Тұрғын үй саласын кредиттеудi қамтамасыз ету мақсатында
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазақтың
"Астана-Холдинг" холдинг компаниясының республикалық бюджетке қосылған
құнға салынатын салық бойынша 68 (алпыс сегiз) млн. теңге берешегiн,
аталған компанияның күрделi құрылыс объектiлерiн Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы банкiне құрылыс пен
тұрғын үй сатып алуды жеңiлдiкпен ұзақ мерзiмдi кредиттеуге
арналған республикалық бюджеттен алынатын қаражат есебiне беру
жолымен есептеме жасау туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақтың
"Астана-Холдинг" холдинг компаниясының республикалық бюджетке қосылған
құнға салынатын салық бойынша 68 (алпыс сегiз) млн. теңге берешегiн
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тұрғын үй құрылысы банкiне
аталған мақсатқа арнап республикалық бюджетте көзделген қаражат
есебiне есептеме жасасын.
3. Аталған есептеме 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң
кiрiс және шығыс бөлiмдерiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi