Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1996 жылғы 23 мамыр N 2996

      Қазақстан Республикасының ұдайы кеңейiп келе жатқан халықаралық байланыстарын, оның әлемдiк интеграциялық процестерге, Евразия одағы идеяларын жүзеге асыруға белсене қатысуын ескере отырып ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Ақмола университетi Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетi болып қайта құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлық күшiне енген күннен бастап бiр ай мерзiмде Л.Н.Гумилев атындағы Евразия университетiнiң негiзгi мiндеттерiн, мамандықтар тiзбесiн, құрылымы мен профессор-оқытушылар құрамының штат санын айқындасын және белгiленген тәртiппен оның Жарғысын бекiтсiн, сондай-ақ университеттi қаржыландыру, материалдық-техникалық қамсыздандыру және студенттер мен профессор оқытушылар құрамы үшiн қажеттi әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайлар жасау мәселелерiн шешсiн.
      3. Осы Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
              Президентi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады