"Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетi туралы" Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 23 мамырдағы N 2996
U962996_
Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 20, 172-құжат)
орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
1. Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетiнiң негiзгi
мiндеттерi мыналар болып айқындалсын:
Евразиялық бiлiм және мәдени кеңестiгiнiң интеграциялық
әлеуетiн жүзеге асыру, бiлiм және ғылыми бағдарламалар,
оқу-әдiстемелiк әдебиеттер әзiрлеу жолымен Евразия Одағы идеясын
өмiрге енгiзу;
қазақ орыс және шетел тiлдерiнде, оның iшiнде Қазақстан
Республикасы азаматтарының оқуға түсу және оқуы шарттарында Евразия
елдерiнiң өкiлдерiнен жоғары кәсiби және парасат деңгейiндегi
мамандар мен ғылыми қызметкерлер даярлау;
Евразияны мекендеген халықтардың мәдени мұрасы мен тарихын,
Евразия аймағының экологиялық, демографиялық, әлеуметтiк, экономикалық
және ғылыми-техникалық даму проблемаларын зерделеу мен оқыту;
оқу және ғылыми процестерде жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану, телекоммуникациялардың бiрыңғай жүйедегi интеграциясы;
көкейкестi бiлiм беру және ғылыми проблемаларды халықаралық,
мемлекеттiк және аймақтық деңгейлерде кезең-кезеңмен шешу.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне:
Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетiнiң құрылымын,
мамандықтар тiзбесiн, профессор-оқытушылар құрамының штаттық санын
айқындасын және белгiленген тәртiппен оның құрамын бекiтсiн;
1997 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетiнiң
құрамында Евразиялық проблемаларды зерделеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу
орталығын құрсын.
3. Бiлiм министрлiгi, Ақмола облысының әкiмi, Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Экономика министрлiгiнiң,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiнiң келiсiмiмен Л.Н.Гумилев атындағы Евразия
университетiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету, студенттерге,
профессор-оқытушылар құрамына, шақырылатын шетел ғалымдары мен
мамандарына қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасау жөнiндегi
шарттар жоспарын әзiрлеп, оны 1996 жылдың 1 қарашасына дейiн
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi