық бөлiмшелердi бөлiп шығару және олардың базасында заңды тұлға құқығымен дербес мемлекеттiк кәсiпорындар құру жолымен оны қайта ұйымдастыру жөнiндегi шараларды заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырсын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 шiлдедегi N 844 P960844_ қаулысымен бекiтiлген заңды тұлғалардың әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдарға кезең-кезеңмен беру бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Павлодар облысының әкiмiмен бiрлесiп 2-қосымшаға сәйкес "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының әлеуметтiк сала объектiлерiн жергiлiктi атқарушы органдарға беру туралы мәселенi шешетiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесiп "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының құрылымдық бөлiмшелерiн бөлiп шығарудың нәтижесiнде пайда болған кәсiпорындарды қаржы-экономикалық сауықтыру үшiн қажеттi инвесторлардың көлемiн айқындасын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының құрылымдық бөлiмшелерiн бөлiп шығарудың нәтижесiнде пайда болған кәсiпорындардың мүлiктiк кешендерiн қабылдап алу өткiзу актiсi бойынша оларды сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк

комитетi көрсетiлген мүлiктiк кешендердi ашық тендерлерде сатуды
жүзеге асырсын.
     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрi В.В.Храпуновқа жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
           орынбасары


                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 8 шiлдедегi
                                          N 855 қаулысына
                                             1 қосымша

         "Екiбастұзкөмiр" мемлекеттiк акционерлiк қоғамының
            құрамынан бөлiнетiн құрылымдық бөлiмшелердiң
                               ТIЗБЕСI

     "Богатырь"
     "Восточный"
     "Северный"
     "Степной"
     "Майкөбең"
     кенiштерi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 8 шiлдедегi
                                          N 855 қаулысына
                                             2 қосымша

            Жергiлiктi атқарушы органдардың коммуналдық
        меншiгiне берiлетiн әлеуметтiк сала объектiлерiнiң
                               ТIЗБЕСI

     "Горняк" спорттық-сауықтыру кешенi
     газ шаруашылығы басқармасы
     Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы