"Қазақстан Республикасындағы тауарлардың (жұмыстар, қызмет
көрсету) экспорты мен импортының тәртiбi туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 наурыздағы N 298
P960298_
қаулысына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық
орталығында ресей ядролық материалдарын пайдалану туралы 1995
жылғы 15 маусымдағы Ресей Федерациясының Атом энергиясы жөнiндегi
министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым
академиясымен және Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының жанындағы
Атом энергиясы жөнiндегi агенттiк арасындағы Келiсiмнiң негiзiнде
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Атом
энергиясы институтына бөлiнгiш изотоп уран-235 (СЭҚ ТН коды 2844
20 190/ бойынша 138205 грамм мөлшерiнде сәулеленген ядролық
материалдарды Ресей Федерациясына әкетуге рұқсат берсiн.
2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi
Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының Атом энергиясы
институтына белгiленген тәртiппен көрсетiлген мөлшердегi ядролық
материалдарды әкетуге лицензия берсiн.
3. Ядролық материалдарды әкетуге бақылау жасау Қазақстан
Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының жанындағы Атом
энергиясы жөнiндегi агенттiкке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi