Облыстардың бюджетке кiрiстерi бойынша жоспарының орындалмауына
байланысты және облыс әкiмдерiнiң республикалық бюджеттен Қазақстан
Республикасының Зейнетақы қорына берешегiн өтеуге арналған қысқа
мерзiмдi бюджеттiк несиенi өтеу мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiштерiн
ескере келiп, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Бюджеттiк ұйымдардың Зейнетақы қорына берешегiн өтеу жөнiндегi
шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 22
мамырдағы N 627 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақтың төртiншi абзацындағы "15 қыркүйек" деген сөздер "1
желтоқсан" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi