О проведении зачета взаимных долгов с целью обеспечения сельскохозяйственных товаропроизводителей республики тракторами на условиях лизинга

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июня 1997 г. N 938

      В целях обеспечения сельскохозяйственных товаропроизводителей республики на условиях лизинга тракторами, производимыми акционерным обществом "Павлодартрактор", Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Министерству финансов Республики Казахстан произвести погашение задолженности перед республиканским бюджетом разреза "Богатырь" по налогу на добавленную стоимость и подоходному налогу с юридических лиц на сумму 135 (сто тридцать пять) млн. тенге;
      зачесть указанную сумму в счет финансирования Государственного фонда финансовой поддержки сельского хозяйства для организации мер по поставке тракторов акционерным обществом "Павлодартрактор" сельскохозяйственным товаропроизводителям республики на условиях лизинга.
      Зачет задолженности произвести с отражением указанной суммы в доходной и расходной частях республиканского бюджета на 1997 год.
      2. Министерству сельского хозяйства Республики Казахстан совместно с акционерным обществом "Павлодартрактор", разрезом "Богатырь" и лизингодателями обеспечить представление актов сверки взаимных долгов для проведения зачета.
     Премьер-Министр
   Республики Казахстан


Республика ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн лизинг шартында трактормен қамтамасыз ету мақсатында өзара борыштарға есептеу жүргiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 9 маусымдағы N 938

      Республика ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiн лизинг шартында "Павлодар" акционерлiк қоғамының шығарған тракторларымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Богатырь" кенiшiнiң республикалық бюджет алдындағы заңды тұлғалардан қосылған құнға салынатын салық және табыс салығы бойынша 135 (жүз отыз бес) млн. теңге берешегiне өтеу жүргiзсiн;
      аталған сома республика ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң лизинг шартында "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамының трактор беру жөнiндегi шараларды ұйымдастыру үшiн Мемлекеттiк ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорын қаржыландыру есебiне есептесiн.
      Берешектi есептеу аталған сома 1997 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамымен, "Богатырь" кенiшiмен және лизинг берушiлермен бiрлесiп есеп жүргiзу үшiн өзара берешектердi салыстыру актiлерiн ұсынуды қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi