1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлiк
есеп пен аудит әдiстемесi департаментi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн. 2. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi сарапшылық кеңес туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1758 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлiк есеп пен аудит методологиясы департаментi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 27 маусымдағы N 1026 P971026_ қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 259-құжат). Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 желтоқсандағы N 1777 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлiк есеп пен аудит әдiстемесi департаментi (Қаржыминiнiң Бухесеп пен аудит департаментi) туралы ЕРЕЖЕ МИССИЯСЫ Бухгалтерлiк есеп пен аудит саласындағы мемлекеттiк стратегияның мiндеттерiн iске асыру. I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бухгалтерлiк есеп пен аудит әдiстемесi департаментi (бұдан әрi - Департамент) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң құрамына кiретiн, заңды тұлға мәртебесi бар, Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру жүйесiн реттейтiн, есеп жүргiзудiң негiзгi принциптерi мен жалпы ережелерiн, iшкi бақылау мен сыртқы аудит жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн мемлекеттiк орган болып табылады.
2. Департамент облыстар бойынша оның құрылымына енетiн басқармаларымен бiрге Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен аудиттi реттеудiң бiртұтас жүйесiн құрайды.
3. Департаменттi және оның аумақтық органдарын қаржылық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету Қаржы министрлiгi аппаратының Инспекторлық-ұйымдастыру жұмысы департаментi арқылы республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiн ұстау үшiн көзделген шығыстар шегiнде жүзеге асырылады.
4. Департамент өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметi мен Премьер-Министрiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
5. Департаменттiң бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында қабылданған нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын, заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын барлық заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген резидент еместердiң филиалдары мен өкiлдiктерiнiң орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
6. Департаменттiң құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Қаржы министрi, ал облыстар бойынша басқармаларының құрылымы мен штат санын осы органдардың басшылары өздерi белгiлеген штат саны мен еңбек ақы төлеу қорының шегiнде айқындайды.
II. ДЕПАРТАМЕНТ ҚЫЗМЕТIНIҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ
7. Департамент қызметiнiң негiзгi басымдықтары мыналар болып табылады:
республикада бухгалтерлiк есеп пен аудиттi дамыту және оларды халықаралық есеп жүйесiмен кiрiктiру;
бухгалтерлiк есеп пен аудиттi дамытудың және олардың
әдiстемесiнiң экономиканың барлық салаларына арналған қаржылық есептiлiктiң тұжырымдамалық мәселелерiн белгiлеу; бухгалтерлiк есеп пен аудит жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуын бақылау жүйесiн әзiрлеу; бухгалтерлiк есеп пен аудит мамандарының бiлiктiлiк деңгейiн арттыру мақсатында кәсiби бухгалтерлер институтының құрылуын ынталандыру; бухгалтерлiк қызмет көрсетулер мен аудиттiң қол жетерлiк өркениеттi рыногын қалыптастыруға жағдай жасау. III. НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI, ФУНКЦИЯЛАРЫ МЕН ҚҰҚЫҚТАРЫ Мiндеттерi 8. Департаменттiң өз қызметiнiң саласындағы негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: жалпыұлттық мемлекеттiк даму стратегиясын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу;
бухгалтерлiк есеп пен аудит саласындағы заң жобасы жұмыстары, бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында заңдарды қолдану тәжiрибесiн қорытындылау, оның жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
бухгалтерлiк есеп пен аудит мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi қамтамасыз ету және қабылдау;
бухгалтерлiк есеп пен аудиттi дамыту және жетiлдiру;
экономика салаларының ұйымдары үшiн бухгалтерлiк есеп пен аудиттiң жай-күйiн зерттеу, талдау мен бақылау жүргiзу;
заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысу, оларды Үкiметтiң қарауына енгiзу;
аудиторлық қызметтi лицензиялау;
республикада кәсiби бухгалтерлердi сертификаттау (аттестациялау).
Функциялары
9. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Департамент:
Қазақстан Республикасы экономикасының барлық саласы үшiн бухгалтерлiк есеп пен аудиттiң әдiстемесiн әзірлейдi;
бухгалтерлiк есептiң стандарттарына сәйкес бухгалтерлiк есеп пен аудиттiң стандарттарын, қаржы-шаруашылық қызметтi бухгалтерлiк есепке алу шоттарының қаржылық есептiлiк форматтарын бекiтедi, өзгертедi және алып тастайды;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен аудиторлық қызметтi лицензиялауды жүзеге асырады;
кәсiби бухгалтер сертификатын бередi;
бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсiби қызметiнiң жаңа түрлерiн, сондай-ақ олардың қызметiнiң ережелерiн белгiлейдi;
сараптық, ғылыми-зерттеу жұмыстарын және консультацияларды жүзеге асыру үшiн осы мақсаттарда бюджеттiк және бюджеттен тыс қаражатты пайдалана отырып, мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, оның iшiнде шетелдiк ұйымдардың мамандары мен сарапшыларын тарта алады;
бухгалтерлiк есеп пен аудит жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң орындалуына бақылау жасайды;
өз құзыретiне жататын мәселелер бойынша түсiнiктемелер бередi;
бухгалтерлiк есеп пен аудит қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;
өз құзыретiнiң шегiнде халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын әзiрлеуге қатысады, бухгалтерлiк есеп пен аудит саласында халықаралық ұйымдармен өзара бiрлескен iс-қимыл жасайды және ынтымақтастықта болады;
өзiне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Құқықтары
10. Өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруда және мiндеттердi орындау барысында Департаменттiң:
бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк, аудит саласында заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың бухгалтерлiк есеп пен аудиттi жүргiзуiн бақылауға және қолданылып жүрген заңдарға көзделген шараларды қабылдауға;
өзiнiң құзыретi шеңберiнде мемлекеттiк кәсiпорындарды және өзге де ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кәсiпорындардың құрылтайшысы болуға, олардың жарғыларын бекiтуге, кәсiпорынды мемлекеттiк басқарушы орган болуға, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға, олардың басшыларын тағайындауға;
мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан заңдарда белгiленген тәртiппен ақпараттар сұратуға және алуға;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне, орталық атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен аудит мәселелерi жөнiндегi заңдарына қайшы келетiн нормативтiк актiлердiң қолданылуын тоқтата тұру немесе күшiн жою туралы ұсыныстар енгiзуге;
заңдарда белгiленген тәртiппен аудиторлық қызметтi лицензиялауды жүзеге асыруға;
аудиторлық қызметтi лицензиялау мәселелерi бойынша түсiнiктемелер беруге;
бухгалтерлiк есеп стандарттарын қараудың объективтiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында министрлiктер мен ведомстволардың, ұйымдардың мамандарынан және ғалымдардан тұратын Бухгалтерлiк есеп пен аудит жөнiндегi сараптық кеңес құруға;
Үкiметтiң тапсырмасы бойынша бухгалтерлiк есеп пен аудит жөнiндегi халықаралық кәсiби ұйымдардың жұмысына қатысуға және оларға мүше болуға;
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес басқа да құқықтарды пайдалануға құқығы бар.
IV. ДЕПАРТАМЕНТТIҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ
11. Департаменттi Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады.
12. Департамент директорының Департамент директорының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
Департамент директорының орынбасары Департаменттiң директоры болмаған кезде оның орнында қалады, Департаменттiң қызметiн үйлестiредi және өзiне Директор жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.
13. Департамент директоры Департаменттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап бередi.
Осы мақсатта Департамент директоры:
өз орынбасарының және Департаменттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының, сондай-ақ Департаменттiң облыстық басқармалары басшыларының мiндеттерi мен жауаптылық дәрежесiн белгiлейдi;
өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдарда Департаменттi бiлдiредi;
белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен аудит мәселелерi жөнiндегi мүдделерiн халықаралық деңгейде бiлдiредi, бухгалтерлiк есеп пен аудит бойынша конференциялар ұйымдастырады және оларға қатысады;
Департаменттiң бухгалтерлiк есеп пен аудит мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi, анықтамалық-әдiстемелiк және ақпараттық материалдарды басып шығаруға басшылық жасайды;
бухгалтерлiк есеп пен аудит жөнiндегi заңдық және нормативтiк құқықтық актiлердiң енгiзiлуiне және орындалуына бақылауды ұйымдастырады;
көмек көрсету және консультациялар беру үшiн бухгалтерлiк есеп пен аудит саласындағы мамандарды тартады;
аудиторлық қызметтi лицензиялау және кәсiби бухгалтердiң сертификатын беру жөнiндегi басшылықты жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен лауазымдар номенклатурасына сәйкес Департамент қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар, өкiмдер шығарады;
Департаменттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен оның облыстық басқармалары туралы ережелердi бекiтедi;
өз құзыретiне кiретiн басқа мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
14. Департаментте оның мамандары арасынан бухгалтерлiк есеп пен аудит мәселелерi жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi қарайтын және бекiтетiн Кеңес құрылады. Кеңестiң құрамын Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiтедi.
15. Департамент пен оның аумақтық органдары заңды тұлғалар болып табылады, олардың бланкiлерi және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрi болады.
Департаменттiң аумақтық органдарының банктерде тиiстi шоттары болады.
16. Департаменттi тарату және қайта ұйымдастыру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.