Об утверждении Положения о Департаменте методологии бухгалтерского учета и аудита Министерства финансов Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 июня 1997 г. N 1026. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 29 июня 1999 г. N 878 ~P990878.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.06.1999 № 878.

      На основании Указа Президента Республики Казахстан от 4 марта 1997 г. N 3377 "Об очередных мерах по реформированию системы государственных органов Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., N 10, ст. 69) Правительство Республики Казахстан постановляет:

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 18.12.1997 № 1777.

      2. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 27 февраля 1997 г. N 274 "Об утверждении Положения о лицензировании аудиторской деятельности и квалификационных требований" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., N 9, ст.65) следующее изменение:

      в Положении о лицензировании аудиторской деятельности и квалификационных требованиях к лицензированию аудиторской деятельности, утвержденных указанным постановлением:

      в тексте слова "Национальной комиссией Республики Казахстан по бухгалтерскому учету (далее-НКБУ)", "НКБУ" заменить словами "Департаментом методологии бухгалтерского учета и аудита Министерства финансов Республики Казахстан (далее-Департамент)", "Департамент", "Департаментом", "Департамента", "Департаментом" "Департаментом".

      Премьер-Министр

      Республики Казахстан

  Утверждено
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 27 июня 1997 г. N 1026

ПОЛОЖЕНИЕ
о Департаменте методологии бухгалтерского учета
и аудита Министерства финансов Республики Казахстан
(Департамента бухучета и аудита Минфина)

      Сноска. Положение утратило силу постановлением Правительства РК от 18.12.1997 № 1777.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлiк есеп және аудит методологиясы департаментi туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 26 маусым N 1026. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.29. N 878 қаулысымен. ~P990878

      "Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының жүйесiн реформалау жөнiндегi кезектi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылға 4 наурыздағы N 3377 U973377_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 10, 69-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1997.12.18. N 1777
               қаулысымен P971777_ .
      2. "Аудиторлық қызметтi лицензиялау туралы ереже мен бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 ақпандағы N 274 қаулысына P970274_ (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 9, 65-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      Аталған қаулымен бекiтiлген Аудиторлық қызметтi лицензиялау

 

туралы ережеде және аудиторлық қызметтi лицензиялауға бiлiктiлiк

талаптарына;

     мәтiндегi "Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi

ұлттық комиссиясы (бұдан әрi - БЕҰК)", "БЕҰК" деген сөздер "Қазақстан

Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлiк есеп және аудит

методологиясы департаментi (бұдан әрi - Департамент)", "Департамент",

"Департаментiне", "Департаментте", "Департаменттiң", "Департамент"

деген сөздермен ауыстырылсын.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                              Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 26 маусымдағы

                                          N 1026 қаулысымен

                                              бекiтiлген


       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлiк

             есеп және аудит методологиясы департаментi

         (Қаржыминiнiң бухесеп және аудит департаментi) туралы

                                  ЕРЕЖЕ



 
       Осы Ереже Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлiк есеп және аудит методологиясы департаментiнiң (бұдан әрi - Департамент) қызметiнiң құқықтық негiздерiн, оны ұйымдастыру принциптерiн, оның жүйесi мен өкiлеттiктерiн айқындайды.
 
      I. Жалпы ережелер
 
      1. Департамент Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң құрамына кiретiн, заңды тұлға мәртебесi бар, Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейтiн, есептiң негiзгi принциптерi мен жалпы ережелерiн, iшкi бақылау мен сыртқы аудит талаптарын белгiлейтiн мемлекеттiк орган болып табылады.
      2. Департамент өзiнiң құрылымына кiретiн облыстардағы басқармалармен бiрге Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлiк есеп пен аудиттi реттеудiң бiрыңғай жүйесiн құрайды.
 
      II. Департаменттiң құқықтық негiздерi
 
      3. Департамент өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық және өзге де актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      4. Департаменттiң бухгалтерлiк есеп және аудит саласында қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлерi заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын, Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын барлық заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген резидент еместердiң филиалдары мен өкiлдiктерiнiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
 
      III. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi
 
      5. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      республикада бухгалтерлiк есептi дамыту және оны бухгалтерлiк есептiң халықаралық жүйесiмен кiрiктiру;
      бухгалтерлiк есеп пен аудиттiң, қаржылық есептiлiктiң және оның экономиканың барлық саласы үшiн үйлестiрiлуiнiң методологиясын айқындау;
      экономиканың барлық саласы ұйымдарының бухгалтерлiк есебiнен жай-күйiне зерттеулер, талдау және бақылау жүргiзу;
      бухгалтерлiк есеп және аудит саласында заңдарды қолдану практикасын талдау мен қорыту, оларды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысу;
      бухгалтерлiк есеп пен аудит мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi қамтамасыз ету және қабылдау;
      бухгалтерлiк есеп пен аудит жөнiндегi заң және нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;
      аудиторлық қызметтi лицензиялау;
      республикада кәсiби бухгалтерлердi сертификаттау (аттестациялау);
      өз құзыретiнiң шегiнде халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге, бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында халықаралық ұйымдардың өзара iс-қимылы мен ынтымақтастығын ұйымдастыруға қатысу;
      өз қызметiн жақсарту жөнiнде белгiленген тәртiппен ұсыныстар енгiзу;
      заңдармен өзiне жүктелген өзге функцияларды жүзеге асыру.
 
      IV. Функциялары
 
      6. Алға қойылған мiндеттерге сәйкес Департамент:
      Қазақстан Республикасы экономикасының барлық салалары үшiн бухгалтерлiк есеп пен аудиттiң методологиясын әзiрлейдi;
      бухгалтерлiк есеп пен аудиттiң стандарттарын, қаржы шаруашылық қызметтi бухгалтерлiк есепке алу есептерінiң жоспарын, қаржылық есептiлiк форматтарын бухгалтерлiк есептiң халықаралық стандарттарына сәйкес бекiтедi, өзгертедi және жояды;

 

     Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен

аудиторлық қызметтi лицензиялайды;

     кәсiби бухгалтердiң сертификатын бередi;

     бухгалтерлердiң кәсiптiк қызметiнiң жаңа түрлерiн, сондай-ақ

осындай қызметтiң ережелерi мен стандарттарын айқындайды;

     өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiнiктемелер бередi;

     белгiленген тәртiппен баспа басылымдарын құрады;

     бухгалтерлiк есеп пен аудит қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн

арттыруды ұйымдастырады.


     V. Құқықтары


     7. Департаменттiң:


 
       бухгалтерлiк есеп және қаржылық есептiлiк, аудит саласында нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға олардың орындауы мiндеттi нұсқаулар беруге;
      өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк кәсiпорындарды және өзге де ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтайшысы болуға, олардың жарғыларын бекiтуге, кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болуға, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға, олардың басшыларын тағайындауға;
      мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан белгiленген тәртiппен ақпарат сұратуға және алуға;
      Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен аудит мәселелерi жөнiндегi заңдарына қайшы келетiн нормативтiк актiлердiң күшiн тоқтата тұру немесе оларды жою туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне, орталық атқарушы органдарға ұсыныстар енгiзуге;
      заңдарда белгiленген тәртiппен аудиторлық қызметтi лицензиялауды жүзеге асыруға;
      бухгалтерлiк есеп стандарттарын қараудың объективтiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында министрлiктер мен ведомстволардың, ұйымдардың мамандарынан, ғалымдардан Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi сараптама кеңесiн құруға;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес басқа өкiлеттiктердi пайдалануға құқығы бар.
 
      VI. Жұмысты ұйымдастыру
 
      8. Департаменттi Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады.
      9. Департамент директорының Департамент директорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
      10. Департамент директоры Департаментке басшылық жасайды және департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауап бередi.
      Осы мақсатта Департамент Директоры:
      өз орынбасарының және Департаменттiң құрылымдық бөлiмше басшыларының, сондай-ақ облыстық басқарма басшыларының мiндеттерi мен жауаптылық дәрежесiн белгiлейдi;
      өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Департаменттi бiлдiредi;
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен аудит мәселелерi жөнiндегi мүддесiн халықаралық деңгейде бiлдiредi, бухгалтерлiк есеп пен аудит бойынша конференциялар ұйымдастырады және оларға қатысады;
      Департаменттiң бухгалтерлiк есеп мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер, анықтамалық-әдiстемелiк және ақпараттық материалдар шығаруына басшылық жасайды;
      бухгалтерлiк есеп пен аудит жөнiндегi заң және нормативтiк құқықтық актiлердiң енгiзiлуiне және орындалуына бақылауды ұйымдастырады;
      көмек көрсету және консультациялар беру үшiн бухгалтерлiк есеп пен аудит саласындағы мамандарды тартады;
      аудиторлық қызметтi лицензиялау бойынша басшылықты жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiткен лауазымдар номенклатурасына сәйкес Департамент қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар, өкiмдер шығарады;
      Департаменттiң құрылымдық бөлiмшелерi және оның облыстық басқармалары туралы ережелердi бекiтедi;
      өз құзыретiне кiретiн басқа мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      11. Департаментте оның мамандарынан бухгалтерлiк есеп пен аудит мәселелер жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi қарайтын және бекiтетiн Кеңес құрылады. Кеңестiң құрамын Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтедi.
      12. Департамент заңды тұлға болып табылады, оның банктерде шоттары бланкiлерi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген қазақ және орыс тiлдерiнде өз атауы жазылған мөрi болады.
      13. Департаменттiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтедi. Департаменттiң және оның аумақтық органдарының аппараттарын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiн ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
      14. Департаменттi тарату және қайта ұйымдастыру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.