"Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Тайпақ аудандарын
тарату, Чапаев ауданын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 1997 жылғы 7 мамырдағы N 3489 Жарлығына және
"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"
Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 23-24, 507-құжат) 9-бабына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Таратылған Ақжайық ауданының аумағы қосылып Теректi ауданының;
Таратылған Тайпақ ауданының аумағы қосылып Ақжайық ауданының
(қайта аталған Чапаев ауданының) шекаралары өзгертiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi