О структуре центрального аппарата Государственного аттестационного комитета Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 1996 г. N 1651. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 22 апреля 1997 г. N 632 ~P970632.

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Утвердить структуру центрального аппарата Государственного аттестационного комитета Республики Казахстан согласно приложению, исходя из предельной численности работников этого аппарата в количестве 43 единиц.
      2. Разрешить Государственному аттестационному комитету Республики Казахстан иметь 1 заместителя Председателя, а также коллегию в количестве 9 человек.
      3. Установить для центрального аппарата Государственного

аттестационного комитета Республики Казахстан лимит служебных легковых
автомобилей в количестве 2 единиц.
     4. Признать утратившим силу постановление Правительства
Республики Казахстан от 19 декабря 1995 г. N 1813 "О структуре
центрального аппарата Государственного аттестационного комитета
Республики Казахстан".

     Первый заместитель
      Премьер-Министра
    Республики Казахстан
                                              Приложение
                                    к постановлению Правительства
                                         Республики казахстан
                                     от 27 декабря 1996 г. N 1651

                              Структура
                центрального аппарата Государственного
            аттестационного комитета Республики Казахстан

     Руководство

     Отдел физико-математических, технических наук,
     наук о Земле и космосе

     Отдел химических, биологических, медицинских и
     сельскохозяйственных наук

     Отдел гуманитарных наук

     Отдел экспертизы, инспекции и анализа

     Отдел информационных технологий и оформления документов

     Отдел административного управления
      
      


Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 27 желтоқсан N 1651. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.22. N 632 қаулысымен. ~P970632

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 43 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық

комитетiне төрағаның 1 орынбасарын, сондай-ақ саны 9 адамдық алқа
ұстауына рұқсат етiлсiн.
     3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық
комитетiнiң орталық аппараты үшiн 2 қызметтiк жеңiл автомобиль
лимитi белгiленсiн.
     4. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық
комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1813 қаулысының күшi
жойылды деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары

                                    Қазақстан Республикасы
                                          Үкiметiнiң
                                    1996 жылғы 27 желтоқсандағы
                                      N 1651 қаулысына
                                          қосымша

          Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық
               комитетi орталық аппаратының құрылымы

     Басшылық
     Физика-математика, техникалық ғылымдар, Жер және ғарыш
     туралы ғылымдар бөлiмi
     Химия, биология, медицина, ауыл шаруашылығы ғылымдары бөлiмi
     Гуманитарлық ғылымдар бөлiмi
     Сараптама, инспекция және талдау бөлiмi
     Ақпараттық технологиялар және құжаттарды ресiмдеу бөлiмi
     Әкiмшiлiк басқару бөлiмi